Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология труда

Рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес ою-өрнек түрлерін технология сабағында қолданудың тиімді әдісте
2018-04-26, 3:35 PM
Нұрланқызы Гүлден,Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,тарих-педагогика факультеті,бейнелеу өнері және сызу кафедрасы,кәсіптік оқыту ,П-409 тобы.
Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Рухани жаңғыру Атамекен мен Ұлттың бір болуын, ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейтін ұлттық идея. Ғалымдар ұлттық идеяны ақыл таразысынан өтіп халықтың басым бөлігі қабылдаған ұлттық мәдени құндылықтар жүйесі деп түсінеді. Ұлттық идея Қазақстанда жүріп жатқан мәдени мұраларды жаңғырту үрдісі мен әлемдік өркениет ықпалымен туындаған жаһандану процесінің арақатынасында қарастырылуы тиіс. Рухани жаңғыру идеясының пайда болуына, осы өмірдің объективтік негіздеріне өркениеттің ақпараттық толқынының қарқындап енуі, Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі батыстандыру мен америкаландырудың жаңа пәрмеге ие болуы себепші болды. Қазақстанда «рухани жаңғыру» идеясының қалыптасуына үш суперөркениеттердің тоғысуында орналасуы (православтық, мұсылмандық, конфуцийлік), мәдени-әлеуметтік транзиттік, тоталитарлық және атеистік сана қалдықтары, номадалық діл архетиптері ықпал етті. Басқа да ТМД елдеріндегі сияқты, Қазақстанда да ұлттық идеяны іздеу амбивалентті құбылыс болып табылады. Сондықтан, қазіргі өркениеттік және ұлттық-рухани құндылықтарға қарай бетбұрыс әлемдегі отыз озық елдердің қатарына қосылуға септігін тигізеді деп білеміз. Қазіргі кезде ойлау жүйесінің шеңбері ұлғайып, ауқымдалып, ғылымды, қоғамды және адамның өзін дұрыс бейнелеу белесіне жетуге мүмкіншілік туып отыр. Ерте кезден-ақ, рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата- бабаларымыз жақсы түсінген. Батырлықтың, ақын-шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақтардың тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Ұлтына игілік пен жақсылық әкелетін жасампаздық қасиет бұл жаңашылдыққа бейім, өресі биік адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Осындай адамның басты бағыты: зерттейтін объектісі осы заманнан шығып, өткенді, қазіргіні, келешекті жүйелі түрде ақыл-ой елегінен өткізіп, сол арқылы өз бойындағы жаңа типті ойлау мәнерін, өрнегін таразылап, жаңартады. Осы мақсатта мына мәселелерді ескеруіміз қажет: қоғамдық келісім және демократиялық дамудың барысын, адам және қоғам, нарық және ғылымның байланыстарын. Ерекше бөліп қарайтын мәселе, азаматтық қоғам қалыптасуындағы қазақ идеясының орны. Қазіргі зерттеулерде «Қазақстан – жалпы біздің үйіміз» деген қоғамдық ой негізі орын алуда. Бұл идея өткен қоғамдағы ұрандарға ұқсас, негізінен саяси мәнге ие болып тұр. Ұлттық идея – адамдардың ішкі рухани дүниесімен астасып жатуы керек. Сондықтан, қазақ идеясы 9 «Еркіндік түбі бірлікте!» деген формулаға айналса, ұлтымыздың өресінен шығар еді. Қоғамда интеллектуалды ой өріс мықты болуы үшін, ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің салт-дәстүріне негізделген тұрмыс тіршілігімен тыныс алған, жан-жағында болып жатқан түршілік барысымен етене байланысып өскен ұрпақ жаңа өмірге бейім жақсы адам болып өседі. Жаңа өмірге саналы түрде бейімделген жақсы адам елге жаны ашитын болады және бойындағы бар қабілетін, қолы жеткен бар игілігін еліне арнайды. Еліне жаны ашитын жақсы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау, оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді. Шығыс халықтарының ұлттық идеяларының құндылығы мәселесін қарастыруда еуропоцентристік көзқарас басым. Әлі де, классикалық еуропоцентризм бойынша, құнды идеялар тек жалғыз Батыс өркениетіне тиесілі, басқалары «аборигендік», «жабайылық», «варварлық» деген пікірден арылған жоқ. «Шығыс мәдениеттерінің болашағы жылдам вестернизацияға енумен айқындалады» [1, 39 б.]
Қазақтың ұлттық идеясына қатысты батысшылдық ұстанымдармен қатар әсіресе, исламдық тұғырнама туралы да айтып өтсек, бұл жерде исламның қазақ мәдениеті үшін құндылығына, өркениеттік функциясына 10 күмән келтіруге болмайды. Алайда, діннің өзіндік құндылықтары мен діни қайраткерлердің пікірін ажырата білуіміз керек. Бізге тарихтан белгілі: ортағасырда христиандық теологияның Еуропада білімнің барлық түрлерін өз қолжаулығына айналдырғаны. Секуляризация қозғалысы Батыс Еуропада ой еркіндігіне қол жеткізді. Ал, бізде тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, діни көзқарастарда қайта өркендеу басталды. Баршамызға белгілі, атеистік және тоталитарлық санадан арылу өте маңызды үдеріске жатады. Бірақ, басқа мұсылман елдеріне діни білім алуға барған жастарымыз көбінесе сол біліммен қатар бөтен өркениеттік сананың ықпалына еніп, өзіміздің төлтума мәдени құндылықтарымызға нигилистік көзқарастар қалыптасты. Жалпы, жеке адамның рухани жаңғыруы – өмірге, уақыт ағымына ақыл парасатымен, білімімен бейімделе білуінде. Адамды өмірге, қоғамдық ортаға ақыл парасатымен және білімімен бейімдейтін ұлттық қасиеттер (ұлттық сана) мен ұлттық құндылықтар (тәрбие, имандылық, тектілік және т.б.) болып табылады. Ұлттық сана, тәрбие, имандылық, тектілік – жеке адамды қоғаммен, бүтін бір ұрпақты ұлттық негізімен біріктіреді. Бұлардан қол үзген адам рухани жаңғырудың биігіне жете алмайды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу... Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі жақсы жақтарын қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» [2]. Х-ХІ ғасырларда Орталық Азияда Ислам Ренессансының шарықтау шегіне жеткені баршамызға белгілі. Алайда, моңғол шапқыншылығынан басталып, түркілердің өзара этникалық тартыстарымен жалғасқан оқиғалар, Шоқан Уәлихановтің айтуынша, бұрын білім ордаларына, обсерваторияларға және т.б. бай өлкеде кертартпа билеушілер мен дінбасыларына толы иеліктер көбейді. Бұндай саясат Батыстық экспансиясынан анық көрінеді. Мысалы, Батыс артта қалған халықтарды отарлау мақсатымен бірге, сол кезде әрекет етіп тұрған шығыс-азиялық (Жапония, Қытай), оңтүстік-азиялық (Үндістан) және жетекші ел Осман империясы болған исламдық және православиялық (Ресей) өркениеттерінде үстемдік жүргізуге бағыттады. Тек қана ХХ ғасырда Батыспен қатар әлемдік мәселелерді шешуге қатысқан КСРО, Қытай, Үндістан, ислам елдері тарихи сахнаға шықты. Бекерден-бекер американдық ғалым С.Хантингтон (1927-2008) қазіргі 8 суперөркениеттер [3] туралы айтқан жоқ. Әлем жан-жақты, көпқырлы, көпжақты бола бастады. Бірақ, осы кезден бастап вестернизацияның қарқыны бәсеңсіді деп айтуға болмайды. Кеңес Одағы тарағаннан кейін батыстандыруды жүзеге асыруға АҚШ айналыса бастады. Британдық ғалым А.Тойнби (1889-1975) «екі немесе одан да көп өркениеттер бір-біріне әсер еткенде, олардың қуаттылығы әртүрлі болып келеді. Агрессияшыл өркениет экспансия объектісінің өзіне тең емес 11 екендігін сезінеді» [4, 119 б.] – деген пікіріне қарап, батыс өркениеті өзінің басқа мәдениеттерге қарсы бағытталған қиратушы әрекетін тузеу мақсатында болғанын байқауға болады. Қазақ халқымен тағдырлас Түркияда жүргізілген батыстандыру процесінің кейбір ерекшеліктеріне тоқталсақ, православтық-христиандық өркениеттің біршама бөлігін өзіне бағындырғанымен, Батыспен текетіресте османдықтар қауқарсыз болып шықты. Венадағы жеңілістен соң қорғанысқа көшкен түріктер батыстың кейбір құндылықтарына есік ашты. Сөйтіп, мемлекеттік қызметке енді грек ұлтының өкілдері алына бастады, оларды Батыспен дипломатиялық қарым-қатынасқа дайындады, бірақ, қаншама олар оттомандық тәрбие алғанымен, ойларының түбінде өз Отанының азаттығы тұрды. Осман армиясы еуропалық үлгіде қайта құрыла бастады, бұл міндетті түрде Батыспен танысқан офицерлердің арасында реформалық қозғалыс тудырды. Танзимат пен жас түрікшілдер қозғалысы дәстүрлі османдық қоғамды шайқалтып жіберді. Абдул-Хамид сұлтан ұсынған османдық әскери машинаны батыстандыру бағдарламасы өзін ақтамады. Батыстандыру толқыны бүкіл Оттоман империясын либералды ойлы әскери офицерлермен толтырып жіберді. Кемал Ататүрік қазір Түркияны өркениетті елдер қатарына қосты. Батыстандыру тек қоғамның бір саласын ғана қамтымай, оны тұтас өзгертуді өзіне мақсат етіп қояды. Технологиялық басымдылық оның құндылықтарын дамушы елдерге күшпен тануға мүмкіндік береді. Себебі, дамушы елдердің элитасы мен мамандары батыс технологиясымен бірге батыстық ойлау тәсілін де қабылдайды. Түркиядағы «Танзимат» және Ресейдегі «милләтшілдік» пен «жәдидшілдік» идеялары ықпалымен дамыған діни-реформистік ағым исламға түбегейлі өзгерістер енгізді және ол кейін Кемал Ататүрік реформаларында іске асты. «Жәдидшілдік» атауын қазақ тіліне «жаңару, елдікті сақтау үшін жаңа бағытты ұстау» деп аударуға болады. Бұл бағыт қазақ жерінде жаңа мағынадағы «мұсылманшыл қазақты» қалыптастырды. Қазақстанда да «Түрікшілдік бағыт» қалыптасты. Бұл бағыттың өкілдері М.Шоқай, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов және т.б. түркілік өркениет тұтастығы контекстінде қазақ адамын қалыптастыруға шақырды. Бұл типтің басты ерекшеліктеріне тарихи сананы түркілік тұтастық идеясы негізінде жаңғырту, тәңіршілдік, Батыс пен Шығыстан даралану, қазақ халқы түріктің қара шаңырағының иегері деп мойындау және т.б. жатады [5, 201 б.]. «Еуропашылдық» белгілі мөлшерде ұзақ уақыт бойы мақтаныш, жетістік деп бағаланды. Ол кездегі ұлт интеллигенциясының ішінен кейбіреулері тым батысшыл болып, материализм мен марксизмді қолдап, қостағандары болды. Әсіресе, төл дәстүрімізге байланысты үстірт пікірлер айтылды. Оның сол кездегі арғыдан келе жатқан потенциалын, яғни, шын мағынасын ажырату керек еді. Жалпы, сол кездегі ұлт элитасы еуропалықтардың өздеріне ұқсап, экстраверттік мінез танытып, саясатшыл, ұлтшыл болып кетті. Көптеген батыс ойшылдары әлемнің тұтастануын Батыс қоғамының жеңісі ретінде қабылдайды. Мысалы, австриялық және британдық философ К.Поппер (1902-1994) «еркін демократияның елдері, Батыстың ашық қоғамы жеңді» [6, 12 78 б.].– дейді. Тоталитарлық қоғамдардың бар болғанын ешқашан, ешкімнен жасырмаған. ХХ ғасырда Батыс-Шығыс қарым-қатынасында үлкен өзгерістер болып, Батыстың өзі күрделі эволюция үстінде еді. Енді, Батыс Шығыс руханиятының даналығын тани бастады, ғалымдары «буддизмді», яғни, үнді философиясын зерттеді және «суфизмді» ашты. Швейцарлық ғалым К.Юнг (1875-1961) пен т.б. дүниеге көзқарас батыс рационализмінен терең болу керек екенін мойындады, сонымен қатар, материализм, дінсіздік, техноцизмді, беймәдени «демократиялық» болмыстың («көпшілік мәдениеті») зиянын өздері өздеріне әшкереледі. Дінді, этиканы мойындау, әлемдік интеграцияны рухани жағынан толықтырып, шынайы «жүректер интеграциясына» айналдыру, әрбір ұлттық қайталанбас келбетін сыйлау, «жанын» түсінуге тырысу, сол арқылы шынайы бауырмалдыққа жету – міне, Батыс пен Шығыс ойшылдарының, жалпы прогрессивтік ниеттегі адамдардың келген қорытындысы. Қандай халық болмасын, жалпы бүкіл адамзат ендігі жерде этикаға, руханиятқа бет бұрмаса, адамды түземесе – жер бетіне үлкен қасірет жақын екенін анық сезінуде. Осының барлығын ескере отырып мынадай пікір білдіруге болады: «американдану» да, «еуропалану» да біздің жол емес, ескішіл, фанатик болып, қайтып келмес көшпенділікті аңсау да орынсыз. Біз екі бұрынғы рухани элитаның екі буынының да тәжірибесін, тәсілдерін ұштастырып қолдануымыз қажет. ХІХ ғасырдың