Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Ардақты да аяулы "Аналар"
2018-11-03, 2:51 PM
(Музыкамен балалар залға кіреді қолдарында жүрек шарлары болады)
(Ертеңгілікті ер балалар өздері жүргізеді)
Балалар хормен:
Армысың ару қыздар,абзал ана
Әжеге тең келетін барма дана?
Мерекең бүгінгі күн құтты болсын
Қуанышпен құшағың гүлге толсын!!!
Қасым:Армысыздар Ақ жаулықты әжелер!
Ардақтыда аяулы аналар!
Әділет:Ұлағатты ұстаздар!
Сымбатты арулар!
Бәрі бірге:Бүгінгі мереклерімізге Қош келдіңіздер!!!
Балаға ең жақын сіз –АНАлар
Сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар
Әлемдегі ең ғажап ең әсем сөз бұл – АНА ендеше аналар көгершін тобының сізге арнаған әнін қабыл алыңыздар!
****Ән: «Сенің анаң алтын менің анам алтын!»
Әділет:Зияда апай қалай ойлайсың келесі кезегімізді тақпақтарға берейік пе?
Т:Әрине «көгершін » тобы бұл мерекеге жақсылап дайындалды.
Тақпақтар: Анасыз бір жоқ күнің
Әжесіз бір жоқ күнің
Ұсынамыз біз бүгін
Сізге сұлу шоқ гүлін

Түнде серігіп жатпаған
Күндіз тыным таппаған
Бізсіз тамақ татпаған
Айналайын ақ мамам

Әлпештеген баласын
Ана бақыт, ана күн,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын

Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі

Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Бақшадан үйге келгенім де
Бал сөзі жаным деген сая маған

Ақ әжемді әрқашан
Сыйлап жақсы көремін.
Қуантайын деп оны
Өлең айтып беремін

Еркелеймін шаттанып
Қасымда анам болғасын
Балаларды басқа емес
Тек аналар қорғасын.

(Мама папалар биін билейтін қыздармен ұлдар тақпақтарын айтып залдан шығып кетеді.биге дайындық)
Т: Балалар сендер ана туралы мақал білесіңдер ме?
Балалар: ияяяяяяяя
Қасым: ендеше тыңдаңдар біздер бастаймыз ал сендер жалғастырыңдар
Т: Ананың сүті-бал
Балалар:Балалның тілі – бал
Ж:Ақ жаулығы ананың
Балалар: Ақ көрпесі баланың! Жарайсыңдар... ал енді біздің балаларымыздың дайындаған «Мама папалар биін» қабыл алыңыздар
****Би «Мама папалар»
Әділет: Балалар келесі кезегімізді ойынға береміз.
Т: Ойын « Кім жылдам»
Шарты: екі ербала шығады және соларға сәйкес бес бестен қыздар шығып топқа бөлінеді ер балалар қыздарды көтеріп немесе қолдарынан ұстап өз жақтарына алып келу.Ең жылдам қыздарды жинаған бала жеңіске жетеді.
Т: (Әндетіп шығады) Сағындам әже сағындым әже..........
Қасым: Лаззат Жангелдіқызы сіз қандай ән айтып келе жатырсыз?
Т:Қасым бұл әнді бәріміз білемізғой,Солайма балалар?
Балалар: ия
****Ән «Сағындым әже сағындым!»
Әділет: (Қолында шашқа тағатын заколкалары болады)
Т: Әділет мынау не? Бұл саған неге керек?
Әділет:Апай өйткені келесі кезегімізде ойын «шаштараз»
Т: аа
(Ойынның шартын тәрбиеші өзі түсіндіріп ойнатады)
****Ойын «Шашатараз»(Ата-аналармен)
Шарты: 2 ұл бала шығады және соларға сәйкес олардың мамалары.музыкамен ер балалар аналарының шаштарына әр түрлі заколкаларды таға бастайды.кімнің прическасы әдемілеу сол жеңіске жетеді
Т:Қасым сенің әжең барма?
Қасым: Әрине бар өзін мықтап жақсы көремін
Т:Ендеше келесі кезегімізді әжелерімізге арналған тақпақтарға берейік
(Келесі тақпақтарды әжелер биіне қалған ер балалар өздері кезекпен кезек айтып шығып кетеді)
****Тақпақтар(Әжелер биіне қалған балалар)
Т: Құрметті әжелер ұстаздар келесі биімізді тек қана сізге арнаймыз!
****Би «Әжелер »
Ж: Ана деген өмірдегі ұлы есім
Бақ тілесе анадай-ақ тілесін
Ана деген ардақты ат,сен оны
Аналармен би көргенде білесің – дей келе кезегімізді аналар және балалардың біріккен биіне береміз
*** Би «Бабочкалар»
Т: (Қолында киім қыстырғыштары бар)
Қасым: Апай бұл сізге неге керек?
Т: Қасым мен ойын ойнағым келіп тұр ойынның аты « кім жылдам»
(Тәрбиеші өзі түсіндіреді)
****Ойын «Кім жылдам?»
Шарты: 2бала шығады оларға әр түрлі киімдер береді ең бірінші боп жіпке киімдерін қыстырып болған бала жеңіске жетеді
Әділет:Құрметті аналар тек қана сізге арналған әнді қабыл алыңыздар
Т:Ән «Анашым қартаймашы» тамашалыңздар
Құрметті аналар,Ақ жаулықты әжелер Сіздерге зор денсаулық мол бақыт тілейміз.Келгендеріңізге көп көп рахмет тағыда мерекелерің құттықтап келесі кездескенше сау болыңыздар дейміз!
Категория: Дошколенок | Добавил: zsarniyazova
Просмотров: 458 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-12-20, 4:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru