Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование

Экономика мамандықтар оқушыларын қазақша кәсіби сөйлеу мәселесі.
2015-02-27, 7:08 PM
Экономика мамандықтар оқушыларын қазақша кәсіби сөйлеу мәселесі.

Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны жайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш- жігер жұмсауымыз керек». Бұл қазақ тілін қоғамдағы бірліктің күші ретінде таныту қажеттігімен қатар, оны өзге ұлт өкілдері меңгеру керектігін көрсетеді.
Қазіргі қоғам талабына сай мемлекет басқару саласында, қаржы, экономика, менеджмент, есеп және аудит, сақтандыру ісі, сауда, жарнама, биржа, кеден тәртіптемесі, салық, банк, т.б. экономика салаларында қазақ тілі кеңінен сұранысқа ие болуда. Бұл бүгінгі студент – ертеңгі маманның алдында жаңа міндет – кәсіби лексиканы меңгеруді қажет етері айдан анық аксиома екені белгілі. Осындай талаптарды іске асыру барысында орта және жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту ісінде жаңа міндеттер туындайды. Бұл мәселені кәсіби қазақ тілінде дұрыс сөйлей білетін, жоғары білімді экономика саласындағы мамандарды даярлау және олардың сөздік қорын кәсіби лексикамен дамытумен байланыстыруға болады. Өйткені, қазіргі кезде экономика саласындағы қызметкер қазақ тілінде сауатты сөйлеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының Заңдарын (кеден ісі және салық, банк ісі, т.б. туралы), жарлықтарын, үкімдерін қазақ тілінде дұрыс түсіне білуі қажет. Осындай дағдыларды қалыптастыруда студенттердің сөздік қорын, кәсіби лексикасын дамыту ісі жақсы нәтиже берері сөзсіз. Бұл қазақ тілін мамандыққа сай оқытуды жақсартуды қажет етеді.
Бүгінгі менеджер, қаржыгер, есепші экономикалық өзгерістермен деңгейлес болу үшін міндетті түрде, ғылыми және экономикалық терминдерді толық және жан-жақты игеруі тиіс. Себебі, осы күнге дейінгі ғылыми және экономикалық терминдер, біріншіден, ешқандай өзгеріссіз, шетел тілдерінде, әсіресе, орыс тілінде, қалай қолданылып келеді, екіншіден, шетел терминдері орыс тіліне аударылып, қазақ тілінде орыс тіліндегі аудармасы пайдаланылады. Соның салдарынан осы уақытқа дейін тек орысша-қазақша, қазақша-орысша терминологиялық сөздіктер басылып шықты, ал келешек экономикалық мамандар – студенттерге көбіне түсініксіз болып келді.
«Ғылыми және экономикалық шетел терминдері келешек экономикалық мамандарға түсінікті болу үшін не істеу керек?» деген көкейкесті мәселе бой көтереді. Шетел терминдері, біріншіден, көпшілікке түсінікті болуы керек, ол үшін түсіндірмелі сөздіктер жасалуы керек, тек сонда ғана ғылыми және экономикалық терминдер қазақ тілінің сөздік қорының мол болуына әсер ете алады.
Жалпы кәсіби сөздерді кәсіптік, өндірістік сипатына, қолданылу аясына қарай екі үлкен топқа бөлуге болады:
1. Шағын кәсіпке, ұсақ мамандыққа байланысты сөздер.
2. Ірі кәсіпшілік, өндірістік саладағы сөздер.
Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, сондықтан студенттің байланыстыра сөйлей білуді үйретудегі мұғалімнің жұмысының маңызы өте зор. Оқытушының міндеті - әр студент ойын қысқа болса да, өз бетінше айтып, жазып беруіне көмектесу, соған дағдыландыру. Олай етпейінше, студент тіл үйрене алмайды.
Сондықтан оқушыны қазақша кәсіби сөйлеуге үйрету барысында оның тілдік білімі мен кәсіби білімін сабақтастыру принципін ұстанудың маңызы зор.
Сонымен, қазақша кәсіби сөйлеуге үйрену дегеніміз – тілдің жүйесін білуді ғана емес, оны қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызу дегенді білдіреді. Мұнан шығатын қорытынды, қазақша кәсіби сөйлеуге үйрету барысында қатысымға, яғни сөйлеу актілерін жүзеге асыру тәжірибесіне үлкен мән берілуі тиіс. Осы тұста сөйлесім әрекетін іске асыру тәсілдеріне тоқтала кеткен жөн. Сөйлесім әрекетінің негізгі мақсаты – ойды жеткізуші, яғни оның негізгі пәні – ой. Ал тіл мен тілдік жүйе осы ойды қалыптастырушы, оны өмір сүргізуші, оған көрініс беруші құралдар болып табылады.
Міне, мен өз жұмыс тәжірибемде осындай кәсіби қазақ тілін үйрету жолдарын пайдаланамын.
«Тіл тағдыры - өз тағдырың» дегендей, оған қалай болса солай қарау - өзіңді сыйламау, құрметтемеу. Қазақ тілін үйрену, үйрету оңай емес. Мектептерде, колледждерде тілді үйренудің санқилы тәсілдері мен әдістері қолданып жүр.
Қорыта келе, дүниедегі тілдер арасындағы көркемдігі мен бейнелілігі, тазалығы мен әсемділігі жөнінен сұлу тілдердің бірі – қазақ тілі. Халқымыздың елдігін, бірлігін сақтайтын, тарихымызды, дәстүр мен мәдениетімізді шеберлікпен бейнелейтін – ана тіліміз. Біздің мақсатымыз – ана тілді қадірлей білу, көркемдігі мен рухани байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу.
Менің оқытушы ретінде айтар ойым, экономика оқу орындары оқушыларына кәсіби қазақ тілін үйрету негіздерін осымен шектелуге болмайды. Алдымен сөйлеу дағдыларын меңгеруге, белгілі бір тақырыпқа диалог-әңгімелер құра білуге, қарапайым сөйлемдер құрастыруға, берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, айта білуге оқып үйренуді көздейтін жаңа әдіс-тәсілдер қажет. Сонымен қатар қазақ тілі пәнін өз дәрежесінде өткізу үшін батыл ізденістер мен іргелі жұмыстар қажет.
Қысқасы, кәсіби мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыру - өмір талабы. Өмір талабының орындалуы – барлығымыздың абыройлы парызымыз.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: bayan3903
Просмотров: 1128 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-12-02, 6:17 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru