Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика |
2015-11-28, 6:25 AM | |
1»А»СЫНЫП Мұғалім:Досмагамбетова Ж.Ж ТАҚЫРЫБЫ: 6 САНЫ ЖӘНЕ ЦИФРЫ Мақсаты: Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру Тәрбиелік: тапқырлыққа баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: 6 саны цифрының үлгісі, оқулық, карточкалар, цифрлар,таңбалар. Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. 1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым. -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. 5 санын қосу және азайту туралы білімдерін «Баспалдақ» ойыны арқылы пысықтау. Ойынға екі оқушы қатысады. Кім баспалдақ үстіне жетеді, сол оқушы көк туымызды желбіретеді. ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ Жаңа сабақ: №1 6 санын қосу және азайтуды оқушыларды қатыстыра отырып түсіндіру Оқулықпен жұмыс: 62 беттегі №1 есеп 2. 3. 6 қандай сандардың қосындысы? Суреттер бойынша теңдіктер құрастыр. 5+ =6 4+ =6 3+ =6 +5=6 +4=6 6- =3 6- = 6- = 6- = 6- = №2 Нүктелерді дәптеріңе қайталап сал. Ү. Сергіту сәті Оң қолымда 5 саусақ, Сол қолымда 5 саусақ. 5-ке 5-ті қосқанда болып Қалды 10 саусақ. Қосымша тапсырма.»Кім жылдам»ойыны арқылы логикалық тапсырмалар орындау. «Шаршыны құрастыр!» танымдық ойыны 1. Қосылғыштардың компоненттерін атау 2. Азайғыштың компоненттерін атау 3. Қосуды немен тексереміз? 4. Кесіндіні немен өлшейміз? А) Тақтамен жұмыс. Сандарды салыстыру Ә) Дәптермен жұмыс. 6 санын бастырып жазу.. № 3. Сандардың көршіларін тап. 4 3 1 5 2 № 4 Фигураларды ата. ҮІ. Жаңа білімді бекіту. Жаңа сабақты бекітуде «Кімде қанша?» танымдық ойыны арқылы бекітеміз? Жұмбақ есептер шешу. Ауызша есептер. ҮІІ. Үйге тапсырма: №5 63 бет ҮІІІ. Бағалау: мадақтау | |
Просмотров: 998 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|