Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

іс әрекеттер
2013-02-05, 1:47 PM
Білім беру саласы:Таным.
Бөлімдері: Қоршаған орта.
Тақырыбы:Жабайы аңдар.
Мақсаты:
Білімділік:Жабайы аңдармен таныстыру.Қоршаған табиғаттағы жабайы аңдардың мекені туралы түсіндіру.
Дамытушылық:Жабайы аңдардың қоректенуі,тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні:Табиғатты сүюге,аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:Жабайы аңдар. «06-14» №27

Әркет кезеңдері. Тәрбиешінің іс -әректі. Балалардың іс-әректі.
Мотивациялық қозғаушы. Ш .ш. «06-04» «Б» №6

Балалар бүгін мен балалабақшаға келе жатқанда мынадай қорап тауып алдым. Армысыз қайырымды аспан-ата,
Армысыз қайырымды жер ана
Армысыз шұғылалы алтын күн,
Күліп шықты күн бүгін.

Таңырқай қызығушылық пен қарайды.
Іздену барлау. Ол жай сандық емес,сыйқырлы сандық екен .Бұл сандықтың ішіне орман аңдарын сыйқырлап салып қойыпты.
Оларды сыйқырдан арылту үшін біз жұмбақтар шешуіміз қажет сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдарма.

Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай шу.
Аңдардың бәрін алдап кетеді.
Әр жұмбақтың шешуін тапқан сайын сол аңды сандықтан шығарып отыру.
Қорбаң-қорбаң етеді,
Балды жақсы көреді,
Қыс бойы ұйықыға кетеді.

Ұзын құлақ,
Өзі өте қорқақ.

Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №3

Сандықтан қандай аңдар
шықты?

Міне балалар қаншама аңдарды сыйқырдан босаттық.Аңдар сендерге рахмет айтып жаттыр.Осы аңдарды орман аңдары дейміз.Өйткені олар орманда тіршілік етеді.Өз азықтарын өздері тауы жейді.
Д.о «Аңдар немен қоректенеді»
Сәбіз,бал,балықтың суреттері бар үлестірмелі карточкалар таратылады.
Сәбізді қай аң жақсы көреді?
Балды ше?
Балықты ше?
Аңдарды сыйқырлы сандыққа салып айтайық сыйқырлы сандық аңдарды орманға жеткіз деп. Балалар келіседі.

Иә.

Түлкі.

Аю.

Қоян.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.

Аю,түлкі,қоян.

Айтылған сөздерді тыңдап отырады.Аңдардың сыйқырлы сандықтан шықанына қуанып отырады.

Сәбізді қоянға береді.
Балды аюға береді.
Балықты түлкіге береді.

Балалар қуана сыйқырлы сандыққа аңдарды орманға жеткізуін айтады.

Рефлексивті қортындылау. Жабайы аңдар қайда тіршілік етеді екен?
Біз қандай аңдар мен таныстық?
Түлкі қандай аң екен балалар?
Қоян ше?

Аюдың жүрісін салайық.
Қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастырылан іс әрекетіне белсене қатысып отырған балалрды мақтау. Орманда.

Түлкі,қоян,аю.
Өте қу,аңдардың бәрін аладап кетеді.
Өте қорқақ,секіріп-секіріп жүреді.
Қорбаң-қорбаң,қорбаңбай,
Келе жатқан аю ғой,
Жақындап оған бармайық,
Қатар-қатар тұрайық,
Алыстан байқап тұрайық.

Қимылдарман көрсетеді.
Білуі немесе хабардар болуы:
Орман аңдары мен танысты.
Қалыптасқан әдет:Қайда тіршілік ететіндерімен танысты.
Істей біледі:Суреттері арқылы аттарын атап бере алады.


Білім беру салалары:Қатынас.
Бөлімдері : Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Бауырсақ ертегісі»
Мақсаты :Б.М.Ертегіні зейін қойып тыңдай білуге, әртістік қабілетін дамыту.
Д.М.Ертегінің желісі бойынша сұрақтарға жауап бере білуге,қысқаша мазмұндауға үйрету.Олардың дауысын салып қызыға ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Т:М.Бір-бірлерін сыйлауға,көмектесуге,адамгершілік қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ертегі кейіпкелері.
Сөздік жұмыс:Мінездеме.
Қостілділік компоненті: ертегі -сказка
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш «06-04» «Б» №6

Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі сендерге ұнайма?
Ұйымдастырылған іс-әрекетті жұмбақ жасыру арқылы бастау.
Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкетай арадан.
Жауабын тез табу үшін суретін көрсету.

Өзі өте қорқақ,
Құлағы ұзын,
Секіріп жүреді.

Орманда тұрады,өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу.
Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?
Өздерің қандай ертегі білесіңдер? Армысың мейірімді Жер?
Армысың,шұғылалы алтын күн?
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы күн менің достарым.

Аю.

Қоян екенін бірден айтады.

Түлкі.

Шалқан,
Түлкі мен қасқыр.

Іздену - барлау

Мен сендерге «Бауырсақ»ертегісін айтып беремін.
Ертегіні кейіпкелерімен бірге сахыналап көрсету.
Ертеде ата мен апа болыпты. Ата:Кемпірім-ау маған бауырсақ псіріп бер.
Апа.Үйде ұн жоқ,неден пісірем.
Ата:Әй кемпірім,қаптың түбін қағып,қырнап көр,бауырсаққа ұн табылып қалар .
Қаптан әже екі уыс ұн тауып илеп майға бауырсақ пісіріп,терезе алдына суытып қояды.
Жата –жата жалыққан бауырсақ жерге домалап түсіп,жолға түседі.
Бауырсақ жолда зымырап келе жатса алдынан қоян шығады.
-бауырсақ,мен сені жеп қоямын!
-Жоқ,сен мені жеме мен саған өлең айтып беремін.
Қоян құлағын түреді бауырсақ былай дейді.
Әжей қоймай қырнаған,
Екі уыс ұн жиған,
Балқаймаққа шылаған,
Пісіріп майға сыл\аған.
Суытып та сынаған,
Бауырсақпын зулаған,
Атадан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым,
Қоян сенен құтылу,
Қиын емес бұл маған.
Бауырсақ апы қарай домалап қаша береді.
Қасқыр шығады.Оғанда осылай әндетіп қашыды.
Аю шығады оданда әндетіп қашады.
Түлкі шығады.
Бауырсақ өлеңін айтып бола бергенде қу түлкі
-Менің құлағым дұрыс естімейді,тұмсығыма шығып айтып берші дейді.
Бауырсақ түлкінің тұмсығына шығып өлеңін айта бастағанда,түлкі оны «ап»деп жеп қояды.
Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №13
Ертегі мазмұннын балалардан сұрау.
Жақсы,түсініп айтқан балаларды мақтау.
Қуанады.тып тыныш отырып тыңдайды.

Ертегіні қызыға тыңдап отырады.

Бауырсақтың өлеңіне,қояннан қашқанына мәз болады.

Кейікерлердің шыққандарына қызығып отырады,

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп,теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Өздерінің түсінгендерімен айтып береді.

Рефлексивті - қорытындылау
Түлкі қандай аң?
Алдап нені жеп қойжды?
Қоян қандай?
Аю ше?
Қалай жүреді?
Нан туралы қандай тақпақ білеміз. Қу.
Бауырсақты.
Қорқақ.
Аңқау.
Қорбаңдап.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп ллып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беруге үйренеді.
Қалыптасқан әдет : Ертегіні тыңдайды,мазмұндайды.
Істей біледі :Өз ойларын жеткізе алады.
Толтырған:Калифанова А.Т.

Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері : Құрастыру.
Тақырыбы: «Күшік» (Оригами тәсілі)
Мақсаты:Оригами тәсілі арқылы күшік құрастыру.
Д.М.Бүктеу тәсілдерін үйрету,дұрыс бүктеулерін қадағалау.
Т.М.Іскелікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік.Үй жануары күшік.(08.11.№2)
Қостілділік компоненті: Күшік-щенок.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш «06-04» «Б» №27

Балалар сендердің үйде күшіктерің барма?
Күшіктерінің аттарын сұрау.

Топқа қуыршақ Аружан келеді.
Қолында күшіктің суреті бар,суретті балаларға көсетеді. Армысың асыл күн!
Армысың асыл жыл!
Армысың көк аспан!
Армысың жан досым!
Жылуыма жылу қос!
Міне менің қолым!

