Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ Скачать с сервера (15.1 Kb) · Скриншот ] | 2018-05-06, 6:26 PM |
Тақырыбы: «Сумен тәжірибе» Мақсаты:Су туралы түсініктерін қалыптастыру. Судың түрлі қасиеттері:дәмі өзгереді,түсі. Сумен тәжірбие жасауға қызығушылығын арттыру. Құралдар:су,стақандар,банкілер,қылқалам,қант,тас,ұсақ ойыншықтар. Шаттық шеңбер: Қуан,шаттан алақай! Қуанатын күн бүгін! Қайырлы таң балалар! Қайырлы таң апайлар! -Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын. Жылт-жылт еткен . Жырадан өткен. Сұрақ-жауап: -Су не үшін керек? -Су ды балалар ішеміз бе? -Қайда қолданамыз суды? -Ендеше балалар біз сумен тәжірбие жасайық. 1-тәжірбие: «Су қандай?» -Су қандай? Таза. -Су қандай? Мөлдір,прозрачная. 2-тәжірбие: «Су қандай болды?» -Стақандағы суға тасты саламын,тас көрінеді ме? -Көрінеді,өйткені су мөлдір. -Суға бояуды саламын,балалар судың ішінен тас көрінеді ме? -Жоқ ,өйткені су ақ түске айналды да,судан тас көрінбеді.Судың түсі өзгерді. 3-тәжірбие: «Судың дәмі қандай?» -Суды ішіп көріңдерші? -Дәмі қандай?дәмсіз. -Алдарыңда қант,қантты суға салып араластырыңдар? -Дәмі қандай болды? Тәтті. -Судың қант салғанда дәмі өзгереді. 4-тәжірбие: «Судың түстері қандай?» -Стақандағы су қандай?таза,мөлдір. -Стақандағы суға қылқалады көк бояуға батырып,суға араластырамын. -Судың түсі қандай болды?көк. -Әр бала қылқаламды алып,бояға батырып,стақандағы суға араластырады. -Жәнібек сен қандай бояуды алдың?қызыл. -Жәнібек суыңның түсі қандай болды?қызыл түске айналды. -Сонда суға қандай бояу салсақта,судың түсі өзгереді. -Бізге Жәнібек су туралы тақпағын айтып берсін. Сылдырайды мөлдір су . Мөлдір суға қолың жу. Тазалықтың досы Су дегенім осы Ойын: «Ну-ка,вылови!». «Ал, кәне,ұстап ал!» Ыдысқа суды құйып,оған суға батпайтын ұсақ ойыншықтарды,қасық аулап алып,шелекке салу. Рефлексия: Су не үшін керек? -Су қандай болады екен? -Судың түсі өзгереді ме? -Қандай түстермен боядық? Су-мөлдір,түсі өзгереді,дәмі де өзгереді. | |
Просмотров: 1009 | Загрузок: 11 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|