Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ Скачать с сервера (21.4 Kb) ] | 2013-03-23, 9:03 AM |
«Нұрай»ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы: Уақыты: 17.10.2012. Білім беру салалары: «Таным» Бөлімдері: «Экология негіздер». Тақырыбы: «Жанды және жансыз табиғат» Мақсаты: Білімділік: Балаларға табиғат туралы түсінік беру.Қоршаған әлемдегі заттарға танымдық қызығушылықтарын арттыру. Дамытушылық: Оларды ажырата білуге үйрету.Жанды табиғат тіршілігі жайлы айту. Тәрбиелік: Қоршаған әлемді түсінуге оң көзқарастарын ояту, қамқорлыққа тәрбиелеу. Көрнекілік:Табиғат суреттері Сөздік жұмыс: Өсімдік, тау-тас, су, орман, құстар. Қостілділік компоненті: Тірі табиғат-живая природа Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық -қозғаушы Шаттық шеңбері. 06-04-«Б»№7 Ғажайып сәт. Топқа қуыршақ келеді. Балаларға алаңға шығып, даладағы барлық табиғаттың тіршілігін бақылауды ұсынады. Тірі табиғат деген не, білесіңдер ме? Өсімдіктердің жаны бар ма? Шашы алтын , көзі от, Шыға ғой күн тезірек. Шуақ берші , жылу бер. Маған , қоз, лағыма, Тағы, тағы, тағы да. Балалар қызығушылық танытады. Жоқ , білмейміз. Өсімдіктер өседі, оның жаны бар. Іздену-барлау -Балалар айналамызға қарайықшы не көріп тұрмыз? -Өсетіндерін атайықшы. -Өспейтін табиғатты атайық: -Тірі табиғат деген өсімдіктер: гүл, шөптер, талдар, құстар, балықтар. Жансыз табиғат: тау-тас, су, күн, топырақ, ауа. Балалар бізге табиғаттың пайдасы өте зор. Табиғатты қорғау керек. Ағаштарды сындырмау керек, құстарға ұя жасап, жем шашу керек. Аулаға гүлдер ексе , маңайымыз әсемдене түседі. Осы табиғатты дұрыс пайдалану керек. Суға шектен тыс көп түсуге болмайды, күн көзінде көп жүрсе ыстық өтіп кетеді. Күн бізге жарық пен жылу береді. Жаңбыр жауса жерге шөптер, өсімдіктер өседі. Сергіту сәті. 06-04 «Ә»№35 -Талдар , торғайлар ұшып жүр, күн шығып тұр, жерде құм , топырақ бар. -Өсетін табиғаттар талдар, құстар, шөптер, топырақ, -Өспейтін табиғаттар су, күн, тас. -Өсімдіктер және олардың тіршілігі жайлы бірге, сұрақ қою арқылы әңгімелейді. Балалар қайталайды. -Біз ауладағы талға құстың ұясын жасап қойдық. -Ыстық өтсе ауырып қаламыз. Күн жарқырап тұрды, Кенет бұлттар пайда болды. Жел соғып, жаңбыр жауды, Жаңбыр ақырын жауды. Тамшылай бастап, Тоқтап қалды. Рефлексивті қорытындылау -Бізге кім қонаққа келді? -Қандай ұсыныс айтты? -Тірі табиғаттың қандай пайдасы бар ? -Жансыз табиғаттың пайдасы қандай? -Өсімдіктердің жаны бар ма? -Судың жаны бар ма? -Балалар қуыршаққа сау бол айтайық. Балаларды мадақтау. -Қуыршақ келіп, далаға шығып табиғатты тамашалайық-деді. -Гүлдер әдемі болып өседі, көгалдар, талдар көп болса ауа таза болады .Құстар алма ағашының құрттарын жейді. -Бізге су өте қажет. Топырақтан үйлер саламыз. Күн ұясына кіргенде түнде қараңғы , салқын болады. -Өсімдіктер тірі. -Жоқ, су жансыз. -Сау бол қуыршақ. Күтілетін нәтиже: Білуі және хабардар болуы: Балалар табиғат жайлы үйренеді. Табиғатқа қамқорлық жасау керектігін біледі. Қалыптасқан әдет: Ойынға қызығушылық танытады.Тәрбиешінің әңгімесіне сұрақ қоя алады . Істей біледі: Балалар өз ойларын толық жеткізе алады.Сұраққа жауап бере алады. Толтырған: Нуржанова М.Ж. Тексерді: | |
Просмотров: 14386 | Загрузок: 245 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|