Главная » Файлы » В помощь учителю » НВП и ОБЖ |
[ Скачать с сервера (77.0 Kb) · Скачать удаленно () ] | 2015-04-13, 7:18 PM |
ШҚО,Тарбағатай ауданы,Көктүбек орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Қалиханов Қанат Токтауович 1. Сабақтың тақырыбы: Жгут салу үшін қолданылатын материалдар,жгут салу кезінде жіберуге болмаитын қателіктер,көктамырлардан және үсақ тамырлардан аққан қанды тоқтату әдістері таңу түрлері,бинтпен таңудың негізгі түрлері,үстап тұрушы байламдар,қысып тұратын байламды таңу тәртібі. 2. Сабақтың мақсаты: 3. Уақыты: 45 минут. 4. Өткізілетін орны: 10 сынып 5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы,слайдтар,интер белсенді тақта. 6. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут. 1. Апатты жағдай дегеніміз не? 2. Орман және шымтезек өрттеріне сипаттама беріңдер. 3. Орман өрттерінің туу себептері меи оны өшіру тәсілдерін атаңдар. 4. Жер сілкінісі мен қар көшкініне сипаттама беріңдер. 5. Жер сілкінісінің туу себептерін атаңдар. 6. Жер сілкінісінен зардап шеккен халыққа қандай көмек көрсетіледі? 7. Су тасқынының себебі не? 8. Адамдарды су тасқынынан құтқару үшін қандай шаралар қолданылады? б) Негізгі бөлім – 25 минут. Қан кетудіц түрлері жөне оларға сипаттама Қан кету дегеніміз — зақымданған кан тамырынан канның қүйылуы (шығуы) цан кету деп аталады. Зақым-данған тамыр сипатына сөйкес (142-сурет): артериялык, веналык, капиллярлык жөне паренхиматозды қан кету деп бөлінеді. Артериядан қан кету ірі артерияньщ зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті канның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне кауіп төндіреді. Венадан цан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан кою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардьщ ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне өкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды. Капиллярдан цан кету ұсақ қан тамырларының жара-лануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жаранын жоғарғы бетінен кан ағады. Паренхиматозды органдардыц (бауыр, көк бауыр) зақым-дануыкезтде байқалады жөне ол көбіне аралас болып келеді. Қан ағу (құйылу) орньгаа байланысты кан кету: сыртқы (кан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) жөне іттткі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш куысы жарапанған кезде аралас болуы мүмкін. Байқалу уакытына сөйкес қан кету: алғашқы (жаралан-ғаннан кейін бірден кан кету) жөне екіншілей (зақым-данғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді. Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада зақымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дөрежесі төмен болмаса (сөуле ауруы — гемофилия), қанның қоюлануы нөтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (канқатпа— қанның ұюы нөтижесінде). Қан кеп кеткен жағдайда қолма-кол өрекет жасалады. . Жарақаттық шок белгілері: 1) қоршаған ортаға карым-катынасы мүлде самарқау (есінен айырылмайды); 1) терінін жамылғыш қабаттарының бозаруы; 2) карашықтың үлкейіл, көздің шүвдрейіп кетуі; 3) өлсіз жөне жиі, кейде қылдай тамыр соғысы; 5) тыныс алудың тарылуы, жиілеуі, кейде дұрыс болмауы; 6) дене температурасының (32—30°С-ка дейін) жөне артериялык кан қысымының төмендеуі; 7) аурудың бет-өлпетінің қозғалыссыз калуы, кейде шөлдеу, кұсу немесе жүрек айну белгілерінін болуы. Шок кұбылысының даму мерзіміне сөйкес оньщ алғашқы немесе ерте (жаракаттан соң бірден) жөне екінші немесе кеш (2—6 сағаттан кейін) шок деген түрлері болады. Шок формалары: "таза" (ауыратын) жөне аскынған (кан кететін, сәуле ауруымен бірге) болады. Алғашқы шоктың өтуін екі фазаға белуге болады: қозу (кысқа мерзімді жөне түрақсыз) жөне сезімсіз (организмнің бүкіл өмір сүру әрекетінің қажу белгілері). Жарақаттық шок ауырлыгына қарай төртке бөліпеді: 1) жеңіл — аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлык, бозарған, тамыр соғысы минутына—90—110. Жоғарғы артериялық қысымы 90—100 мм сынап бағанасы; 2) орта — аурудың жалпы күйі ауыр, бозарған, кейде мазасызданады, теріні суык тер басады, тамыр соғысы минутына —110—130 рет. Артериялык кысымы 70—85 мм сынап бағанасы; 3) ауыр — аурудың жалпы жағдайы өте ауыр, тамыр соғысы минутына — 130—160 рет, санауга қиын, кейде өлсіз, сезілмейді. Артериялық кысымы 60—70 мм сынап бағанасы жөне одан төмен; 4) актық немесе жанталасу жағдайы — естен танады, тамыр соғысы өте өлсіз, тіпті санауға келмейді. Артериялық қысымы төмен түсе береді (50 мм сынап баганасынан темен немесе анықталмайды), тыныс алуы үстіртін жөне жиілей түседі. Мұндай күйде көбіне өлуге душар етеді. Жарақаттану және қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы медициналық жөрдем Жарақаттану кезіндегі алғашкы медициналык жөрдем (АМЖ) көрсетудің мақсаты — қан тоқтату (уакытша болса да), жараны ластанудан жөне оған микробтардың түсуінен сақтау, зардап шегушінің ауруын бөсеңдету. Алдымен жарақаты бар дене бөлігі жалаңаштандырылады. Киім не аяккиімді ақырын шешеді, кейде оны тігісі бойынша сөгеді. Екінші жұпка түспес үшін жараны саусакпен немесе аспаппен қарауға тыйым салынады. Асептика ережелерін қатаң сактау керек. Қан кетуді тоқтату мен жараға микробтардың түсуін болдырмау үшін көбіне жараға стерильді (асептикалық) таңғыш кою арқылы жүзеге асады. Мұның алдына жара шетіне 2 рет йодтың спиртті ерітіндісін жағады, ал ол жок болса, шетін этиль спиртімен, аракпен немесе одеколонмен сүртеді. Жара бетіндегі киім жыртындыларын немесе басқа денелерді (бос жаткан) еппен жара бетіне тигізбей алады. Теренде жатқан баска денелерді алмау керек, өйткені ол қан кетуді күшейтіп, жұқпа түсіруі мүмкін. Жараны жууға тыйым салынады. Жараға таңғыш коюға жеке танғыш пакеттер (ЖТП) немесе алдын ала дайындалған стерильді таңғыштар қолайлы. ЖТП резина қысқа жөне кағаз қабьщқа оралған екі макта — дөке жастықша мен бинт түріндегі стерильді (кейде антисептикалық зат сіңірілген) таңғыш материалдан тұрады. Жастықшаның біреуі жалпы бинт бойында қозғалады (таңғышты бекітуге арналған), ал екіншісі бинттін бос ұшына бекітілген. Пакетті пайдалану үпгін өуелі резина қабықты, ал содан кейін қағаз қабьщты ашады. Оң қолмен ораманы, ал сол қолмен бинт ұшын ұстап, жастықшаларды жазады да, жараға кояды. Оқ тесіп өткен жаралар кезінде жастықшанын бірін жараның кірер тесігіне, ал екінпгісін шығар тесікке қояды. Жастыкшаларды бинттеп, бинт ұштарын байлайды. ЖТП-ны колдану кезіндегі негізгі ереже — таңғыштың жараға салынатын ішкі бетіне қол тигізбеу (сыртқы беті қызыл жіппен тігілген). Жараланғандарға жөрдем көрсету кезінде асептикалық таңғыштар да қолданылуы мүмкін, олар ендірісте төмендегідей түрде шығарылады: 1) мақта-дөке жастықшалары (65 х 43 см) мен оған тігілген тұрақтандырғыш тоқыма баудан тұратын үлкен асептикалық таңғыштар; 2) мақта-дөке жастықшаларынан (56 х 29 см) жөне дөке бинтінен (14x7 см) тұратын кіші асептикалық тащыштар. Қатты қан кету кезінде оны уақытша токтату шара-ларын жасау керек. Жұмсак тіндердщ аукымды жаралануы, сондай-ақ сүйектер мен буындар зақымдануы кезінде аяқ-колды тасымалдау үпгін орнықтырып бекіту кажет. Қатты ауырсынуды азайту үшін, зардап шегушіге промедол (морфин) салады. Егер жараланушы бойынан жарақаттық шок немесе көп кан кету салдарынан жедел қан аздық белгілері сезілсе, қажетті шаралар жасалады. АМЖЖ-дан кейін жараланған адамға сіреспеге карсы алдын ала егу жұмысын жасау, антибиотиктер салу жөне өмірлік көрсеткіштері бойынша шұғыл көмек көрсетіледі. Жара асқынуларынан сақтандыру Жедел хирургиялық жұқпа өр алуан жөне көп кездесетін іріңді аурулардың (іріңді, ұшығу, терінің тілме ұшығуының өр түрлі формалары, лифангоит жөне лимфаденит, тромбофлебит, панарицит, сепсис) пайда болуьша себеп болады. Бұл жағдайда алғапщы медициналык жөрдем көрсету: құрғақ немесе мазь (жұқпамайлы) жағылған таңғыш (Вишневский жақпамайы, антибиотик-тер — пенициллин, синтомицин, тетрациклин) салу, аяқ-колды (үшкіл орамалмен, жақтаумен) таңып тастау, АМЖЖ-ға жіберу. Жалпы, қатты іріңді жұкпа (сепсис) белгілері байқалған кезде, зардап шегушіні дереу маман-дандырылған ауруханаға жіберу, алғашқы ушығу ошағына таңғыш салу, ал оны аяқ-қол аумағында тұмшалау кезінде аяқ-қолды таңып тастау қажет. Кез келген зақымдану кезінде медициналық жөрдем көрсеткенде, сіреспенің алдын алу маңызды міндет болып саналды жөне ол тері астына сіреспеге карсы сарысумен анатоксин егу жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Өрбір жаралыға сіреспеге қарсы сарысудьщ 1 сақтандыру дозасын, яғни 3000 АЕ антитоксиндік бірлігін егеді. Егер жара үлкен болса жөне топыракпен немесе киім жұлмаларымен ластанса, онда 2 профилактикалық доза (6000 АЕ) салынады. Ауыр жарапанған жағдайда сарысуды 7 күннен кейін кайта егеді. Басқа жараланулардың бөрінде сарысумен бірге бір мезгілде дененің басқа бөлігіне кеш пайда болатын сіреспенің алдын алу үшін тері астына 1 мм сіреспелік анатоксин 5—6 күннен кейін қайтадан 2 мл анатоксин егеді. Үш жаска дейінгі балалар жараланғанда сары судьщ — 750 АЕ, ал үш жастан жоғары балаларға — 1500 АЕ егеді. 13 жасқа дейінгі балаларға бірінші рет — 0,5 мл сіреспелік анатоксин, екінші рет, 5—6 күннен кейін — 1 мл, яғни ересек адам дозасының жартысын егеді. Газды гангрена кезінде ауруды дереу ауруханаға жатңызу керек. Сақтандыру тұрғысында оған бұлшьщ ет ішіне гангренаға карсы сары су коспасын (100 — 150 мл стерильді изатонды ерітіндінің —30000 АЕ) егу, жүмсақ тіндердің аукымды зақымдануы мен сынык кезінде (өсіресе топыракпен, нөжіспен ластанғанда) антибиотиктер колдану қажет жөне дер кезінде жараларға алғашкы хирургиялық өңдеу керек. химиялық (бактериологиялық әрекеті микробтардың дамуы мен кебеюін басып тастайтын жөне бактерицидті өрекеті — олардың елуін қамтамасыз ететін антисеп-тикалық заттар колдану). Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары Қан тоқтату — уакытша жөне түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі төсілдер бойынша жүргізіледі: 1) дененің зақымданған белігін кеудеге қатысты алған- да — көтеріңкі калыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім кою); 2) кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады); 3)аяк-қолды мейлінше шүғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буьшын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды аркаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру). Дененің өр тұсындағы артерияны сау-сакпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл төсіл арте-риядан катты қан кеткенде колданылады. Тамырды басу (143-сурет) оны жакын жатқан сүйекті саусакпен кысьш, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жакын жатқан жерде жасалады. Өрбір ірі артерия үтттін белгілі бір анатомиясыз нүктелер болады: 1) иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі жағынан басады; 2) балтырдан қан кеткенде — тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап, ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны тауып, сүйекке басады); 3) сан жараланғанда — сан артериясының шап астын- дағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады; 4) бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды); 5) беттен кан кеткенде — жақ артериясьш басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді жөне жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрыпіы мен иек арасында иіледі); 6) мойындағы жара кезінде — жара жақтағы жөне одан төмен ұйкы артериясын басады (трахея жайында); 7) иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтык айналасьшдағы жара кезінде бүғана асты артериясын бұғана астындағы шұңкырға (бірінпгі қабырғаға) басады, кейін аяқ- қолға бұрау немесе жгут салады. Қорытынды бөлім – 10 минут. Сұрақтар мен тапсырмалар: | |
Просмотров: 4623 | Загрузок: 273 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|