Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
[ Скачать с сервера (1.32 Mb) ] | 2015-06-05, 8:18 PM |
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық теңсіздік. Квадраттық теңсіздікті шешу әдістері. Сабақтың мақсаты: Квадраттық теңсіздіктерді шеше білу дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың түрі: білімдерді жинақтау және жүйелеу. Әдіс тәсілдері: Сұрақ-жауап, постер құру және қорғау, «математикалық банкир» ойыны. Сабақтың көрнекілігі: интерективтік тақта, тақырыпқа сай слайдтар, плакаттар, маркерлер, үлестірме парақтар, стикерлер, бағалау парағы Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Қайырлы күн, құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгін бізде ашық сабақ. Бәрімізге шын-жүректен сәттілік тілеймін! Слайд 1. /анимация/ Балалар, сіздер де, бір-біріңізге тілек айтыңыздар. Сабақты игеріп кетулеріне белсенділікке, зерделікке оқушыларды дайындау. Бүгін біз сабақта «Квадраттық теңсіздік. Квадраттық теңсіздікті шешу әдістері.» тақырыбы бойынша «парабола» және «интервал» әдістерін жинақтап, жүйелейміз. Слайд 2. /сабақтың тақырыбы/ Балалар, осы тақырып бойынша, бүгін сабақта не істеуіміз керек? /оқушылар өз ойларын айтады/. Слайд 2. /2-ші слайдта анимация арқылы жасырынған сабақтың мақсаты шығады./ Оқушылардың білімдерін жан-жақты тексеру. Қазір интерактивті тақтада тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Сол сұрақтарға жауап бересіздер. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. /соңында оқушылардың ұпай санын хабарлау/. Сұрақ-жауап. /жеке жұмыс/ Слайд 3-19. Қандай теңсіздік квадрат теңсіздік деп аталады? Теңсіздіктің шешу әдістері нешеу және олар қалай аталады? «Парабола» әдісінің неше жағдайы, неше түрі бар? Квадрат теңсіздікті парабола әдісімен шығарудың мағынасы неде? Интервал әдісі неге негізделген? Парабола мен интервал әдістерінің қайсысы теңсіздіктерді шешу үшін тиімдірек? Теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешу үшін не қолданылады? Сурет арқылы берілген теңсіздіктің шешімін айт. Менің қолымда /немесе тақтада жапсырулы/ бір түсті стикерлер бар, стикерлердің екінші жағында «парабола» немесе «интервал» сөзі жазылған. Әр-кім бір-бірден стикерлерді таңдайды, кімдер «парабола» сөзі жазылған стикер болса, солар «парабола» тобын құрайды, «интервал» сөзі жазылған стикерді алұандар «интервал» тобын құрайды. Топпен жұмыс. /Әр топқа плакат, маркерлер беріледі. «Парабола» тобы «Парабола» әдісі, «Интервал» тобы «Интервал» әдісі тақырыптары бойынша түсінгендерін постерге түсіріп, тақтаға іліп қорғайды. Топта бір-бірін бағалайды./Слайд 20. Сергіту сәті. Слайд 21. Тақырып бойынша түсініктерін тексеру. «Математикалық банкир» ойыны. /Сынып 2 оқушыдан тұратын командаларға бөлінеді. Әрбір команда бір банк болып есептеледі (банктің төрағасы және оның орынбасары). Столда төңкерулі күйде тапсырмалар жазылған кішкене парақшалар жайылып жатады. Жазылған тапсырманың қиындық деңгейіне байланысты парақшалардың құны 50-ден 300 шартты бірлікке дейін бағаланады. Бұл мүмкін болатын салымдар, инвестициялар болып есептеледі. Әр банктың бастапқы капиталы – 500 шартты бірлік. Команда столда жатқан тапсырмаларды таңдап алып орындайды. Егер тапсырма дұрыс орындалса, банк өз капиталын онда көрсетілген шартты бірлікке толықтырады, егер қате орындаса, сонша бірлікке бар капиталы кемиді./ Слайд 22. Есептің құны 1 топқа берілген есептер 2 топқа берілген есептер 50 теңге х(2-х)>0 x(x+1)(x-7)≥0 100 теңге (x-8)/(11+x)<0 (x+7)/(3-x)<0 200 теңге -x^2-3x+4≤0 интервал әдісімен -x^2+3x-2≥0 интервал әдісімен 250 теңге x^2-3x+4>0 парабола әдісімен x^2+7x+10<0 парабола әдісімен Үй жұмысы. Бақылау жұмысына дайындық. §§15,16.. Слайд 23. Бағалау парағы. Бағалау критериі: Бағалау парағы. Бағалау критериі: «5»- 1170-1220 теңге «4»-790-1169 теңге «3»-560-789 теңге «2», немесе сынақтан өткен жоқ-560 теңгеден төмен Слайд 24-25. Рефлексия. Слайд 26. | |
Просмотров: 1014 | Загрузок: 34 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|