Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология труда |
2015-01-29, 3:02 PM | |
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқы ою-өрнегінің өзіндік ерекшелігі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнегінің өзіндік ерешелігімен таныстырып жасалу жолдарын үйрету. Дамытушылық: Қол икемділігін дамыта отырып шеберлігін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды жұмысты өз бетінше орындауға үйрету өнер ерекшеліктерін танып білу арқылы эстетикалық талғам беру. Сабақтың типі: білім дағдыларын қалыптастыру Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, схема, өрнек үлгілері, суреттер. Пәнаралық байланыс: биология, бейнелеу, математика Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Ылғалды-жылумен өңдеуге арналған жұмыс орны туралы кім айтып береді. 2. Матаның түріне байланысты қажетті температура 3. Ылғалды-жылумен өңдеуді қай кезде орындаймыз. 4. Ылғалды-жылумен өңдеу кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерді атаймыз. Тақпақ ою-өрнек туралы III. Жаңа сабақ 1. Ою-өрнек сөзінің мағынасы Біздің ата-бабамыз қолөнермен айналысқан, сол өнерді жетілдіріп, ұрпағына мұра етіп қалдырып отырған. Барлық жасалған қолөнер заттарын табиғатпен байланыстырып ою-өрнектермен безендірген. Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған, “Орнамент” деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу деген сөзден шыққан. 2. Әр өрнектің астарында мағына болады. Соған байланысты слаид арқылы түсіндіріп өтемін. Ою - өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар төрт топқа бөледі: 1. Өсімдік типтес ою - өрнек. Көкөніс өрнектерінде өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, дәні т. б. негізгі элементтері көрінеді. «ГҮЛ» ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады. «ШЫТЫРМАН» ою-өрнегі көп жапырақты өсімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. «БӨРІКӨЗ» ою-өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың басын, құлағын, сондай-ақ «бөріқұлак» деп аталатын жапырақты бейнелейді 2. Жануар тектес ою - өрнек. Өрнектер негізінен жануарларды, яғни аң, құс, балық т. б. түрлі жәндіктерді және олардың мүшелерін бейнелейді. «МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. «ҚОСМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. « АРҚАРМҮЙІЗ» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі). «ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. «СЫНЫҚМҮЙІЗ» морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр меналашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды. «ҚҰСҚАНАТ» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. «ҚҰСМОЙЫН» ою-өрнегі құстың мойнын тұспалдаудан туған.Бұлар көбінесе мүйіз мәнерімен жасалады. Ол иіле келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбтардан, сызықтардан құралады. Құс атына байланысты өрнектердің бәрі қолөнер үлгілерінің барлық түрлеріне тән «ШЕТОЮ» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою деп те атайды. Берілген өрнектің бір элементі шексіз қайтапана береді.«Шетою» е с і кт і ң жақтауына, текемет, сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне сапынатын ою-өрнектер. 3. Ғарыш әлеміне байланысты ою-өрнек. Өрнектер дөңгелек, ирек, шимай т. б. құралады. «Кемпірқосақ» ою-өрнегі бірнеше түстерден жолақтар жасап алма-кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің символдық мәні бар. Көк түс – аспанның, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. «Күн» ою-өрнегі күннің бейнесін бейнелейді. 4. Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнек. «БОТАКӨЗ» ою-өрнегі әшекейлі композициясының ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбыға ұқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді. «ЖІЛІНШІК» ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншік өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданылады). «ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын кәмкеруде кездеседі ІV. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы - қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады. Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою - өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Слаид Енді есте сақтау қабілеттеріңді тексереміз. Сендерге ою-өрнек түрлері таратылады. Тақтадағы бұйымдарға ою түрлерін тауып жабыстырамыз. V. «Жалғастыр ойыны» Ойлана білмеген…….. ( ою оя білмейді). Талаппен бастап,..... аяқта (талғаммен) Өнер – таусылмас азық,... (жұтамас байлық) Үлгісі көптің өрнегі көп,..... Өрнегі көптің ермегі көп. Өнер сыры – ........ өрнекте. VІ. Топпен жұмыс. Өткенді еске алып, ойға толам, Сұрыптап тезге салып, көп ойланам, Ой түбіне жете алмай титықтасам, Қолыма қайшы алып, ою оям – деп Б. Момышұлы атамыз айтқандай біз де кезекті сарамандық жұмысымызды бастайық. Менің түсінігімде ою - өрнек дегеніміз – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады. VІ. Оқушыларға тапсырма: қағаздан өрнек қию, содан кейін дәптерге бейнелейді. Техника қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. VІІ. Сабақты пысықтау. 1. Ою - өрнек сөзі қандай ұғымды білдіреді? 2. Ою - өрнек неше топқа бөлінеді? VІІІ. Оқушылардың жұмыстарын талдау. ІX. Үйге тапсырма. Оюлар түрін бейнелеп үйрену. X. Бағалау | |
Просмотров: 1730 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|