Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология труда |
2018-01-02, 8:19 PM | |
ШҚО «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат» КММ Мадвасов Мурат Айткаримович Сабақтың тақырыбы: «Көрсеткіш таяқшасын (указка) былғарымен өріп қаптау» Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Сәндік қолданбалы мақсаттағы бұйымдар және олардың түрлері, өрімшілік өнері туралы түсінік беру; Дамытушылық мақсаты: Ағашты былғарымен өріп қаптау кезінде, балалардың икемділігін, көркемдік әдіс-тәсілдерді қолдана білуін қалыптастыру, ойлау, шығармашылық қабілетін, қолөнерді дамыту; Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды шеберлікке, ептілікке, кәсіпкерлікке, үнемділікке, талғампаздыққа, ата-бабамыздың салт-дәстүрін білуге, өнерін тануға тәрбиелеу; Коррекциялық мақсаты: Тіл байлығын арттыру, қол, саусақ, бұлшық еттерін шынықтыру, былғарыдан немесе жасанды былғарыдан өмірге қажетті бұйым жасауға дағдыландыру. Сабақтың түрі: түсіндіру, сарамандық сабақ. Сабақтың көрнекілігі: тақта, дайын көрсеткіш ағашы (указка), былғарыдан және жасанды былғарыдан өріліп жасалған бұйымдар, қамшы, торсық, балға, балта, сый кәделік қамшылар, слайд, суреттер, технологиялық нұсқау картасы. Құрал-жабдықтар: ағаш, сүргі, ара, зімпара қағазы, жасанды былғары, металл (алюминий) қайшы, темір кесетін қайшы, шеге, балға, киіз, шапқы, шекігіш аспаптар. Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, тарих, математика. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: кезекшінің рапорты, оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару. II. Үй тапсырмасын сұрау: сұрақ-жауап арқылы бұрыңғы алған білімдерін еске түсіру. - Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер? (ұсталық, зергерлік, ісмерлік) - Ұста деп кімді айтамыз? (« ағашты өңдеп темірді нанша илейтін адамды - ұста» дейді) - Ісмер – деп кімді айтамыз? («сырмақ сырып, киім тігіп, киіз басып, кілем тоқитын адамдарды - ісмер» дейміз) - Зергер – деп кімді айтамыз? ( «сақина, алқа, білезік, шолпы, шашбау сияқты ішекей бқйымдарды жасайтын адамдарды - зергер» дейміз) III. Негізгі бөлім: жаңа тақырыпты түсіндіру: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біздер осы күнге дейін өрімдердің сан-алуан түрлерін үйрендік. Ата-кәсібімізге байланысты халқымыз құрал-саймандарға жай ғана еңбек құралы деп емес, өнер туындысы ретінде де қараған. Ал, біздің бүгінгі сабақта жасайтынымыз – ағаштан сүргіленіп жасалған көрсеткіш таяқшасын (указка) жасанды былғарымен, екі түсте он таспаны қолдану арқылы өріп, қаптау. Бұндағы мақсатымыз: көрсеткіш таяқшасын жай ғана жасап қоймай, оны әдемілеп, мәнерлеп жасанды былғарымен өріп, қаптап сәндік бұйым ретінде қолдану. Көрсеткіш таяқшасы көбінесе кепкен қайың, қарағай, үйеңкі, қарағаш сияқты ағаштарынан жасалады. Көрсеткіш таяқшасы дегеніміз – ол, сабақты жүргізуге арналған бірден-бір көмекші құрал болып табылады. Бұл бұйымды өткен сабақтарда біз, кесіп, сүргілеп, жұмырлап дайындап алғанбыз. Таспаларымыз да дайын. Ендігі жұмысымыз – таспаларды бір-бірімен шатастырмай, асықпай, мәнерлеп өру арқылы, көрсеткіш таяқшамызды өріп қаптаймыз. Келесі сабақтарда сабын қаптап, сақиналарын шегелеп, бауын тағып, аяқтаймыз. Ал, енді балалар,бір-бірімізге сәттілік тілеп жұмысымызды бастайық. IV. Сарамандық жұмыс: Жұмыс барысында техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту. Сарамандық жұмыс нұсқау картасы арқылы орындалады. Сергіту сәті: (слайд) V. Сабақты қорытындылау және бекіту: - Балалар сендер бүгінгі сабақта көрсеткіш таяқшасын он таспа өрімін қолдана отырып, жасанды былғарымен өріп қаптауды үйрендіңдер. Пысықтау сұрақтары: - Көрсеткіш таяқшасы дегеніміз не? - Таспалардың қандай түрлерін білесіңдер? - Күнделікті тұрмыста қолданылатын қамшы неше таспадан өріледі? VI. Оқушыларды бағалау: Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеріп, талдау жүргізіп, ақаулары болса түзету жолдарын көрсетіп, баға қою. VII. Үйге тапсырма беру. | |
Просмотров: 717 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|