Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2018-11-03, 12:17 PM | |
Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалану балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін дамытады, қоршаған ортаны танымдық зерттеу барысында дидактикалық мақсаттар іс жүзінде асырылады. Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі - жан - жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу. Осы міндеттердің бірі- білім берудің әдіс- тәсілдерін түрлендіріп,жетілдіріп отыру және жаңа иннавациялық білім технологиясын меңгеру. Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар: 1. ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы. 2. Тәй - тәй технологиясы 3. Монтессори технологиясы 4.Модульдік оқыту технологиясы және т.б. 1) Мектепке дейінгі балаларға бейімделген ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауға үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттіліктерді дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып шығармашылыққа баулиды. 2) Тәй - тәй технологиясы. Тәй-тәй технологиясының элементтерін пайдалана отырып,орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз,бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып,ата-анамен байланыс нығаяды.Сонымен қатар түрлендіріп қойылым ойындарын көптеп қолданамыз,бұл ойынның мақсаты бала белгілі –бір бейнені орындай отырып,өзіне деген сенімділік пайда болады. Тәй-тәй технологиясы: Мақсаты: Балалардың өздеріне деген сенімсіздік комплексін жою. Балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне дағдыландыру. Тәй-тәй технологиясының қағидалары: - Оқу тәрбие жұмысын жекешелеу негізінде балаға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып құру. - Топта таңдау мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында оқу орталықтарын құру. Белсенділік орталықтары: Ғылым орталығы: Мақсаты: Балалардың ортақ іс-қимылын ояту,қол саусақтарының қимылын дамыту, шығармашылығын арттыру,жан-жақты қызығушылығын ояту. Өнер орталығы: Мақсаты:Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту,сезіммен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Құрылыс орталығы: Мақсаты: Балаларға заттарды дұрыс құрастыра білуге үйрету.Балалардың дұрыс ойлауын дамыту.Ұжым болып жұмыс жасай білуге тәрбиелеу Желілі ойындар орталығы: Мақсаты: Балалардың рөлдерде ойнау шеберлігін арттыру, ертегілерді кейіпкерлендіру арқылы сөздік қорын молайту, белсенділігін арттыру. Көркем әдебиет орталығы: Мақсаты:Ертегілерді таныстыра отырып,сөздік қорын молайту,тілдерін дамыту.Дұрыс сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу Балалар игеретін білім білік дағдылары: - Өзара сыйластыққа түсіне білуге қабілетті - Шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді Сабырлы болуға,тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді. 3) Монтессори технологиясы. Қай кезеңде болмасын балабақшада Монтессори әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес . Мақсаты: Балалардың қоршаған әлемге қызығушылығын туғызу және оны зерттеуге ұмтылдыру. Сауалдар қою және оларға жауап іздеп табу.Қазіргі таңда балабақшаларда Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп,арнайы бөлме дайындалып жасақталуда.Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып,өз беттерінше жұмыстар атқарып,қиыншылықтарды жеңе білуге,еркін ойлауға тәрбиелейміз. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, әртүрлі жаттығулар арқылы дамыта отырып, ұйымшылдық, тапқырлық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру. Монтессори көрнекіліктердің көмегімен өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді,тағы бір ерекшелігі әртүрлі жастағы балалар бір-біріне кедергі келтірмейді қайта бір-біріне көмектеседі «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады Пайдаланған заттардың ең басында қалай тұрғанын бақылаған бала жұмыс аяғында тап солай жинастырып, тазартып қояды. 4) Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған. Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті . Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу. Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. Оны біз қолданатын кезіміз: -Сөздік қорын байыту үшін -Әнгіме құруға үйретуге -Жұмбақ жасыру және шешуде -Өлең жаттауда Мақсаты; Тірек – сызбаларды пайдаланып, шағын әңгіме құрастыруға бейімдеу,өйткені мнемокестені қолдану балалардың көру, есту, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Мнемокесте қолдана отырып, үстел ойындары, сөздік ойындарды пайдалану керек. Сонда ғана баланың тілі дұрыс және жеткілікті дамиды. Міне,жаңа технологияның тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,білімді ұрпақ тәрбиелейді. Қорытындылай келе, бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқан болмақ. Бала отбасында дұрыс тәрбие алса,тәрбиелеудің нәтижесі жоғары болмақ. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеуҚолданылған әдебиеттер: М.М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы, 2002ж. Мария монтессори: Дом ребенка] Мария монтессори: Помоги мне сделать это самаму | |
Просмотров: 528 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|