рационалист-ағартушылары сияқты ойлауымыз жөнсіз. Олардан гөрі біз дәстүршілміз, руханилығымыз, мұсылмандығымыз, шығыстығымыз олардан күшті. Жаппай вестеризация, рухани азу ықпалы күрт өскен жағдайда (өкінішке орай, бізде Батыстың биік мәдениетін, философиясын емес, азғындық жағын насихаттау басым), оған төтеп беру үшін руханият, өз дәстүріміз бізге қорған болары сөзсіз. Сөйтіп, қана ұлтты дағдарыстан алып шыға аламыз. Қазіргі «вестернизацияның» мынадай қиындықтары бар: а) руханилық пен материалдықтың арасындағы ажыратылу; ә) эскапистік және дүниетанымдық ұстанымдардың араласып кетуі; б) нонконформизм, конформизм мен девианттық мінез-құлықтың көбеюі; в) рационалдықты шектеу, тылсым сана қабаттарымен манипуляциялар жүргізу; г) жалғыздық, үрей, шарасыздық сенімдерінің өрістеуі; д) стандартты қарапайымдалған тіршілік ету баламаларын жасанды ұсыну [7, 111 б.]. ХХІ ғасыр ұлттық мәдени трансформацияға кері кету емес, біреуді қайталау да емес, жаңа жағдайда творчестволық ізденіс біздің бүкіл аймақтық мәдени-әлеуметтік-саяси трансформация процестеріне үлкен өзгеріс, ілгері басу, гүлдену әкелері хақ. Егер, осы мәселені біз техногендік батыс Өркениетіне альтернатива ретінде рухани сипаттағы «еуразиялық» Өркениет құру идеясын дұрыс түсіндіріп, айқындай алсақ, жетістіктеріміздің мол болары сөзсіз. Яғни, рухани жаңғыру қоғамның барлық мүшесіне, ұлттың барлық өкілдеріне өз міндетін жүктейтін құбылыс.
Қазақ халқының ою-өрнек өнерін жан-жақты зерттеуге ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ал еуропа, орыс өнертанушы ғалымдары бұл туындыларды XVIII ғасырға дейін зерттеп, көп ғылыми еңбек қалдырды. Төл өнерімізді Зерттеуге В. Вансалов, А. Хедона, саяхатшы Джен-Кинсон, Р. Карутц, С. Дудин, В.Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М.В. Рындин т.б. сол сияқты көптеген орыс және Еуропа ғалымдары мен жиһанкездері елеулі үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымның бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: "Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды". Көптеген зерттеушілер кеңестік кезеңге дейін. Қазақстанның халықтық өнерін, атап айтқанда, ою-өрнектерін зерттеуге экзотика немесе құрып бара жатқан мәдени мұра ретінде қарады. Мұның астарында жалпы алғанда, дамудың сарқылмас қайнарларын түсінбеу жатқан еді.
Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішіңде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, Т.К.Бөсенов, Е.Масанов, Б.Тұяқбаева, Б.Әлмұхамбетов, Б.Ибраев, К.Ибраева, Т.Жанысбеков, Ж.Шәйкенов, Ұ.М.Әбдіғаппарова және т.б. ғалымдар зерттеген.
Рухани жаңғыру жолында адамдар бай мен кедей болып бөлінбеуі тиіс. Ұлттық мүдде мен тарихтың рухы, елдің болашағы – 13 халықтан, әрбір адамнан ортақ қасиетті, ортақ құндылықтарды, ортақ дүниелерді ғана талап етеді. Жеке адамның тұлғалануын, ел азаматы ретінде танытатын қасиет – жаңа тұрпаттағы рухани жаңғырудың негізгі үлгісі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Нуржанов Б.Г. О национальной идее. К постановке проблемы // Журнал «Вестник», №31, Алматы, 2008.
2. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру / Егемен Қазақстан 26.04.2017 ж.
3. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. -М.,2014. -480 с.
4. Тойнби А. Вызовы и ответы. Как гибнут цивилизации. -М., 2016. -288 с.
5. Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа. - Алматы: ИФиП, 2006. -412 с.
6. К.Поппер. В поиске лучшего мира. -М.,2015. -274 с. 7. Гердер И.Г. Идеи о философии истории человечества. -М.,2012. -254 с
Категория: Технология труда | Добавил: nazerke_949494
Просмотров: 694 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-23, 0:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru