Жусупов Рамазан Әділбекұлы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогика факультеті, сызу және бейнелеу өнері кафедрасы, кәсіптік оқыту мамандығы, П-311 тобы. «Технология сабақтарында ағаштан дизайн элементтерін жасау әдістемесі» Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып табылады. Қазіргі күнде ата - бабамыз айналысқан қандай да бір ата кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған, қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр. «Егер мал таппақ болсаң қолөнерді үйренбек керек, мал жұтайды, өнер жұтамайды» деп Абай атамыз өлеңмен кеңес беріп кеткен.Мысалы үйшілер үйдің сүйегіне қанат кереге,уық,шаңырақ жасайтын,ырғаққа ұстап керекті қалыпқа түсірген сонымен қатар ежелгі шеберлер ағашты кептіру тәсілін өте қарапайым түрде пайдаланған. Бүгінгі күнде қолдан тақтай даярлап жатудың қажеті жоқ Ағашты өндеу оған ою - өрнек салу үшін дайын тақтай да жеткілікті. Дегенмен біз еңбек сабағында ағашпен жұмыс істеу үшін дайын тақтайды кесуді, тегістеуді, қашауды, ойып өрнек салуды үйренеміз. Сондай-ақ, технология сабақтарында ағаштан дизайн элементтерін жасау әдістемесімен таныстыру қажет. Дизайн туралы белгіліден белгісіздіктер өте көп. Дизайнер–практик қателіктер жасамау үшін, оған теориялық білім беру керек. Теориялық білімі жоқ адам әр қашанда қателеседі. Қандай болмасын ғылым практикада, әлеуметтік қажеттілікте туындайды. Практика, одан кейін теорияға ауысады. Өйткені ол адам іс- әрекеті. Барлық іс-әрекеттің теориясы болуы мүмкін, бірақ ол іс-әрекеттің деңгейіне байланысты болады. Сонымен біз, дизайн міндеттерін шешуде, дизайнерлік жобалау іс-әрекетін терең талдаудан өткізіп, қандай ғылыми және көркемдеу құралдарымен байланысты екенін білуіміз керек. Демек, суретші жобалаушы-дизайнердің мақсаты; адамдардың қоршаған ортасын тұрмыста, өндірісте алдын ала перспективалық жобада жасауды ұйымдастыру, заттың жобасын ғылыми негіздеу. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек.
|