Балалар күшіктерінің бар екенін,олардың аттарын айтады.Балалар қуанады.

Күшіктің суретіне қызыға қарайды.
Іздену - барлау

Аружан күшіктің суретін қалай жасағанын айтады.
Тәрбиеші:Балалар бүгін бізде құрастыру іс-әрекеті,мен сендерге осы күшіктің суретін ориками тәсілі арқылы құрастыруды үйретемін.
Балаларға қалай бүктеу керектігін көрсетіп отыру.

Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №18

Кейбір балаларға көмектесу.
Аружан балалардың жасаған жұмысына риза болады.
Ол өз күшігін басқа достарына көрсетуге асығады.
Балалармен қоштасып,тағы келетінін айтады. Балалар қуана келіседі.

Ақпарақты көп бүктеу тәсілдері арқылы тәрбиешіге қарап күшікті құрастырады.
Құрастырған күшіктері Аружанның күшігі сияқты болып шығады.
Балалар қуанады.

Қане-қане тұрайық,
Қолымызды созайық,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

Балалар жұмыстарын жалғастырады.

Аружанға рахмет айтады.
Күшіктеріне ат қояды.

Рефлексивті - қорытындылау

Балалар бізге кім келді?
Біз не құрастырдық?
Күшік құрастыру үшін біз қандай тәсілді үйрендік?
Аружан келді.
Күшік құрастырдық.
Көп бүктеу тәсілі арқылы.

Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Оригами тәсілімен танысты.
Қалыптасқан әдет: Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне қызығушылық танытады.
Істей біледі:Күшік құрастыруды үйренді.


Білім беру салалары: Шығармашылық
Бөлімдері: «Жапсыру»
Тақырыбы: «Машина»
Мақсаты: Б.М.Үлгіге сүйене отырып,дайын пішіндерден бейнелерді жабыстыра білуге үйрету.
Д.М.Жапсыру техникасы дағдылары мен біліктіліктерін дамыту.
Т.М.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:Көліктер. «06-14».№5
Сөздік жұмыс: желім,жапсыру,әдемілік.
Қостілділік компоненті:желім-клей.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш. «06-04» «Б» №4

Есік тарсылы естіледі.

Топқа қуыршақ келіп, балалармен амандасып,оларға көліктердің суреттерін алып келеді.

Қуыршақ балаларға машина жасауды ұсынады.
Арайлап таң атты,
Алтын сауле тараты,
Қайырлы күн балалар,
Жақсы өтсін күніміз.

Балалар таңырқай қарайды.

Қуыршақты көріп, балалар қуанады.Оның әкелген суреттерін қарайды.Көліктерді атайды.

Балалар қуана келіседі.
Іздену - барлау

Машинаны пішіндер арқылы да жапсыруға болады екен.
Мен сендерге дайын үлгі таратып беремін сендер машина жабыстырңдар.
Бағыт-бағдар беріп отыру.
Мына пішін қандай ?
Машинада неше дөңгелек болады екен?
Балалар үлгіге қарап «машинаны» жасауға кіріседі.
Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №2
Тәрбиеші балаларға желіммен қалай жұмыс жасау керектігін айтады.Қауіпсіздік ережесін естеріне салады.
Жұмыс соңында қолдарын сүлгімен сүртуді ұмытпау керектігі жайлы айтады.
Қуыршақ балалардың жасаған машиналарын көріп,оларға ризашылығын білдіреді. Тәрбиешінің айтқандарын тыңдап отырады.
Балалар үлгіге қарап машина жасайды.
Төрт бұрышты алып жапсырады.Санап 4-еу екенін айтады.
Дөңгелектерді төрт бұрыштың астына жапсырады.
Жабыстырған пішіндерінен машина болып шықанына қуанады.
Орнымыздан тұрайқ,
Қолымызды созайық,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

Жабыстырған машиналарын бір-біріне көрсетеді.
Ата-аналарына көрсететіндерін айтады.
Қуыршаққа рахмет айтады.
Рефлексивті - қорытындылау
Ата-аналарында қандай машина бар екенін сұрау.
Балабақшаға немен,кім әкелегендері жайында әңгімелету.
Балаларды мақтайды.
Балалар өз жұмыстарын қуыршаққа көрсетеді.
Өз ойларын айтады.

Істеген жақсы істеріне қуанады.
Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы:
Үлгіге қарап, пішіндерден заттарды құрастыра білуге үйренеді.
Қалыптасқан әдет : Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды,тапсырмасын орындайды.
Істей біледі: Үлгіге қарап құрастырады,жапсырады.
Толтырған:Калифанова А.Т.


Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы: Менің мысығым керемет.(Мысық )
Мақсаты:
Білімділік:Үй жануары мысықпен таныстыру.
Дамытушылық:Мысықтың іс-қимыл әрекеті,пайдасы жайында түсінік беру.
Тәрбиелік мәні:Айналадағы қоршаған ортаны сезінуге.
Көрнекілік:Үй жануарлары. «06-14» №2
Қ.о.«Мысық пен тышқан» «06-05» №8
Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы. Ш .ш «06-04» «Б» №1
Балалар шеңбер жасап жүріп мына өлең шумақтарын айтады.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың шешуі арқылы жаңа тақырыппен танысамыз.
Өз құйрығын өзі қуып ойнайды,
Допты көрсе домалатып қоймайды,
Беті қолын қайта-қайта жуады,
Тышқандарды үйімізден қуады. Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса,
Сәлем саған Жер ана!
Сәлем саған нұрлы күн!
Аман-есен болайық,
Бейбітшілік қалайық!
Қимылмен көрсете айтады.

Тышқанды қуалайтын мысық,жұмбақтың шешуі мысық екенін айтады.
Іздену барлау. Дұрыс айтасыңдар мысық үй жануары,оның пайдасы көп,ол жүрген жерде тышқан болмайды.Мысық еркелегіш, балалармен ойнағанды өте жақсы көреді және ол сүт ішкенді жақсы көреді екен.
Мына суреттің ішінен мысықтың суретін көрсетіңдерші.
Мысықтың өзіне жарасар әдемі дауысы бар,қандай?
Мысықтың суретіне қарап дене мүшелерінің ерекшеліктерімен таныстыру.
Мысықты «кис-кис» деп шақырады.Оның жүні тақырлау болады, мұрты болады, құлақтары тікірейген,құйрығы ұзын мына суреттегідей.
Мысықты құйрығынан сүйреп жәбірлеуге бола ма?

Сергіту сәті: «06-04» «Б» №19

Қ.о «Жіп шатастыру»
Шарты:Мысықтар жіппен ойнағанды жақсы көреді екен.Сендер мысық боласыңдарда мына жіптерді шашып шатастырып ойнайсыңдар,сосон оларды тауып қайтадан жинап себетке саласыңдар. Кім тез шашып,тез жинап себетке салады сол жеңімпаз мысық болады. Айтқандарды қызыға тыңдап мысықтың суретін көрсетеді.

Мияу-мияу!

Жоқ,оның денесі ауырады,сосон ол үйден қашып кетеді.

Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр,
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.

Мысық болып балалар қызыға ойынды ойнайды.
Рефлексивті қортындылау. Мысықта неше құлақ бар ?
Мысықтың аяғы нешеу?
Мысықтың құлағы ұзын ба,құйрығы ұзынба?

Мысықты қалай шақырамыз?
Мысықтың дауысы қандай?
Оқу іс-әрекетіне белсене қатысып отырған балаларды мақтау.
Екі құлағы бар.
Төрт аяғы бар.
Құйрығы ұзын.

Кис-кис деп шақырамыз.
Мияу –мияу.
Білуі немесе хабардар болуы:Мысық үй жануары екенімен танысты.
Қалыптасқан әдет:Оқу іс-әрекетіне қызыға қатысады.Айтқанды тыңдайды.
Істей біледі:Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады.

Білім беру салалары: Қатынас.
Бөлімдері :Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қыс» С.Сейфуллин.
Мақсаты :
Б.М:Қыс мезгілі жайында түсініктерін қалыптастырып, бекіту.
Д.М:Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында түсінік беру.
Т.М:Зейін қойып тыңдай білуге тәрбиелеу
Көрнекілік : Қыс мезгілінің суреттері «06-04» .№15
Сөздік жұмыс : Жыл мезгілдері, суық, жылы, ыстық.
Қостілділік компоненті : Қыс –зима.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш «06-04» «Б» №18

Балалар, бүгін ауа-райы қандай екен?
-Дұрыс айтасыңдар, ауа-райы суық.
. Балалар, бізге біреу келе жатқан сияқты. Кім екен? Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам,
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Ауа-райы суық.

Балалардың қызығушылықтарын ояту.
Іздену - барлау

Қызықтыру сәті: -Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді. Оның қолында бізге арналған суреттері бар екен.
Біз бүгін«Қыс» мезгілі туралы тақпақ жаттаймыз.
Шытынайды тыста аяз,
Қызыл шұнақ үскірік.
Қылшылдайды жалаңдап,
Зәрлі деммен ысқырып.
Ұшан теңіз-қалың қар,
Жерді басып жауады.
Мағынасын түсіндіріп өлеңді жаттау.
Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №4
Қуыршақ сендердің өлеңдеріңе өте риза болып отыр.
Кәне қуыршаққа қыс туралы өлеңді тез жаттағандарыңды көрсетіңдерші.
Д.о. «Қуыршақты жыл мезгіліне байланысты киіндір» Далада қар жауып тұр,балалар аққала жасап ойнап жүр.
Шанамен сырғанап жүр.
Балалар суретте не
көргендерін әңгімелеп береді.

Тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар жаттайды.

Жел соғады бетімнен,
Ағаштарда тербелер.
Жел тына қалған сәтте,
Ағаштар биік болып көрінеді.
Сергіту сәтіне қатысады.
Тез жаттап алған балаларға тақпақты айтып береді.
Қуыршақты қыз мезгіліне байланысты киіндіреді.
Рефлексивті - қорытындылау
Қуыршақ балаларды мақтайды.
Қыс мезгілі жайында түсініктерін бекіту. Дұрыс жауап берген балаларды мадақтау. Қыс мезгілі туралы әңгімелеп береді.

Тәрбиеші сұрағына толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Қыс мезгілі жайлы түсініктерін бекіту.
Қалыптасқан әдет : Тәрбиеші сұрағына жауап береді. Істей біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктері қалыптасқан.


Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері : ҚМҰҚ
Тақырыбы: «Пішінін ата»
Мақсаты :
Б:М Балаларды пішіндерді танып,айта білуге үйрету.
Д.М:Айналаны қоршаған ортада осы пішіндерге ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару.
Т.М:Пішіндердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.
Көрнекілік: Пішіндердің суреттері,ұшақ,машина,доптың суреттері.
Сөздік жұмыс: үшбұрыш,шаршы,дөңгелек.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш «06-04» «Б» №27
Есік тарсылы естіледі.

Ешқашан еріншек болмаңдар,тәртіпті тіл алғыш бала болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар сендер не естіп тұрсыңдар?

Топқа қуыршақ Айжан келеді.
Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендергеcиқырлы дорба әкелдім. Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.

Балалар таңырқай қарайды.

Есік тарсылын.

Балалар қуыршақты қуана қарсы алады.Дорбада не бер екен, деп таңырқайды.

Іздену - барлау

Қуыршақ дорбадан түрлі ойыншықтар алып шығады.
Мен мынадай заттар тауып алдым бұл не екенін сендерден сұрайын деп келдім.
Бұл заттар емес,пішіндер.
Мынау үшбұрыш.
Айтамыз.
Мынау төрт бұрыш.
Ал мынау дөңгелек.

Ал мынау не кітап.
Кітап қандай пішінге ұқсайды қараңдаршы.
Мынау не?
Үйдің шатырына қараңдаршы қандай пішінді көріп тұрсыңдар?
Машинада неше доңғалақ бар екен?
Доңғалақтар қандай пішінге Ұқсайды?
Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №6

Д.о «Шыршаны құрастыр»
Қандай пішіннен құрастырылған,түсін сұрау. Затарға қарайды.

Пішіндерді қайталап айтады.

Үшбұрыш.
Төрт бұрыш.
Дөңгелек.

Төрт бұрышқа ұқсайды.

Балалар үйдің шатыры үшбұрышқа ұқсайтынын айтады.1,2,3,4-доңғалағы бар.
Дөңгелек пішінге ұқсайды.

Дөңгеленіп тұрайқ,
Көтеріліп шаңырақ.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өріліп.

Үшбұрыштан құралған,түсі жасыл екенін айтады.
Рефлексивті - қорытындылау
Қуыршақ, балаларға ойыншықтарды беріп,олармен қоштасады.

Балаларға пішіндерді көрсетіп,бұл қай пішін екенін айтады.

Белсенді қатысқан балаларды мақтайды. Ойыншықтарға балалар қуанып,қуыршаққа сауболыңыз айтады.

Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Пішіндер жайлы,оларды ажырата білуге хабардар болады.
Қалыптасқан әдет: Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетіне қызығушылық танытады.
Істей біледі: Сұрақтарға жауап береді,белсене қатысады.

Толтырған:Калифанова А.Т.

Білім беру салалары : «Денсаулық»
Бөлімдері : «Дене тәрбиесі»
Тақырыбы: «Тез қарқынмен жүгіру».
Мақсаты:
Б.М:Дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту.
Д.М: Қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жақсартуға талаптандыру.
Т.М: Қатар боймен жүруге үйрету.
Көрнекілік: Қимылды ойын атрибуттары.
Сөздік жұмыс : Допты нысанаға тигізу.
Қостілділік компоненті : нысана-цель,доп-мячик.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы

Саппен шеңбер бойымен жүреді.

Жалпы дамытушылық жаттығулар.

Тәрбиеші белгісін тыңдап, саппен шеңбер бойымен жүреді.
Б.Қ: Тұрып, аяқ иық бойымен. Оңға, солға иілу. Б.Қ: тұрып, қол иықта қолды алдыға және артқа айналдыру. Б.Қ: қол белде, аяқ иық бойымен. отырып, тұру.
Іздену - барлау

Негізгі бөлім: Орында тұрып, допты екі қолмен қағып алу
1)Жүрелеп жүгіру.
2)Жыланша жүру.
3)Қоянша секру.
4)Дем алып,дем шығру.

Допты нысанаға (кегли) лақтырып тигізу.
Қозғалмалы ойын : «06-05» №8
«Тышқан мен мысық»

«Тартыспақ»ұлтық ойынын ойнату.

Қ.о«Кім жылдам»

«Қар жинау»
Барлық балалар ойнап біткеше ойын жалғаса береді.


Шеңбер бойымен жартылай отырып жүреді.
Шеңбер бойымен ирек жасап жүреді.
Қос аяқпен секіреді.
Шар үрлеу ,дем алып дем шығарады.
Балалар орында тұрып, допты лақтырып екі қолдарымен қағып алады.
Балалар допты алып, кеглиға тигізеді.
Балалар қызығушылық танытып ойнайды.

Секіртпе шармен секіріп,белгілі жерге дейін келеді.Қай топ бірінші келсе сол жеңіске жетеді.

Себетке екі бала қарларды жинады ,қай бала көп жинаса сол жеңіске жетед.

Рефлексивті - қорытындылау Балалармен орындаған тапсырмаларды талқылап, мадақтау.
Ойындарға белсене қатысқан балаларды мақтау. Өз пікірлерімен бөлісу.

Тағы ойнағылыры келетіндерін айтады.
Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы : Орындарында тұрып допты нысанаға тигізе білуге үйрету.
Қалыптасқан әдет : Тәрбиеші белгісін тыңдай біледі, берілген тапсырманы орындай біледі.
Істей біледі: Орында тұрып, допты нысанаға тигізуге тырысады.Ойындарға қатысады.


Білім беру саласы:Шығармашылық.
Бөлімдері:Сурет.
Тақырыбы:Асқабақ пен қияр.
Мақсаты:Б.М.Қарындаштарды дұрыс ұстауға,,кеңістікте сурет салуды үйрету.
Д.М.Суреттің ішін бояуды үйрету.Дөңгелек,сопақша пішіндер арқылы сурет
салу икемділіктерін артыру.
Т.М.Дұрыс отыруға,айтқанды тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілік:Көкөністер. «06-14» №14
Әрекет
кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әректі. Балалардың іс- әрекеті.
Мотивациялық
қозғаушы. Ш.ш «06-04» «Б» №30

Топқа Қоян келеді .
Қолында көкөністердің
суретті
бар. Арайлап таң атты,
Алтын сауле тараты,
Ашық болсын күніміз.
Сәтті болсын күніміз.

Қоянның келгені қуанады.
Қолындағы суретіне қарайды.
Іздену барлау. Балалр мен сендерге ненің
суреттерін алып келдім.
Сендер
бұның не екенін білесіңдер
ме?
Суретін көрсетеді?
Ия өте дұрыс айтыңдар.
Асқабақтың пішіні қандай?
Түсі ше?
Бұны тамаққа пайдаланады.
Асқабақ сүйектерді
қатайтады екен.
Қиярдың пішіні қандай?
Түсі ше?
Қиярды не істейді білесіңдер
ме?
Дұрыс айтасыңдар.
Балалар сендер сурет
салғанды
жақсы көресіңдер ме?
Мен сендерге асқабақ пен
қиярдың суретін,үздік
сызықтар арқылы салып
алып келдім,сендер маған
көмектесіңдерші.Суретімді
аяқтап ішін бояп беруге.
Егер әдемі боясаңдар осы
суретерімдісендерге беріп
кетемін.
Сергіту сәті: «06-04» «Ә» №1

Қоян балалрдың бояған
Суреттеріне өте риза болады.
Суреттерді балаларға
тастап кетеді.
Қоян тағы келетінін айтады. Ия ол асқабақ пен қияр.
Көкөністер.Бақшада өседі.

Дөңгелек.
Сары.
Таң қалып тыңдайды.
Ұзын,сопақ.
Жасыл түсті.
Банкаға тұздап жабады.
Аналарынан көргендерін айтып
береді.
жақсы көретіндерін айтады.

Бірден келіседі.
Үздік сызықтарды қосып ішін өз
түстерне сай бояйды.

Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіптіде,
Екі саусақ бірікті,
Ине қлға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ жол салсақ.
Балалар өз бояған суреттеріне
қуаныды.
Қоянға рақмет айтады,қоштасады.
Рефлексивті
қортындылау Қандай сурет салып боядық?
Бізге ол суретті кім әкеп берді?
Асқабақтың қандай пайдасы
болады екен?
Қоян қайда кетті? Асқабақ пен қиярдың суретерін.
Қоян әкеп берді.
Орманға кетті.

Білуі немесе хабардар болуы:Асқабақ,қияр көкөністерімен танысыты.
Қалыптасқан әдет:Өз ойларын айтып іс-әрекетіне қатысып отырады.
Істей біледі:Карандаш түстерін ажырата алады.


Білім беру саласы:Таным.
Бөлімі:Экология негіздері.
Тақырыбы: «Қысқы табиғат белгілері»
Мақсаты:
Білімділік:Қыс мезгілі туралы әңгімелеу.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айту.
Дамытушылық:Қысқы табиғт ерекшеліктерін айту.Ауа-райының құбылыстарымен таныстыру.
Тәрбиелік мәні :Табиғтқа.қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін ояту.
Көрнекілік: «06-14» №15, №24
Әрект кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әректі. Балалардың іс –әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы. Сені қоршаған табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Дала қандай болып тұр.

Қыс мезгілі екенін айтады.
Қар жауып тұр,дала суық,адамдар жылы киімдер киінеді.
Іздену барлау. Қысқы ауа-райының ерекше өзгерістері болады.
Үскірік аяз,қатты жел соғып боран болады,адамдар төзе бермейтін қатты суықтар. Суреттерін көрсету.
Қ.о. «Қысқы ауа-райы»
Мен ауа-райының құбылыстарын айтамын балалар қимылмен көрсетіп отырады.
Үскірік аяз,гуілдеп боран соғады.

Үскірік аяз болып,тоңғанда не істейміз?
Күн шықты.

Сергіту сәті. «06-04» «Ә» №20

Қыс мезгілін бейнелеген суретер арқылы әңгімелету. Тәрбиешіні тыңдап отырады.

Көрсетілген суреттерге қарап өзгерістерді айтып отырады.

Қолдарын жоғары көтеріп ары-бері шайқалып,ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарады.
Қолдарын уқалап,аяқтарын тыпырлатады.
Алақай деп қуанып қолдарын жоғары көтереді.
Қыр үстінде қар-қар,
Шырша үстінде қар-қар,
Қыр астында ақ аю,
Ұйықтайды екен ай-ай.
Тыныш-тыныш балақай,
Шуламаймыз біз бұлай.
Қар жауып тұр,
Дала суық,боран соғып тұр.Адамдар жылы киімдерін киген.Қардың түсі аппақ.
Су қатып мұзға айналған.
Торғай,қарға,сауысқан қыстап қалыпты.Балалар шанамен,шанғымен ойнап жүр.Қардан аққала жасап жаттыр.

Рефлексивті қортындылау. Қыс мезгілі сендегерге ұнай ма?
Қыз мезгілінде ауа райында қандай ерекшеліктер болады екен?
Қар неге ұқсасйды?
Іс –әркектіне белсене қатысқан балаларды мадақтау. Өз ойларын айтады.

Боран соғады.Күн қатты суық болады.Аязды күндер көп болады.
Қантқа,мақтаға ұқсайды.
Күтілген нәтиже:
Білуі немесе хабардар болуы:Қыс мезгіліндегі ауа-райының өзгерістері мен танысты.
Қалыптасқан әдет:Сұрақтарға жауап бере алады.
Істей біледі: Суретке қарап екі үш сөз құрастыра айтады.
Толтырған:Калифанова А.Т.


Білім беру салалары: Шығармашылық.
Бөлімдері : Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Кірпіге арналған алма мен жидектер»
Мақсаты : Б.М.Балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын дамыту.
Д.М.Үзіп алу әдістерін пайдаландырып,алақан ортасына салып есу арқылы мүсіндеуге үйрету.
Т.М.Ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік:Жануарлар. «06-14» №3,.№10
Сөздік жұмысы: Ұқыптылық,домалақ пішін.
Қостілділік компоненті: кірпі-ёжь.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушы

Ш.ш «06-04» «Б» №29

Жұмбақ.
Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап түймесін.
Сендер мен туралы айтып жатырсыңдар ма?
Балалар менің сүйікті астарымды сендер білесіңдер ме? Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған,
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.

Ойланып.
Кірпі екенін айтады.

Ия ,деп балалар қуанып қалады.

Іздену - барлау


- Балалар сендер қалай ойлайсыңдар, ол немен қоректенеді екен?

- Кірпі - алма,жидектермен де қоректенеді екен.Біз сендермен кірпіге арнап алма,жидекті ермексазбен мүсіндеп . берейік.

Сергіту сәті. «06-04» «Ә» №2

Кірпі балалардың мүсіндеген алмасы мен жидектерін үстіне жинап алып,рақмер айтып орманыныа кетеді. Балалар тыңдайды.

Балалар өз ойларын айтады.
Балалар ұсынысты қуана қарсы алады. Алдыларындағы ермексазды алып, домалақ пішіндерді пайдалана отырып алманың,жидектің мүсінін мүсіндейді.
Орнымыздан тұрайық,
Құстар болып ұшайық,
Бір отырып бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

Балалар жасаған жақсылықтарына риза болады.

Рефлексивті - қорытындылау
Бізге кім келді?Біз кірпіге не жасап бердік?
Ол қайда кетті?
Балалардың еңбектерін мақтау.

Кірпі келді.
Алма мен жидектер.
Ормаға үйіне кетті.
Кірпіге көмектесіп,жақсы іс жасағандарына қуанады.
Күтілетін нәтиже :
Білуі немесе хабардар болуы: Домалақ пішіндерді ермексаздан жасай алады.Жеміс -жидектеді мүсіндей алады.
Қалыптасқан әдет: Алақан арсына салып,есу,дөңгелектеу тәсілдерін қолданады.
Істей біледі: Оқу іс-әрекетіне белсене қатысады.
Толтырған:Калифанова А.Т.
Категория: Дошколенок | Добавил: Alya8792
Просмотров: 8382 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/25
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-07-19, 8:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru