Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование

Кәсіби ізденіс алға жетелейді
[ Скачать с сервера (8.4 Kb) ] 2012-03-12, 1:40 PM
Шәкәрім атындағы СМУ колледжінің оқытушысы
Кенжина Бағлан Далелхановна

Кәсіби ізденіс алға жетелейді
Мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі бағдарламасы халқымыздың рухани, ғылыми және шығармашылық қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге көрсетілген мақсаттарға жетуге болатындығын анықтап берді. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді. Сондықтан қайта құрудың негізгі бастамасы - мамандарды даярлаудан басталады.
Қоғамға қажетті көптеген мамандықтарды Шәкәрім атындағы СМУ колледжі даярлайды. «Құқықтану» мамандығы колледжде 2005 жылы ашылды. Осы жылдар ішінде бітіріп шыққан көптеген заңгер - кеңесші мамандар халық шаруашылығының әр саласында қызмет істеп жүр.
Бүгінгі күні құқықтанушы оқытушылар алдында тұрған негізгі мақсат- жан-жақты қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, сыни тұрғысынан ойлай білетін мамандар даярлап шығару. Осы міндетті орындау барысында оқу процесінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану – оқытушы үшін күнделікті іс-әрекет. Жалпы, қазіргі кезде әрбір оқытушының басты құралы –педагогикалық технологиялар болып табылады. Ал, енді педагогикалық технология дегеніміз не деп сұрасақ, оған мынандай анықтама беруге болады: Педагогикалық технология-өнер, шеберлік, біліктілік жағдайын зерттеуге бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы .
Құқықтану пәндерін беру барысында педагогикалық технологиялардың ішінен тиімдісі «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы дегеніміз- не нәрсені анығын тауып, оның себеп-салдарын анықтау, бағалау, одан шығатын салдарына көз жеткізе білу, қорытынды жасау. Құқықтану пәндерінің ерекшелігі- онда кездесетін көптеген Парламенттің заңдары, Президенттің жарлықтары, атқарушы органның қаулылары т.б. білім алушылардың есінде терең сақталып қалу үшін, оқытушы сабағында әр түрлі әдіс-тәсіл қолдануға тиіс.
Биылғы оқу жылында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Құқықтану» мамандығының колледж оқытушылары бас қосып, іс тәжірибе алмасты. Оған біздің колледждің оқытушылары да өз үлестерін қосты. Біздің осы курсқа арнап әзірлеген баяндамаларымыз арнайы жинаққа еңгізілді.
Құқықтық білім тек құқық пен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым- құқықтанушыларға немесе құқық пәні оқытушыларына ғана керек емес, сонымен қатар құқықтық білім күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр. Құқықтық білім берудің міндеті – барлық іске жауапкершілікпен қарайтын, өз құқығын жете меңгерген, заңдарды ұғынып қана емес, сонымен бірге сыйлай білетін, құқықтық мәдениеті жетілген, адамгершілігі мол, білікті маман даярлап шығару.
Колледж оқытушылары білім алушыларды бәсекеге қабілетті етіп, жоғары білікті орта буынды кәсіби мамандарын даярлауда бар күшін салып келеді. Кұқық пәні оқытушыларының басты міндеті-білім алушылардың бойына азаматтық, саяси және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық өмірдегі саяси жағдайларға белсенді қатысу, логикалық ойларын тереңдету, ғылыми тұрғыдан әлеуметтік әлем құндылықтарын таныту.
Жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап - оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.
Біз білім берудің жетілдіруін жалғастыруымыз керек: кәсіптік және техникалық білім беру мазмұның жаңарту, білім мен ғылым дамуының жаңа деңгейін қамтамасыз ету. Еліміздегі жоғары оқу орындарының бірінші кезектегі міндеті - әлемдік рейтингтерге кіру. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуы мен инновациялық дамуының негізі болуы қажет. Президенттің сөзі бойынша «әрбір Қазақстан азаматының «өмір бойы білім алу» деген жеке сенім болуы керек», бұл бізге - ағартушы- педагог адамдарына аса жақын. Осындай барлық жағдайлар жасалған кезде әрбір азамат балабақшадан бастап жоғарғы оқу орнына дейін сапалы білім алатынына үміттендіруде.
Педагогика саласы қызметкерлеріне барлық аспаптар, білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін мол мүмкіндіктер берілетініне сенімдіміз.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: анарка
Просмотров: 1814 | Загрузок: 167 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-06-20, 0:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru