Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2013-03-16, 3:24 PM | |
«Ертөстік» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Уақыты: Білім беру салалары: Таным Бөлімдері: Тіл дамыту. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық дәстүрі «Тұсау кесу» Мақсаты: 1.Білімділік:Қазақтың дәстүрлері жайлы түсінік беру. 2.Дамытушылық:Тұсау кесу рәсімін түсіндіру.Наурыз мерекесі жайлы түсіндіру. 3.Тәрбиелік мәні:Салт дәстүрді сақтауға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Наурыз мерекесін сипаттайтын суреттер.Салт дәстүрімізді бейнелейтін заттар. Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық қозғаушылық Наурыз-көктем мерекесі жыл басы.Бұл күні жұрт арнайы пісірген наурыз көже ішеді,бір-бірінің үйіне қыдырып барады.Наурыз мерекесінде топқа Қадыр ата келеді.Наурыз құтты болсын балалар.Балалардың өнерлерін көріп тамашалаңыз. Қыдыр ата қуана балалардың өнерін қызықтайды аттарын атау. Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды. «Наурыз» өлеңін айтады. Іздену барлау Тағы қандай өнерлерің бар. Біздің балалардың өнерлері көп. «Қара жорға» биін көріңіз. Қыдыр ата балалардың өнеріне тамсанады. Тәрбиеші:Ауылдан біздің әжеміз келіпті.Әжеміз біздің кішкентай Мейіржанның тұсауын кескізейік. Балалар сендерге тұсау кесу рәсімін көрсетейік. Әже: Қаз-қаз балам қаз балам, Қадам бассаң мәз болам. Тұсауыңды кесейін, Күрмеуіңді шешейін. Баланың тұсауын ала жіппен немесе тоқ ішекпен кеседі. Ала жіппен кесу себебі біреудің ала жібін аттамасын дегені, тоқ ішекпен кесуі тоқшылық болсын дегені. Осыны есте сақтаңдар. Қаз баса ғой, қарағым, Құтты болсын қадамың. Өмірге аяқ баса ғой, Асулардан аса ғой-деп әже тұсау кескен Мейіржанға тілек тілеп шашуын шашады. Тәрбиеші:Әже жоғары шығыңыз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.Балалардың тақпақтарын тыңдаңыз. Қане-қане тұрайық. Үлкен шеңбер құрайық, Қазақтың ұлттық тойыны, Киіз үйді құрайық. Балалар бізге Алдаркөсе келіпті. Мен Алдармын Алдармын. Балалармен ойнаймын, Ренжітер сәбилерді. Тентектерден қорғаймын. Құтты болсын Наурызым. Қарным тойған күлкіге, Базарлығым тағы бар. Сәлеметсіңдерме балалар! Мен Аружан бала-бақшасына жігіттердің күшін сынайын деп келдім. Қане ұлдар ортаға шығып шеңбер құрайық. Алдаркөсе: Ой бәре келді жігіттер сендердің күшті екендеріңе көз жеткіздім.Мен сендерден жеңіліп қалдым. Тәрбиеші: Алдаркөсе ойыныңызға көп рахмет жоғары шығып біздің қонағымыз болыңыз. Құрметті балалар біздің әжеміз Наурыз көже дайындап әкеліпті, көжеден ауыз тиіңіздер! Қыдыр ата бізге бата беріңіз. Қонақтар балалармен қоштасады. Даряна Қыдыр ертітіп жалғасы. Наурыз келді –жыл басы. Шуақ төкті жарық күн. Мейрамында халықтың. Аслан: Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз. Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татамыз. Ұлдар мен Қыздар Қара жорға биін билеиді. Балалар әженің айтқандарын зейін қоя тыңдайды. Балалар қуана шашудун ауыз тиеді. Балалар әжеге «Наурыз» әнін айтады. Ерасыл: Күнменен түн теңеледі, Жер шуаққа кенеледі. Соны тойлар ел енді. Жанерке: Наурыз тойы салтымыз. «Көгерсін»деп халқымыз. Көшеге тал егеміз. Балалар қуана орнына н тұрып «Киіз үй»ойынын ойнайды. Балалар шеңбер бойымен отырып Алдаркөсемен күш сынасады. Балалар Алдаркөсеге «Зеңгір көктем»әнін орындап береді. Балалар қуана Наурыз көже ішеді. Балалар Қыдыр атаның батасын алады.Әжеге рахмет айтып балаларда қонақтармен қоштасады. Рефлекстивті қортындылау Балалар бізге кімдер қонаққа келді? Алдаркөсе сендерге қандай ойын ойнатты? Әже бізге қандай салт дәстүр жайлы айтып, көрсетті? Сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ұнады ма? Сендер өте жақсы өнерлеріңді көрсеттіңдер, мен сендерге ризамын. Бізге Қыдыр ата,Алдаркөсе,Әже қонаққа келді. Әже бізге тұсау кесу салт дәстүрін көрсетті. Алдаркөсе «Күш сынатпақ» ойынын ойнатты. Иә бізге бүгінгі оқу іс әрекеті өте жақсы ұнады. Күтілген нәтиже Білу немесе хабардар болуы: Тұсау кесу салт дәстүрімен танысты. Қалыптасқан әдет:Өз білгендерін еркін жеткізе алды. Істей біледі: айтқандарды тыңдап сұрақтарға толық жауап берді. | |
Просмотров: 1178 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|