Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Қош бол,балабақша-Сәлем мектеп!
2019-06-19, 5:09 PM
Тоқтағалиева Бақытнұр Жұмағазықызы.
ШҚО Тарбағатай ауданы, Ойшілік ауылы
«Әсем» ясли балабақшасы тәрбиешісі
.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!
«Әсем» бала-бақшасына, «Бақытты балалық шақ» шуағы келіп қонды. «Қарлығаш» тобының ең жарық жұлдыздары, 2019 жылдың түлектері жәнеде топ тәрбиешілері Нүргүл Дәуітбекқызы мен Бақытнұр Жұмағазықызы кіріп келе жатыр.
1 жүргізуші: Армысыздар қымбатты ата-аналар балабақша ұжымы! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді  ұямыздан ұшырып мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Өтті қызық көп күндер,  
Алты жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
2 жүргізуші:
Өсті ақыл, ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Олардың әр бірі балабақшадан  білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі оқушы болатынына сеніміз мол.
1 – жүргізуші:
Думандатып бақшада,
Қызықты той басталды.
Түлектері бақшаның,
Әдемі ән шырқасын!
«Балабақша» әні
1 - жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейіп
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
2 - жүргізуші
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік
Еңлік:
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің гүліміз,
Біз осы үйдің сәніміз.
Аяла.М:
Қуанамыз,сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
Әділжан:
Балабақша күндерін,
Есімізге сақтаймыз.
Тәрбиеші сіңірген
Еңбегіңді ақтаймыз.
Амина.Т:
Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз.
Айзере:
Бес жасқа біз толамыз
Әдепті бала боламыз
Қуантып ата - ананы
Мектепке кетіп барамыз

Райяна:
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз,
Қоштасып балабақшамен.
Мектепке біз барамыз.

Аиша:
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашықта болмас арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
Жанали:
Балабақшам сүйікті, 
Ән салдыртты, билетті, 
Шынықтырып денеңді 
Шымыр болуға үйр
1 - жүргізуші:
Қымбатты ата - аналар, ұжымдастар, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Бүлдіршіндерге сәт сапар тілейміз
2-жүргізуші:Балабақшаға бүлдіршін болып келіп, шәкірт болып аттанғалы тұрған тәрбиеленушілеріміздің балабақша қабырғасында жүріп «Қатынас», «Таным», «Денсаулық», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»  салаларында өздерін дамытып, білімдерін шыңдап, мектеп білім ордасының табалдырығын аттауға дайын екендерін таныта білді. Мақсатқызы Іңкәр «Санамақ» айтады
1 - Жүргізуші:
Бөбек еді ол рас
Кіп-кішкентай кешегі
Бүгін міне азамат
Болды бәрі деседі

2 - жүргізуші:
Мерекеде тамылжыта ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлдар мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел қошеметтеп қарсы алады Нұржан мен Ерсұлтанның орындауында «Атамекен» әні
Тақпақтарға кезек берейік:
Сұлтан:
Детский садик до свидания!
Школа нам теперь нужна.
Здравствуй школа,замок знаний,
Ты-волшебная страна.
Нұржан:
Наш любимый детский сад,
Царство сказки золотой!
Просим нас не забывать,
Мы прощаемся с тобой.
Ерсұлтан:
До свидания детский сад,
Не вернемся мы назад.
Воспитателям своим,
Мы «спасибо» говорим.
Іңкәр.М:
А у нас сегодня праздник,
Радостный веселый.
До свидания детский сад,
Здравствуй школа.
Айқын:
До свидания детский сад,
Все сегодня говорят.
И родители,и дети,
Трудно всем в минуты эти.
1 - Жүргізуші:
Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын
Сәбиі еді былдырлап
Сағынышын айтатын
2 - Жүргізуші:
Тілі таза бүгінде
Жүгірмейді аптығып
Жүректері тұрма әлде
Қоштасатын шақты ұғып. Би: "Әкелер мен қыздар" билейді.
Жүргізуші:
Тіл дамытып сурет салып
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын.
2-жүргізуші:
 Балдай тәтті балалар,
Алдыңда білім мектеп бар.
Өзеріңнен өтеді.
  Өнерлі де даналар. Аиша онға дейін үш тілде санайды.
1-жүргізуші:
Құйқылжытып ән салған,
Әніне жұрт тамсанған
Әнші біздің  Іңкәр деген қызымыз . Ән «Құттықтаймын мама туған күніңмен»
Іңкәр .М:
Сиң,сиң соң,
Сиң,сиң,сиң!
Уелкам скул,
Гуд бай киндегатн!
Ақнұр:
Сприң из грин,
Сама из брайт.
Отм из иелоу,
Уйнта из уайт.
Мансұр:
Ай ем е маус,
Ю а е кат.
Уан,ту,сри,
Ю катч ми.
Айғаным:
Гуд монинг, гуд монинг,
Гуд монинг ту ю.
Гуд монинг ,гуд монинг,
Ай ем глад ту сей ю.
1-жүргізуші .Көріп  тұрып  түлектерді  қаншама,
Жақсы  тілек  білдірейін  баршаңа
Өрендерім  өлең  айтып, би билеп,
Өнерлерін  салсын  бүгін  ортаға.
2-жүргізуші:
Көктем жаздың кереметі көп екен,
Биші қыз кешіміздің сәні екен.
Шақырайық олай болса ортаға,
Биші қыз Еңлікті қошеметпен. Би «Папито»
2-жүргізуші:Міне, балалар сендер көптен күткен қимастығы мен қуанышы бірдей мерекелерің басталып та кетті. Сендерді қуанышты күндеріңмен құттықтауға сәбилер тобынан келіп тұрған бүлдіршіндердің ақ тілегін тыңдасақ.
Ерасыл:
Ана тілін ардақтап
Ата салтын біз көрдік.
Сурет салып, ән жаттап.
Оқып- жазып үйрендік
Аяла.Ж:
Сендермен бірге өстік біз, 
Көп жақсы нәрсе үйрендік. 
Шығарып сап мектепке 
Құттықтауға келдік  біз.
Мирас.Ж:
Амал қанша бұл анық, 
Қоштасатын кез келді, 
Ойыншықтар мұңайып 
Іздейді-ау енді сендерді. 
Мирас.М.
Өздеріңді олар да, 
Сағынады біліңдер 
Бізбен бірге ойнауға, 
Келіп-кетіп жүріңдер 
Іңкәр.С:
Өздеріңді ұмытпай, 
Есімізге аламыз. 
Ұмытпас деп ұясын, 
Шығарып біз саламыз.
1-жүргізуші:
Біз байқамай отырған бір әнші бар,
Өнеріне  өзгелер  тәнті  шығар
Айзерені шақырайық біз ортаға
Жүректі тербеп алар, әнді шырқар. Айзеренің орындауында «Милая мама» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:Бесіктегі баланың,
Күлгенің көрген бір мұрат
                      Алдына түсіп ананың.
                      Жүргенін көрген бір мұрат.
2-жүргізуші:Толқимыз толқып тұрсыз,баршаңызда
                      Мұндай күй болған сірә,қаншаңызда
                      Қол соғып,қошеметтеп шақырайық
                      Балдырғандар мен аналарды.. Аналар мен ұлдардың биі
Ойын:. КІМ ЖЫЛДАМ ? ойыны. Жерде әріптер жатады ,балалар музыка қосылғанда билеп жүреді.Музыка тоқтағанда бір әріпті басып қалады.Сол әріпке байланысты сөз айтады.
 Аиша мен Аяланың орындауында «Ақ құс» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:Қоштасып мен бүгін балалықпен,
                      Қоштасамын сиқырлы балабақпен
                       Танысып мектеп деген әлемменен
                       Достасамын біліммен,даналықпен.
2-жүргізуші: Қарашы бүгінгі күн қандай,
Қалайша қаласың нұрланбай.
Вальс билесе түлектер,
Жер шары айналып тұрғандай.
Деп келесі кезекті биге берсек. Би: «Қоштасу Вальсі» (қыздар мен ұлдар)
Ән «Әрқашан күн сөнбесін» Балалардың орындауында.
1-жүргізуші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын! Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын! Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын! Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!
2-жүргізуші?
Бөбек еді, ол рас Кіп- кішкентай кешегі. Бүгін міне азамат, Болды бәрі кезегі. Санды танып, сурет салып, Жаттықтырып қолдарын, Мектепке шығарыпсап, Тілейік ақ жолдарын.
1-жүргізуші Бәріміздің ақылшымыз,панамыз. Ақыл сұрап,тірек болар саямыз Тоғжан апай балабақша тірегі Қошеметтеп,қол соғып,қарсы аламыз Ендігі сөз кезегін балаларға деген ақ тілегін,жылы лебізін білдіру үшін «Әсем» ясли-бақша меңгерушісі Дүйсенбаева Тоғжан Мұратқызына береміз. (грамота балаларға, сыйлықтар тарту етіледі)
2-жүргізуші:Бір ата,бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,
Бірлік барда,тірлік бар деген бабам.
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз! -дей отырып құттықтау сөзді ата -аналарға береміз.[size=14]
Категория: Дошколенок | Добавил: жаксы | Теги: коштасу, Балабакша
Просмотров: 426 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru