Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование

ІСКЕРИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ТІЛДІК ЖӘНЕ КӘСІБИ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ СИПАТ
[ Скачать с сервера (23.2 Kb) ] 2015-06-22, 11:18 PM
ІСКЕРИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ТІЛДІК ЖӘНЕ КӘСІБИ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ СИПАТ

С.А.Шнайдер
№ 3 ЖОББМ, Тереңкөл ауылы
Е.А.Шнайдер
ПКжКК, Павлодар қ.

Тіл арқылы қарым-қатынас жасау – адамдар арысындағы байланысты орнату мен дамытудағы, ақпараттар алмасудағы күрделі де сан қырлы үрдіс. Басқаша айтқанда, қарым-қатынас жасау немесе коммуникация – бұл бір адамның екінші адамға ақпаратты беру үрдісі. Кейбір жағдайларда ақпаратты жіберуші бір ғана адам болса, оны алушының орнында бірнеше адам болады, кейде керісінше болуы да мүмкін.
Мәселен, кез келген ұжымның, мекеменің іскери қарым-қатынас жасаудағы коммуникациялық құралы – жазбаша жүзеге асырылатын іскери хаттар. Іскери хаттың жазылу құрылымына қарап, оны жазған адамның деңгейіне, шұғылданатын ісіне баға беруге болады. Сондықтан іскери хаттар жазу барысында ондағы ақпараттың қысқа да нұсқа болуы, сөздердің қатаң, ресми, іскери құжаттарға қойылатын талаптарға сай, әрі орынды қолданылуы аса маңызды фактор болып табылады. Дегенмен бұл тек іскери хаттар жазу кезінде ғана емес, сонымен бірге сұхбаттар мен пікірталастар өткізуде, конференцияларда сөйлеуде, басқа да түрлі ресми кездесулерде аса маңызды. Осындай сәттерде сөйлеушінің тілді, ресми-стильді меңгеру деңгейі байқалады.
Осы жерде ресми стиль дегеніміз не деген сұрақ туындайды. Ғалымдардың айтуынша, сөйлеудің функционалдық стилі – ол қандай да бір қоғамның саласына сәйкес тілдің нормасын, стилистикалық жақтарының функционалдық ерекшеліктерін тиісті тұрғыда көрсете отырып, сөйлемнің дұрыс құрастырылғанын, жеңіл оқылатынын, тиімді қабылданатынын анықтайтын көптеген факторлар. Оларға: оның құрылымы, сыртқы түрі, стилі, екпіні, тілі, сөйлемнің ұзындығы, пунктуациясы және тағы басқа жайттарды жатқызуға болады.
Қазіргі замандағы техниканың дамуына қарамастан (электронды хат, internet, e-mail), іскери және әлеуметтік этикет ережелері өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес.
Қазіргі кезде ресми-іскери стильдің қарқынды дамып келе жатқаны тіліміздің лексикалық қорының өсе түсуінен семантикалық жүйедегі өзгерістерінен, сондай-ақ түрлі сала бойынша арнайы терминдердің қолданылуынан көрінеді. Қазақ тіліндегі ресми-іскери құжаттар стилінің қалыптасуы соңғы жылдары мемлекеттік тіл ретінде кең тұрғыда қолданылуына байланысты болып отыр.
Іскери тіл мен әдеби сөйлеу стилінің қолданылуында кейбір ұқсастықтар мен айырмашылықтар болады. Қазіргі кездің өзінде қазақ тіліндегі жаңа стилистикалық нормалар ежелгі кірме сөздердің, сөз тіркестері мен термин сөздердің кең тұрғыда қолданылу үрдісімен байланысты болып отыр. Ресми-іскери сөйлеу қорының күннен-күнге толыға түсуіне тілдің ішкі ресурстары, орыс тілі арқылы кірген сөздер, халықаралық терминдер мен диалект сөздер, сөз тіркестері туып семантикалық өзгерістер пайда болып жатуына тікелей байланысты.
Осы күнгі әдеби тілдердің көпшілігінде: күнделікті-әдеби, публицистикалық, ресми-іскерлік, өндірістік-техникалық, көркем әдебиет және ғылыми функционалдық стильдер қалыптасқан.
-күнделікті-әдеби стиль – күнделікті бейресми қарым-қатынаста кең қолданылатын және әдеби тілдің «бейтарап» түрі болып табылатын сөз қолданыс қызметін;
-публицистикалық стиль – қоғамдық, саяси өмірмен байланысты адамдардың санасына ықпал ету мақсатындағы сөз қолданыс қызметін;
-ресми-іскерлік стиль – құжаттар мен экономика, құқық, дипломатия салаларындағы, мемлекеттік орындардағы қарым-қатынас қызметін;
-өндірістік-техникалық стиль – өндіріс, техника саласындағы сөз қолданыс қызметін;
-көркем әдебиет стилі – көркем әдебиетте (проза, поэзия, драмматургия) сөз қолданыс қызметін;
-ғылыми стиль – ғылым салаларында сөз қолданыс қызметін атқарады ...» [1, б.54-55].
Кез келген тілдің кәсіби, ресми тілінің лексикасы, оның даму жолдары, қалыптасуы жан-жақты зерттеуді талап етеді. Өткен ғасырлардан бастап қазіргі заманға дейінгі аталмыш лексикалық топ атаулары қалыптасуының ерекшеліктерін зерттеу тіл дамуындағы сыртқы және ішкі факторларының өзара әрекеттестігінің нәтижесінде туындайтын аталым тетігінің жалпы заңдылықтарын айқындауға мүмкіндік береді. Тіл білімі ғылымында қалыптасқан көзқарас бойынша қай тілдің болсын лексикасының дамуы сыртқы факторлардың әрекеттерімен бірге тілдің ішкі үрдістерімен анықталады. Бұл үрдістер тілдің дамуының екі қырын сипаттайды: бір жағынан, тұрақтылық үрдісі, екінші жағынан, экспрессивтілік үрдісі. Осы аталған үрдістер тілдік жүйенің түрлі деңгейлерінде бір-бірімен күрделі өзара әрекеттестікте болып, басқа да категориялармен өзара байланысқа түседі. Мысалы, мұндай категориялар қатарына мыналарды жатқызуға болады: дәстүр, тілдік бедел, әдеби норма, әдеби стандарт.
Жалпы алғанда, ресми-іскерлік стиль – бұл түрлі құжаттардың стилі: халықаралық келісімшарттар, мемлекеттік актілер, заңдар, үкімдер, жарғылар, нұсқаулықтар, қызметтік хаттар, іскери қағаздар және т.б. Ресми-іскерлік стиль өзінің түрлі жанрлары мен мазмұндарына қарамастан, барлығына бірдей бірнеше ортақ белгілермен сипатталады. Олар:
-тілдік құралдардың үнемді пайдаланылуы, ықшамдылық, шағындылық;
-материалдың стандартты орналастырылуы, белгілі бір форма болуының міндеттілігі (жеке куәлігі, түрлі дипломдар, туу және неке туралы куәліктері, ақшаға байланысты құжаттар және т.б.);
-терминологияның, атаулардың (заң, дипломатия, әскери, әкімшілік және т.б. терминология) кеңінен қолданылуы, ерекше лексика мен фразеология (ресми, кеңселік) қорының болуы, қысқарған сөздер мен аббревиатуралардың мәтінге алынуы;
-ерекше грамматикалық құрылысын, түрлі тұрақты сөз тіркестерінің қолданылуы;
-түрлі аталымдық сөйлемдердің санамалау негізінде пайдаланылуы;
-бір фактілердің басқаларға қисынды тәуелділігін айқындайтын күрделі сөйлемдерді қолдану үрдісі;
-эмоционалды-экспрессивті сөйлеу тәсілдерінің толық немесе мүлдем болмауы;
-стильдің төмен индивидуалдануы.
Күнделікті-іскерлік стильге мазмұны мен жанрларына, тілдік тәсілдерді қолдану сипатына қатысты мекемелер мен ұйымдардың арасындағы қызметтік хаттар түрлері және жеке іскерлік қағаздары жатқызылады. Осы тұрғыдан алғанда, әкімшілік-кеңселік кішігірім тіл негіздерін қарастыру өте маңызды, себебі әрбір азамат үшін бұл тіл ерекшелігімен жете таныс болу аса қажет. Сондықтан да бұл саланың тілдік тұрғыдан жан-жақты зерттелуі сөйлеу жағдаяты, айтылым мақсаты мен мазмұнын, оның адрестілігін есепке алатын тілдік амал-тәсілдерді тиімді пайдалану үшін аса қажет.

Әдебиет
1. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. – СПб.: Питер, 2009. – 576 с.
2. Сәрсеке Г.Ә. Тіл мәдениеті. Оқу құралы. Павлодар: ПМПИ баспасы, 2011. – 114 б
Категория: Профессиональное образование | Добавил: 1234563893 | Теги: іскери қарым-қатынас, кәсіби коммуникация, тілдік қатынас
Просмотров: 2600 | Загрузок: 25 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-11-30, 1:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru