Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование

Белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу
2014-11-06, 9:40 AM
Сабақтың жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу»

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік мақсаты: технологиялық реттілікті қатаң сақтай отырып белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеуге үйрету.

2.Дамытушылық мақсаты: студенттердің құрылымдық және орындаушылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты:студенттерді құрал-жабдыққа ұқыпты қарауға, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ нысаны үлгісі: фронтальды топтық(оқушылар бір уақытта бірдей тапсырмаларды орындайды, өндірістік оқыту шеберінің барлық топқа басшылық жасауға мүмкіндігі болады).
Сабақтың түрі: Ойын элементтері қосылған аралас сабақ.

Сабақта пайдаланылған әдістер:
1. Ауызша баяндау – әңгімелеу, түсіндіру
2.Демонстрациялық- үлгілер, слайдтар және нұсқау карталарын көрсету.
3.Репродуктивті – белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу бойынша еңбек тәсілдерін көрсету

Пәнаралық байланыс: арнайы технология, жабдықтау, материалтану пәндері.

Сабақтың материалдық-техникалық базасы: компьютер, интерактивтік тақта, слайдтар, бейнеролик, лекалолар жинағы, нұсқау карталары, қол инелері, бор, мата, қатырмалайтын мата, жіптер, қайшы, шеберхана жабдықтары.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу
2.Кезекші баянаты
3.Сабаққа дайындық
Сабақтың тақырыбы, мақсаттарымен таныстыру
«Белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу»

ІІ Кіріспе нұсқау
Оқушыларды жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау.
Өткен материалдар бойынша оқушыларға сұрақ қою:
1.Белдік матаның қай бағытымен пішіледі?
Негізгі жіп бойымен.
2.Белдіктің ортасында бақылау белгіні не үшін қояды?
Белдіктің ортасынан бүктелуі үшін
3.Белдік қанша бөлшектен тұрады?
Бір немесе екі бөлшектен
4. Белдіктің қай жағынан флезелинді жапсырады?
Теріс жағынан
5. Белдіктің жоғарғы бөлігінен қандай ылғалды-жылулы өңдеуді жасайды?
Жия үтіктеу

Еңбек және техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау.
1. Қол жұмысының қауіпсіздік ережесі.
2.Машина жұмысының қауіпсіздік ережесі.
3. Үтікпен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесі.

Жаңа материалды түсіндіру
Интерактивтік тақтамен жұмыс
Белдемшелер белдік бұйымдарына жатады. Ол костюмнің құрама бөлігі немесе өзі жеке бұйым бола алады. Костюмдік белдемшелер әдетте жакет түстес матадан немесе кереғар түстерден болады. Белдемшелерді матаның әр түрінен жасайды: жібек, жүн мата, драп, былғары, күдері.
Белдемшелер силуэті мен құрылымы жағынан ерекшеленеді.

Силуэті бойынша
Тік белдемше
А) бір тігісті(қатты қысып тұрады, яғни қынамалы)
Б) екі тігісті(классикалық пішім)
В) 4-6-8-10 -22 тігіске дейін
Конустық ( төменге қарай кеңейтілген)
А) күн белдемше
Б) жартылай күн белдемше
В) гофре
Г) годэ


Моделіне қарай белдемшелер келесі түрлерге бөлінеді:
А) тілмемен, жырықпен
Б) қатпарларымен
В) бел сызығы бойынша бүрмелерімен
Г) күлтеленген (драпировкасымен)

Ұзындығы бойынша:
А) мини
Б) миди
В) макси

Белдік бұйымдарына белдемше-шалбар да жатады. Моделі, мата түріне қарай белдемше-шалбарды классикалық және спорттық киімге жатқызуға болады.

Киімдегі түстердің үйлесімділік кестесі
Түстер
Негізгі Қосымша
Қара Ақ, ашық сұр, салат түстес, ақ сары түс, жұпаргүл түстес, ашық сары, бозғылт жұпаргүл түсті, бозғарыңқы қызғылт
Қоңыр Құм түсті, ақ сары, сары, ашық сары, қызғылт, қызғылт сары, жасыл
Сарғыш қоңыр Қара, ашық қоңыр, ашық жасыл
Көк Ақ, бозғылт көгілдір, көгілдір, ашық сұр, бозарыңқы қызғылт, таңқурай түстес, қызыл
Ақшыл көк Жұпаргүл түстес, сұр, бозарыңқы қызғылт, ақ, алтын түстес, сарғыш қоңыр
Күрең қызыл Бозарыңқы қызғылт, ақ, сарғыш қоңыр, ашық сұр, терракот түсті, құм түсті
Қызыл Көк, қоңыр, қара, қызғылт, құм түсті, ақ.
Қызғылт сары Жасыл, бозарыңқы сарғылт
Жасыл Салат түстес, ақ, ақ сары түс, сарғыш қоңыр, қоңыр, бозарыңқы қызғылт, сарғыл жасыл түс, алтын түсті
Сұр Ақ, таңқурай түстес, қызыл, көк, бозарыңқы қызғылт, жасыл, қара.
Ашық сұр Қызыл, көк

Белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу

Технологиялық карта
№ Бөлінбейтін операция Орындалуы, техникалық шарттары Жұмыс түрі Сурет
1 Бөлшектерді талдау Бөлшектерді тексеру, негізгі жіп бағытын тексеру Қ
2 Белдіктің орта сызығын белгілеу Белдіктің ортасын тауып, сызық жүргізу Қ

3 Белдікті қосарлау Белдіктің орта сызығын белгілеп, бір жартысына желімдік материалды жапсыру Ү
4 Белдіктің ішкі қиықтарын торлау Белдіктің ішкі қиықтарын арнайы машинамен торлау М

5 Белдікке ЫЖӨ жұмыстарын жүргізу Белдікті орта сызығы бойынша қайырып, теріс жақтарын жиып үтіктейді, астыңғы жағын соза үтіктейді. Белдікке дөңес форма береді.

Ү
6 Белдікті белдемшенің жоғарғы қиығына қосып көктеу Белдікті белдемшемен беттестіріп, қиықтарын теңестіріп, белдемше жағынан көктеу жұмыстарын жүргізеді. Алдыңғы бойы жағынан белдік 1 см, артқы бойы жағынан 3,5 см шығып тұруы қажет, көктеу тігісінің ені 0,7 см. Қ

7 Белдікті белдемшенің жоғарғы қиығына қосып тігу Белдікті белдемшеге қосқан кезде тігісті белдік жағынан жүргізеді, тігістің ені 0,7-0,9 см М

8 Тігіс әдібін белдік жағына қайырып үтіктеу Тігіс әдібін ылғалдап, белдік жағына қайырып үтіктейді Ү
9 Белдіктің шеттерін жөрмеп тігу Белдіктің қиықтарын теңестіріп, беттестіріп, алдыңғы бой жағынан 1 см жөрмеп тігеді, артқы бой жағынан түймелікке берілетін қосымшаны 3 см, белгілеп, жөрмеп тігеді 0,5-0,7 см. М

10 Тігіс әдібін қысқартып қию Ішкі жағынан қалың болмас үшін тігіс енін 0,3 – 0,4 см, бұрыштарын 0,2 см жеткізбей қысқартып қияды. Қ
11 Белдікті оң жағына айналдыру Белдікті оң жағына айналдырып, бұрыштарын дұрыстайды. Қ
12. Белдіктің ішкі қиығын, белдікке қосып тігу Белдіктің ішкі қиығын белдікті қосқан тігісті жауып, үстінен тігу. Қ
13 Белдікті бастырып үтіктеу Белдікті ылғалдап шүберек арқылы үтіктейді. Ү
14 Белдікті бастырып тігу Белдікті қосқан тігістен 0,1-0,2 см қашықтықта белдіктің үстінен бастырып тігеді. М

ІІІ Практикалық жұмыстарды орындау үшін уақытты белгілеу, нұсқаулық карта тарату.
1. Машина және үтікпен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
2. Белдемшенің жоғарғы қиығын белдікпен өңдеу кезінде технологиялық тігістердің орындау реттілігі мен сапасына көңіл аудару қажет.
Тест «Белдемшені өңдеу»
1. Белдікті белдемшенің жоғарғы қиығына қосу терминін атаңыз?
А) сырып тігу
Б) қосып тігу
В) жөрмеп тігу
Г) бастырып тігу
2. Белдемшенің етегін қайырып жапсырып тіккенде қандай машина пайдаланылады?
А) 335 кл ПМЗ
Б) 85 кл ПМЗ
В) 428 кл ПМЗ
Г) 1022 кл ПМЗ
Д) 51 кл ПМЗ
3. Қандай ұзындықтағы белдемше болмайды?
А) мини
Б) миди
В) макси
Г) мега
4. Бүкпе шетіндегі бос жерлерді...
А) қайырып үтіктейді
Б) айырып үтіктейді
В) бастырып үтіктейді
Г) жиып үтіктейді
Д) созып үтіктейді
5. Екі белдемшенің суреті берілген. Қайсысы «күн» белдемшесі, қайсысы «жартылай күн» белдемшесі?
6. Ұзындық өлшемдері неге толықтай жазылады?
Ұзындығын анықтайды
7. Белдемшенің қандай түрлері конустық белдемшеге жатады?
А) күн белдемше
Б) жартылай күн белдемше
В) гофре
Г) годе
Д) барлық түрлері жатады

8. Белдемшелерді қай матадан тігеді?
А) жібек
Б) жүн мата-драп
В) былғары
Г) күдері
Д) матаның әр түрінен
9. Белдемше-шалбар белдік бұйымдарына...
А) жатады
Б) жатпайды
Сабақ қорытындысы:
1. Өндірістік оқыту сабағын қорытындылау
2. Студенттердің жақсы орындаған жұмыстарын анықтау және көрсету.
3. Қателерді сипаттау және олардың пайда болу себептерін анықтап көрсету.
4.Құрал-жабдықтарды, жұмыс уақытын, еңбек тәсілдерін тиімді пайдалануға талдау жасау.
5. Бағаларын жариялау.
6. Үй тапсырмасын беру.
7. Жұмыс орнын жинау.



Қолданылған әдебиеттер:
1. М.А.Силаева «Жеке тапсырыстар бойынша бұйымды тігу» Мәскеу 2002 ж.
2. А.Т.Труханова «Әйелдер мен балалардың жеңіл киімдері технологиясы» Мәскеу 2001 ж.
3. Б.Дурманов, Ғ.Өтешева, Г.Байдильдаева «Тігінші, пішуші, модельер»
Астана- 2011 ж. «Фолиант» баспасы
4. К.Кучарбаева,Т.Амреева, Г.Чмекеева «Киімді пішу мен тігу» Астана 2010ж.
5. Л.М.Дашкевич «Сыртқы әйелдер киімінің тігіншісі» Ростов на Дону «Феникс» баспасы 2001 ж.
6. Г.Н.Александрова «Белдемшенің 150 моделі» Минск қаласы 1997 ж.
7. Ғаламтор ресурстары:www.google.com
Категория: Профессиональное образование | Добавил: Гуми0572
Просмотров: 2886 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 5:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru