Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Печатная продукция
[ Скачать с сервера (806.4 Kb) · Скриншот ] 2019-02-10, 9:56 AM
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Павлодар қаласының №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы
жалпы орта білім бейіндік мектебі» ММ

Министерство образования и науки Республики Казахстан
ГУ «Средняя общеобразовательная профильная школа №41
с физкультурно-оздоровительной направленностью»

«Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу»

2017-2018 оқу жылы

Құрастырушы:Майра Қаирбайқызы Смайлова
«Павлодар қаласының №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы
жалпы орта білім бейіндік мектебі» ММ тәрбиешісі

Рецензент: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, п.ғ.к.
Н.С. Асенова

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Бұл қолжазба болашақ тәрбиешілерге көмекші құрал деп есептеймін. Осы бөлімдердегі тапсырмалар 4-7 жастағы балаларға арналған.

Павлодар қаласының №41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім бейіндік мектебінің педагогы Смайлова Майра Қаирбайқызы «Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу»-атты тақырыбы бойынша жасаған әдістемелік құралына
РЕЦЕНЗИЯ

Ұсынылып отырған нұсқауда мектепке дейінгі жастағы баланың байланыстырып сөйлеуіне, ой-өрісін жан-жақты дамуына тікелей әсер етуі көрсетілген.
Әдістемелік нұсқауда «Балалардың тілдерін дамыту әдістері» арқылы балаларды байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн деп ойлаймын.
Әдістемелік нұсқау практикалық тұрғыда проблемалық жағдайлар және оларды шешу жолдары жазылған. Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті: сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі: түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі - сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы, әртүрлі түстен болуы керек.
Құрастырған ойын-сабақтар, танымдық дамыту ойындар балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, қасиетіне қарай ажыратуға, топтастыруға үйретеді.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады. К.Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».
Автордың әдістемелік нұсқауы балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту барысында жан-жақты дамуында алатын мәні зор. Сондықтан мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарға қолдануға ұсынылады.

ПМПИ мектепке дейінгі
және бастауыш білім беру
кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Н.С. Асенова

Мазмұны:

Рецензиясы-------------------------------------------------------------------------------2-3

Кіріспе ------------------------------------------------------------------------------------5

Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу---------------------------------------------6

Балалардың тілдерін дамыту әдістері-----------------------------------------------7

Байланыстыра сөйлеуге үйрету жолдары------------------------------------------7-8

Диалог, монолог-------------------------------------------------------------------------8-9

Мнемокесте------------------------------------------------------------------------------9

Ойын--------------------------------------------------------------------------------------10

Триз---------------------------------------------------------------------------------------11

Театр--------------------------------------------------------------------------------------12-14

Қолданылған әдебиеттер-------------------------------------------------------------15

Кіріспе.

Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Байланыстырып сөйлеуге алу ақыл-ой және эмоционалдық даму деңгейін байқатады, балалардың сөздік қоры мен тілдік грамматикалық құрылымын қаншалықты дәрежеде меңгергенің көрсетеді. Балаларды сөйлеу мәдениетіне үйретуде әр түрлі әдіс-тәсілдер болады. Баланың іс-әрекетінің көп бөлігі-ойын. Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады. Сондықтан, тәрбиеші сабақтарда әр түрлі әдіс-тәсілді қолдана біліп, балаларды қызықтыра алып, жүзеге асырса, нұр үстіне нұр болар еді.

Тақырыбы: «Баланы сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу»

Бұл тақырыпты алған себебім, мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн деп ойлаймын.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше.
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:

Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – Сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .
Байланыстыра сөйлеуге үйрету жолдары

Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор. Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады.
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
Жұптық
Топтық
Ұжымдық.
Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен - екеуінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі ,тіл дамытуы көрнекілік әдісі,ойын әдістер арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі. К.Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді».
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау.
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б.
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.
Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту.
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету.
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру.
4. Әңгімені құрастыру.
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу.
6. Тақпақтарды жаттау.
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беріге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.
Үстел үсті мнекесте басқа кестелерден ерекешелігі бала бұл кестені қолмен ұстап, көбен көреді, жан-жақты таниды. Балаға өзі білген сөздерден және де өткен сабақтардан меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызықты. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Мысалы: «Менің балабақшам» тақырыбын өткен кезде топ, бөлме, ойыншық-сөздерін меңгеретін болсақ, өткен сабақта білетін, әдемі, таза сөздері тағы бар, осыдан бала «балабақшам таза, жарық» деген сөз тіркесін лезде орындай алады, ал келесі сабақта басқа тақырыпты өткеде, мысалы : «Тағамды» алатын болсақ, «балабақшада тәтті тағамдар бар» тағы сол сияқты сөз тіркестерін құрай алады.

Осы аталған әдістердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты элемент болып саналады.
Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
«Ойын – күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады» (К.А. Покровский).
«Ойын – ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты» (В.М.Сухомлинский).
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін дидактикалық ойынның рөлі ерекше. Ойын арқылы баланың болашаққа деген көзқарасы қалыптасады. Ойын баланың ой өрісін дамытады,балаларды бірлесіп ойнауға үйретеді. Бірлік түбі-тірлік деп тегін айтылмаған. Бірлесе ойнап отырып, бала қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Балалар ойын арқылы бір-бірлеріне ізеттілік білдіріп осы қасиеттері өмір бойы жалғасады. Ойын баланың жол серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі.

Дидактикалық ойынның түрі: заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.
Триз әдісі - түсініктемен қолдана , отырып, жаңа нәрселерді туғызады, «ескіні» жақсартады, баланы қуанышқа бөлейді. Триз әдісін қолданып бір неше ойындармен қолданамын:
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты: өткен сабақта сөздерді қайталау, бекіту.
Шарты: текшедегі суреттер арқылы сөз тіркестерін құрастыру.
Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері»
Мақсаты: есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
Ойын шарты: тақырыпқа сай сурет бойынша жыл мезгілін сипиттап беру.
Дидактикалық ойын: «Жемістерді ажырату»
Ойын шарты: балаларға тірек сызбалар таратылып беріледі. Олар тақырыпқа сай, белгілерді дұрыс шешіп,жемістерді ажыратып береді және байланыстырып сөйлем құрастыру қажет.

Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес.
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу.
Міндеттері:
- театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
- сөздік қорларын байыту;
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету;
- кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету.
Әдіс-тәсілдер:
- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.);
- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.
Жұмыстың нәтижесі:
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
- балалар тілі дамиды;
- сөздік қорлары толығады;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі – қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі.
Театр түрлері:
Қуыршақ театры.
Саусақ театры.
Көлеңке театры.
Ойыншықтар театры.
Саусақ театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады. Біз балалармен бірге театрландырылған қойылымдар және қысқа ертегілерді пайдаланып ата-аналарға, мектептегі балаларға сахналап бердік.

Осындай жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана отырып, балалардың көпшілігі жылдың аяғында көмекші сұрақсыз ойыншықтарды, жануарларды, жемістерді дербес байланыстырып айтуға, әңгімелеуге үйренеді. Олардың баяндап әңгімелеулерінің көлемі ұлғайып, толық айтылатыны байқалады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Ушакова О.С. «Развитие речи детей».
2. «Отбасы және балабақша» журналдары
3. Бородич А.М. «Методика развития речи»
4. «Дошкольное воспитание»
5. Баймуратова Б. «Тіл дамыту әдістемесі»
6. Воробьева В.К., Ткаченко Т.А. «Моделдеу арқылы әңгімелеу үйрету жолдары»
7. «Дидактикалық ойындар жинағы»
8. Мурашковская И. «Педагогикалық техника»
Категория: Дошколенок | Добавил: smajlovamajra
Просмотров: 442 | Загрузок: 14 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 1:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru