Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология труда

«Технология сабақтарында былғарыны көркем өңдеу технологиясын оқып-үйрену»
2017-05-20, 8:29 AM
Қалиоллин Абай Ақылтайұлы, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, П -311 тобы
«Технология сабақтарында былғарыны көркем өңдеу технологиясын оқып-үйрену»
Қазақ халқының ертеден келе жатқан жақсы қасиеті - өз балаларын жас кезінен еңбекке баулу. Қыз баланы үй сыпыру, су экелу, сиыр сауу, өрмек тоқу, төсек жинау, ыдыс- аяқ жуу, шай құю, ас пісіру, іс тігу сияқты шаршылықтың алуан түріне үйретсе, ұл балаларды қозы-лақ қайыруға, құлын ұстауға, мал бағуға, тай үйретуге, ағаштан әр түрлі күбі, астау, келі- келсан, домбыра, кебеже, жүк-аяқ, ал теріден жүген, ноқта, ат әбзелдерін жасауға, ер шабуға, құс ұстауға, ат мінуге, отын жаруға, таудан ағаш әкелуге, тас қалауға т.б.үйреткен.Былғары мен үлбір өндірісінің міндеті халық тұтынатын бұйымдар дайындау үшін мал терілерінен былғары мен үлбір алу болып табылады. Былғары мен үлбір бұйымдарын тұтынатын халықтың қажеттілігі өскен сайын былғары мен үлбір өнеркәсіптерінен өнімнің көбеюін, былғары мен үлбірдің сапасы және сыртқы түрінің жақсаруын, сонымен қатар әрдайым ассортименттердің көбеюі мен жаңаруын талап етеді. Былғары мен үлбір өндірістерінің техникалық даму жағдайы мен еңбек тәжірибесі осы талаптарды орындауға мүмкіндік береді. Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі — оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі — теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады. Мал терілерін илеп, бояп, ең беру ертеден келе жатқан ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеуі қанып, бояуы сіңген былғары су тартып езілмейді. Одан жасалған мүлік шегені берік ұстайды, тігісі де ыдырамайды және өзі тұтынуға төзімді, әрі әдемі. Былғарының бірнеше түрі бар. Олар: көксауыр, опайке, былғары, құрым (хром), көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан т. б. Былғары өндірісі қалдықтарын өңдеу арқылы біріншіден, қалдықты мүмкіндігінше толық жоюға мүмкіндік береді, ал екіншіден осы өндірістің қалдықтарын пайдалы өнімге айналдыру мүмкіндігі туады. Бұл қалдықтар былғары өндірісі үшін де, оны тұтыну бағыттары үшін де арзан шикізат көзі болып табылады. Шеберлердің талғампаздығы мен дарындылығы, тудырған дүниесінің жасампаздығы мен жаңалығы жасаған өнімдерінің сұранысынан көрінетін.
Категория: Технология труда | Добавил: 1962
Просмотров: 966 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-11-26, 12:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru