Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование |
2015-01-08, 12:10 PM | |
Тақырып : «Өнеркәсіп роботтары» Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға өнеркәсіп роботттырары,олардың түрлері және олардың қолданатын орны жайлы түсінік беру, 2. Дамытушылық: Оқушылардың кәсіпке қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту , компьютермен жұмыс жасау дағдысын дамыту; 3.Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шығармашылыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу; Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың типі: Түсіндіру. Сабақта қолданылатын оқу-көрнекілік құралдары: проектор ,слайд, видео-материал, плакаттар,суреттер, Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі ( амандасу, түгендеу) Өткен сабақта өтілген материалды қайталау (үй тапсырмасын тексеру, сұрау) Тақырып: «Роботтар және манипуляторлар» 1.Роботтар жайлы түсінік 2.Миеропроцессорлар және микро ЭЕМ 3.Манипулятолар 4.Автоматтар адамның көмекешісі 5. Роботтардың қолданылатын орындары II. Жаңа сабақты түсіндіру. Тақырып: «Өнеркәсіп роботтары» Ойталқы. -Студенттер өнеркәсіп саласында роботтар қолдану тиімді ма қалай ойлайсындар? «Өнеркәсіп роботы - өндірістік үрдісте өндіріс бұйымдарын және технологиялық жабдықтарын орын ауыстыруда адамның ұқсас функцияларын алмастыра алушы қозғалыстық және басқару функцияларын орындау үшін арналған манипулятор мен бірге қайта бағдарламаландырылған басқару құрылымын ұғымдыратын автоматикалық машина» Өнеркәсіп роботтары туралы түсінік (слайд) Өндірісте өнеркәсіп роботтарын пайдалану тиімді. Роботтар бірінші кезекте жұмысшылардың денсаулығына зыянды және қауіпті операцияларда қолданылады. –Мұнда адам-оператор басқарып отырады. Роботтарды қолданудың маңыздылығы техникалық нәтижесі шығарылатын өнімнің сапасын асыру болып табылады. Арнайы бағдарлама бойынша әрекет жасайтын дәнекерлеу автоматы адамға қарағанда дәнекерлеуді тез атқарады. Е.О.Патон атындағы ғылым Академиясының электродәнекерлеу Институтының және Болгария ғылым Академиясының техникалық кибернетика Институтының ғалымдары және конструкторларының жасап шығарған дәнекерлеу роботы, бөлшекті арнайы құрылым көмегімен қарап шығып, сыртқы өлшемдеріндеріндегі өзгерістерді бағалап, автоматты түрде ең сапалы дәнекерлеу түрін қамтамасыз ететін жұмыс түріне сәйкестендіреді. Микропроцессорлар және микро ЭЕМ жабдықталған роботтар автомобильдерді құрастырады.. Роботтың біреуі өзінің үшкір «саусақтарымен» таспаны алып, генератормен бірге жинақталған қозғалтқышқа бағытталады. Ол таспаны тыянақты түрде үш шкивке кигізеді де, тартады және бекітеді. Құрастыру цехында басқада роботтар автомобиль құрастыруда бар. Біреуі жүксалғыш қақпағын жапса,екіншісі артық доңғалағын салып жатады. Үшіншісі радиаторды орнатады. Машина жасау өндірісінде бөлшектерге, тетіктерге және бұйымдарға әртүрлі қаптамалар жасау ең қиын және адамның денсаулығына зыянды технологиялық үрдістер санына жатады. Сырлау жұмыстарын РП11-1600,РП11-1250 роботтары және басқалар атқарады. Ірі сериялы өндірісте МП -3 роботы әртүрлі қаптамалар жасауда қолданылады7 2. Қолданылатын орындары (видео фильм) Автоматты робот машина қазіргі уақытта бірнеше тәсілмен металды дәнекерлейді, әртүрлі бұйымдарды жинайды,автомашинаны сырлайды болат қаңылтырларды сырлайды металл құяды және басқа да адамның физикалық шамасы шектелген,оған өзіне ауыстыру қажет болған жұмыстарды атқарады. II. Өткен сабақты бекіту 1. Оқушылар сұрақтарына жауап беру 2. Оқулықпен жұмыс 3. Робот суреттермен танысу, Қаңылтырды сырлау 4. Сонымен бүгінгі сабақ сізлдерге ұнады ма, қандай өздеріңізгі жаңа мәлімет алдыңдар ма? I V. Қорытындылау Роботтар біздің өмірімізге,кеңінен еніп келеді,сондықтан оның дамуын бақылап, олардың неге қабілетті екендіктерін қарап, келешекке көз тастау қажет .Елбасымыздың өз жолдауында елді индустрияландыру бағытындағы жұмыстарға өз үлесімізді қосуымыз керек деп,оқушылардан зор үміт күтеміз V Үй тапсырмасының мазмұны «Өнеркәсіп роботтары» 17-25 беттер, Суреттердегі роботтар жайлы мәлімет жинап келуді тапсыру. Бағалау Қосымша қойылатын сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұны Бүкіләлемдік техникада роботтарды қолданып отырған мемлекеттер жайлы. Жапонияның «Фанук » фирмасының заводында қозғалтқыш шығарады.Бұл заводта адамсыз жұмыс жасайтын арнайы цех бар. Цехта роботтар станоктар үшін бөлшектерді механикалық өңдеу жұмысын атқарады. Мекемені тек бір оператор атқарады.Ол дисплейде машиналардың жұмысын бақылап отырады. Басқаларға қарағанда өнімділігі бес есе жоғары Америкалық компания «Форд Мотор » роботтарды қолданып,226мың жұмысшыларын жұмыстан шығарған. | |
Просмотров: 1735 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|