Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Менің тұңғыш Президентім!
2020-03-19, 11:42 AM
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Менің тұңғыш Президентім!».
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру.
Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ – жауап, мадақтау.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қане, балалар, қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қане енді бәріміз шеңберге тұрайық.
Шаттық шеңбер:
Гимн орындалады.

Балалар бүгін біз сабағымызда Еліміздің тұңғыш президентіміз жайлы айтамыз.

Тақтаға назар аударыңдаршы, біздің тұңғыш Елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар!
Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның салушысы – Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Тұңғыш Президентіміздің халық алдындағы еңбегі жайлы айта беретін болсақ ұшаң-теңіз.
Тәрбиеші: Елбасымыздың отыратын орны қалай аталады?
Балалар: Ақорда үйі.
Қазақстанның елордасы астанамыз қалай аталады балалар, қане айтайықшы.
Балалар: Нұр – Сұлтан қаласы
Тәрбиеші: Өте, жақсы балалар. Біз енді әсем қала Нұр-Сұлтан қаласына саяхат жасаймыз. Ал, енді Нұр – Сұлтанда не бар айтыңдаршы?
Балалар: Бәйтерек бар!
Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.
Тәрбиеші: Тағы, не бар?
Балалар: Пирамида
Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасыңдар! Пирамида ол Бейбітшілік және келісім сарайы
Балалар, біздің елдің рәміздерін атайықшы.
Балалар: Ту, Елтаңба, Гимн.
Тәрбиеші: Тудың түсі қандай,
Көк
Тәрбиеші: Ортасында не тұр?
Күн
Тәрбиеші: Өте, жақсы. Төменгі жағында не тұр?
Қыран құс.
Тәрбиеші: Қыран құс – әр қазақтың ұлы мен қызы әрқашанда биікте жүрсін деген мағынада.
Тәрбиеші: Ал, шетінде не көріп тұрсығдар?
Ою
Тәрбиеші: Дұрыс, қазақтың ұлттық оюы.

Тәрбиеші: Әр елдің өз рәміздері болады демекші, біздің де бұл Елтаңба.

Жаңағы айтып кеткен Гимніміз. 1992 жылы 4 маусымда қабылданған.

Ал, енді балалар сендер елбасы туралы тақпақ білесіңдерғой, соны айтып беріңдерші.

Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз Әділжан
Шешімдері болмайды

Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда Фазилла
Биікке іліп қояды.

Құт, береке шанырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ Айару
Екі жақтан көмкерген


Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның Құндыз
Болашағы бірлікте.

Балалар, сендер шаршадыңдар ма? Келіңдер сергіту жаттығуын жасап алайық.

Сергіту сәті: «Мен қазақпын»

Өте, жақсы балалар. Ал, енді біз топ болып жұмыс жасаймыз.
Сендер жылдам әрі ұқыпты жұмыс жасасаңдар мен сендерге сыйлық беремін.

1- топ «Болашақ» тобы. (ұрандары). Бәйтеректің макетін бояйды
Болашақ тобы алға,
Биіктерге самға.
Достығымыз барда
Жүреміз тек алдын
.
2 - топ «Самғау» тобы. Қазақстанның картасын құммен жасайды.
Ешқашанда жалықпаймыз,
Ешқашанда қалмаймыз.
Тек қана талма,
Ұмтыла бер алға!

3 – топ. «Достық» тобы. Тудың суретін фетрдан жасайды.
Дос болайық бәріміз,
Ажырамас іргеміз.
Достық жырын біліңдер,
Туғып ұстап жүріңдер.

4 - топ «Отан» тобы. Ақорданы құрастырады.
Отан туған еліміз
Отан туған жеріміз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән күйіміз.

5 Топ «Бүркіттер» тобы. Елтаңбаның суретін құрастырып тақтаға іледі.
Бүркіт көкке самғайды.
Зеңгір көкті қорғайды.
Әрқашанда бүркіттей.
Біздің топта самғайды.

Балалар жұмысты жасап болғаннан соң бағалайды. Ұнаса қол шапалақтайды. Ұнамаса аяқтарын тыпырлатады. Тәрбиеші балаларды мадақтап, сыйлықтарын таратып ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды.

Күтілетін нәтиже: Білу керек: Қазақстан Республикасының президентін таниды.
Игеру: Рәміздер туралы түсініктер бар.
Біледі: Топпен ұқыпты және бірлікте жұмыс жасауды.

Кайырханова Серикжан Кенжебековна.
КМҚК «Әсем» ясли – бақшасы.
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Категория: Дошколенок | Добавил: жаксы | Теги: жоспары, балабақша, сабақ
Просмотров: 376 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 4:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru