Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығын қазақтың ұлттық аспаптарын қолдана отырып арттыру.
2019-09-08, 10:13 AM
Баланың дауысы нәресте кезінен қалыптасқан табиғи құрал. Сондықтан
да ән баланың өмірлік серігі, оның бос уақытын толықтырушы,
шығармашылық, сюжеттік ойындар ұйымдастыруына көмекші. Ән айту
арқылы музықалық әдістердің: би, хоровод, музықалық аспаптарда ойнау
сияқты түрлері де қолданылады.
Баланың қабілеті белсенді музыкалық қызмет үрдісінде дамиды. Баланың
өсу сатыларындағы өзгерістерді ескере отырып, музыкалық қызметті баланың
ең жас шағынан бастап дұрыс ұйымдастырып, бағытқа салу балабақшаның
міндеті болып табылады.
Балаларға музыкалық тәрбие беруде ұлттық аспаптар айрықша рөл атқарады.
Олар балалардың зор қызушылығын туғызады.
Музыкалық ұлттық аспаптардың басты қасиеті: олардың басым
көпшілігінің тұт ағашынан, ал ішегінің жібектен жасалуы аспаптың үнінің
әсем де таза шығуына әсер етеді. Қазақтың ұлттық аспаптары өзінің сыртқы
құрылысы, дыбысы баланың оны ойнап көруге деген құштарлығын тудырады.
Аспаптардың көмегімен балаларды музыкаға әуестенуге, ұлттық рухта
тәрбиелеуге күш саламын. Бос уақытта музыкаға деген әуестенушіліктерін
балалар менің жетекшілігіммен оркестрде ойнау арқылы жалғастыра алады. Әр
топта музыкалық аспаптарының құрылымы мейлінше қарапайым шағын
оркестр құрып балалар аспаптардың дауысы таза екенін, көлемі мен салмағы
жағынан мәліметтер алады.
Біздің балабақшада әуен сабағына қызықтыру үшін барлық жағдай
жасалған . Әсіресе, ұлттық аспаптар:жетіген, қобыз, домбыра, дабыл, асатаяқ,
сыбызғы, қоңыраулар, сылдырмақ т.б. сабаққа аса көрікті мән береді.
Күнделікті жұмысымда мектепке дейінгі балаларға ықшамдалған қазақ
халық әуендерін аспаптармен ойнауға үйретемін, мысалы: «Қамажай»,
«Жайдарман», «Әлди – әлди».
Сабақта музыкалық аспаппен таныстырып, содаң – соң оны жұмыс
барысында қолданамын. Аспаппен ойнау балаларды қызықтырып, көңілдерін
көтереді, музыкалық тыңдау қасиетін дамытады. Барлық музыкалық
аспаптардың бір тобы бар. Олар шекті, үрмелі, соғып ойналатын аспаптар
болып бөлінеді. Мұндай классификацияның шарттылығына қарамай балаларға
ән – күй сабағында аспаптарды пайдаланады.
Ән – күй сабағында мен көбінесе ұрмалы аспаптарды қолданамын,
диатоникалық аспаптардан тек қана сыбызғы, қоңырау, металлофон
қолданамын.

Сирек қолданылатын аспаптардың жетіген, қобызға сипаттама беріп, олар
туралы жазылған аңыз, әңгімелерді келтіремін.
Тәрбиеленушілер аспаптар туралы мәліметті тез ұғып, оларды сабаққа
қызықтыру үшін жаңа технологияларды қолданамын..
Баланың дауысы мен есту қабілеті әндерді үйрену кезінде оркестрмен
ойнаған кезде көп көмек көрсетеді, өйткені балалар тек өзі ойнаған аспапты
ғана емес, басқа аспаптардың дауыс ырғағын естиді.
2014 жылы өткен «Саз, би, бейнелеу және поэзия өнерлеріндегі күз»
қалалық семинарында «Музыкадағы күз суреті және поэзия» атты сабағымда
даярлық топпен «Күз» әнін диатоникалық қоңыраулармен қосып айттық. Осы
жастағы балаларға бұл тапсырма қиындау, соған қарамастан тәрбиенушілер
әнді жақсы орындады. Келген қонақтардан оң баға алды.
«Жас тәрбиешілер» мектебіне арналған ашық сабақтар өткіздім, мысалы:
«Қазақ ұлттық аспаптары», «Достық», «Сыңғырлай бер, домбыра» т.б.
Жетекші ретінде әр ертеңгіліктер мен мерекелерде тақырыпқа сай
әндерден басқа оркестр орындауындағы шығармаларды орындатамын, сонымен
қатар салт -дәстүріміздің бірі айтыс өнеріне де аса назар аударып баулимын.
Ұйымдастырылған оқу -іс әрекетінде бүлдіршіндердің тыңдау, есте
сақтау қабілеттерін арттырып, жас ерекшіліктеріне сай өлеңдерді үйретемін.
Аспапта ойнау балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке, сезімталдылыққа,
адамгершілікке баулиды.
Ән – күй сабағында музыкалық аспаптармен таныстыру, ойнау әдістерін
меңгерту арқылы баланың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру –
педагогикалық шеберлікті, талмай ізденуді қажет ететін күрделі жұмыс.
Жылдың басында балалардың білімдерін диагностикалап жыл аяғында
жеткен жетістіктерді саралап, қорытынды шығарып, ендігі жылға жұмыс
жоспарын жасаймын.Ұстаздық қызметімде әр күнімді Қазақстанның
болашағы – сәбилерді ұлттық рухта тәрбиелеуге арнап келемін.
Категория: Дошколенок | Добавил: dakenovasaulee
Просмотров: 529 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 0:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru