Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Көктем құстары
[ · Скриншот ] 2019-01-15, 7:10 AM
Ересек тобына арналған ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: Көктем құстары
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Мақсаты:1. Балаларға құстар туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы
маңызы, туралы түсінік беру.
2. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға,айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету, құстарға байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Жабдықтау: Құстардың суреттері, бейнетаспалар, дидактикалық ойынға арналған үлестірмелі материалдар т.б.
Ресурстары:Әңгімелесу,көрсету,үлгі әрекет,ойын, “Step by step” технологиясының элементі, үстел үсті ЖИПТО ойыны.
Қос тілді компонент: қарлығаш-ласточка-swallow, ұзақ- грач -rook, көкек- кукушка-cuckoo, тоқылдақ – дятель – datel(дейтил),аққу – лебедь – swan(суен),тырна-цапля-heron-(херн),қараторғай-скворец-ctarlinq-(Cтарлинг),бұлбұл-соловей-nightingale-(нейтингейл)
Сөздік жұмыс.Қорек, ұя,жемсауыт
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы

Ізденуұйымдастырушы Шаттық шеңбер:
Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танасты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз

Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте!Good morning!
Армысың асыл күн! Армысың асыл, жер!
Армысың көк аспан! Армысыңдар, достарым!
Жылуыңа жылу қос, міне, менің қолым!
Әңгімелесу:
-Балалар бізде бүгін ерекше сабақ.Өйткені бізге бүгін көп қонақтар келді. Күндегі сабағымыз бойынша үш топқа бөлініп ЖИПТО алаңында сабағымызды бастаймыз. Ең алдымен кубик арқылы орындарыңды біліп алайық.
-Бүгінгі тақырыбымыз көктемнің құстары жайлы.
Ғажайып сәт: Қарлығаш кіреді.
-Сәлеметсіздерме балалар! Мен Сендерге ұшып келдім. Сендерді сағындым. Енді сендермен бірге боламын.

-Бұл қасиетті де киелі құс қарлығашоған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш адамның досы. Құстар біздің досымыз екен. Өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясын бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Қыстап қалатын құстар жемсауыттан қоректенеді, ал көктемде ұшып келетін құстар ағаштын басына ұя салады. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Енді көктем мезгілінде ұшып келетін құстармен танысайық.Мен сендерге сұрақ қойып отырамын.Сұраққа дұрыс жауап берген бала екі қадам алдыға жылжып отырады.
І Этап
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Ең алғашқы ұшып келетін көктем құстарын атаңдар?
- Өз атын атайтын құс?
-Қасиетті, киелі құс?
(Екі қадам алдыға жылжиды)
IІ. Этап.
Сендерге жұмбақ жасырайын.

Балапанын басатын басқа құс,
Бар сондай қасқа құс.

Сирағы ұзын,
Тырнағы ұзын.
Балықты сүзбей,
Ұстайтын шоқып,
Тұмсығы бiздей.

Екi айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрiгi.

Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді

Айдын көлдің әсем құсы.
Оны біледі үлкен кіші.
(Екі қадам алдыға жылжиды)

ІІІ Этап.
Құстар туралы тақпақ айту.

(Екі қадам алдыға жылжиды)
Дидактикалық ойын: Сен жалғастыр.
Шарты: Бастапқы сөзді тәрбиеші бастайды, қалғанын балалар аяқтауы тиіс.
Қарлығаш балшықтан...
Қараторғай балапандарына...
Аққу өте...
Көкек жұмыртқасын...
Тырнаның аяғы өте...

ІV. Этап.
-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыс естіліп тұр?
Құстарға сипаттама береміз. (Құстардың дауыстары) (Үш тілде айтады)
Көкек-бұл өз атын шақыратын құс. Бұның жаман қасиеті жұмыртқа баспайды. Өзінің жұмыртқасын басқаға салып кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады. Көкек улы құрттарды жейді.
Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз.
Қарлығаш- қасиетті құс дейді. Оған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш адамның досы. Бұл құстың ерекшелігі- ол жемін ауада ұшып жүріп қағып алып жейді.
Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады. Тырна келген соң жер жыртуға болады – дейді ауылдың кісілері
Аққу- бұл киелі құс. Аққу көлде жүзеді. Аққу өте әдемі құс. Аққу тек екеу болып жүреді. Аққуды атуға болмайды деген мақал бар.
(Енді екі қадам алдыға жылжиды)

Сергіту сәті.
1.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу.
2. Құстар сияқты көлден су ішу
3. Бір орында тұрып айнала ұшу
4. Орындарына барып қону.

V.Этап.
Дидактикалық ойын. "Құстарға жем шашайық"
Шарты: мына сұрақтарға жауап берсек, онда құстарға жем береміз.(жемсауытқа жем саламыз)
1. Қыста қалатын құстарды ата?
2. Көктем жаршысы қай құс?
3. Құстар немен қоректенеді?

4. Қандай құстармен таныстық?
5. Құстарды үш тілде ата?

VI.ЭтапҚандай құс?
Шарты:Пазлы құрастыру арқылы көктем құсының суретін құрастыру.
Балалар дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін қайталайды.

-ЖИПТО алаңы бойынша орындарына отырады.

-Қарлығаштың келгеніне қуанады.

-Көктем
-Қар ери.ді,күн жылынады
-Ұзақ, қараторғай

-Көкек
-Қарлығаш, аққу

-Көкек

-Тырна

-Қарлығаш

-Қараторғай

-Аққу

Аядиль:Құстар тойын құттықтар,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.

Айым: Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанатты жепілдеп
Көлге уйрек – қаз қонды.

Ильжан: Келіп көктем құстары,
Бау – бақшада ән салды.
Оларды жас достары,
Ұя жасап қарсы алды.

Аяла: Қарға, қарға, қарғалар
Қар үстінде жорғалар,
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.

Айгерім: Торғай, торғай, тоқылдақ
Жерден тары шоқып – ап
Бөтекесі бұлтиып
Шиық – шиық етіп отырмақ.

-Ұя салады
-Қамқоршы
-Әдемі
-Тастайды
-Ұзын

-Құстардың дыбысы естіледі.
-қарлығаш-ласточка –swallow(суеллоу)
көкек- кукушка-cuckoo(кукко)
тоқылдақ – дятель – datel(дейтил)
қарға – ворона – crow(кроу)
торғай–скворец – starling(старлинг)
бұлбұл – соловей – nightingale(нейтингейл)

-Сергіту сәті (Видео)

-Торғай, қарға, көгершін
-Ұзақ,қараторғай
-құрт-құмырсқамен, зиянды жәндіктермен
-Қарлығаш, тырна, аққу, көкек
- қарлығаш-ласточка –swallow(суеллоу)
көкек - кукушка-cuckoo(кукко)
тоқылдақ – дятель – datel(дейтил)
қарға – ворона – crow(кроу)
торғай – скворец – starling(старлинг)
бұлбұл – соловей – nightingale(нейтингейл)

-Пазлы құрастырады.




Рефлекстікоррекциялаушы Қорытынды: Ал балаларбізбүгінкөктем құстарымен таныстық. Бізге қарлығаш қонаққа келді.Енді қалықтап ұшқан құстарды елестетіңдерші көз алдарыңа...
Еліміздің болашағы мына сіздердің білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар. Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.
Мадақтау.
Егер бүгінгі сабағымыз сендерге ұнаса алдарыңдағы смайликтерді көтеріңдер. Мадақтауға қуанады. Смайликтерді көтереді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар құстар туралыбілімдерінтолықтырады.
Игереді: Құстарға қамқор болуды, оларды күте білуді, қорғауды.
Меңгереді: Құстардың дауыстарын ажыратуды.
Категория: Дошколенок | Добавил: zhakainura
Просмотров: 1450 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 2:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru