Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2013-04-25, 11:09 AM | |
II сәбилер тобындағы оқу іс-әрекетін ұйымдастыру технологиялық картасы Білім беру салалары: таным, қатынас, әлеумет. Бағдарлама тарауы: қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Қазақ үйі» тәрбиешінің әңгімесі Мақасыты: балаларға қазақ үй туралы мағұлымат бере отырып, пайдасы мен құрал жабдықтарын атауға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, туған жерлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Құрал-жабдық: қазақ үйдің макеті, құралдары, шаңырақ, кереге, уық, түнлік. Әрекет кезеңдері: Мотивациялық –қозғаушы. Педагогтың іс-әрекеті: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт «Жүрек жылуы». Күтпеген сәт. Пошташы конверт әкелу. Баланың іс-әрекеті: Балалар шеңберге тұрып бір бірлеріне жылы сөздер сыйлайды. Аман бол,ауырма, тентек болма. Балалардың көңілдерін конвертке аудару. Әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдастырушылық. Педагогтың іс-әрекеті: 2.1. Балалар бізге пошташы апай конверт алып келіпті оның ішінде не барын көру үшін бізге тапсырма беріпті - мына суретте не бейнеленген? Қазақ үй деп аталады. Қазақ үйдің қабырғасы -кереге деп аталады, шатыры- шаңырақ деп атаймыз. Қазақ үйде ерте кезде ата-апаларымыз тұрған. Қазақ үй бір жерден екінші жерге көшу үшін өте ыңғайлы болған. Қазақ үйді жинап, қайта тұрғызуға болады. Ауылды жерлерде тойларда қазақ үй құрып той тойлаған. Қазақ үйдің ішіне саңдық, төсек, домалақ үстел, жастықтар мен көрпелерді жинап қойған екен. 2.2 Д\ойын «Суретті атап айт» Шарты: мен көрсеткен суреттерді бір бала атап айтуы керек. Осы суретте қазақ үйдің құрлыстары мен қажетті заттарының суреттері болады. Рамина мына суретте не бейнеленген? Айсана, мына суретте не бейнеленген? 2.3 Сергіту сәті; «Бір шаңырақ астында Тату тәтті тұрамыз. Уықтарын көтеріп Керегені қоямыз Мынау біздің, мынау қазақ үй» 2.4 Дидактикалық ойын «Кімге не қажет?» Шарты: үстел үстінде жатқан құралдарды қандай мамандық иесіне қажет екенін тауып айтуларың керексіңдер. Айнура, мынау кімге қажет? Балалар конверттегі суреттергі көңіл бөледі. Мынау қазақ үй деп айтамыз. Баланың іс-әрекеті: Балалар қазақ үйдің құрлыстары мен танысады. Сурет бойынша бақылап көреді. Қазақ үйді жинап, қайта тұрғызуға болады. Әрекет кезеңдері: Рефлексивті- корригиялық. Педагогтың іс-әрекеті: Рефлексивті- корригиялық 3 Ойын : «Күн мен түн» Шарты: тәрбиешінің нұсқауы бойынша түн дегенде көздерін жұмады,күн деген ойнайды. Баланың іс-әрекеті: Балалар тәрбиешінің нұсқамасын орындап ойнайды. Болжамды нәтиже: Білу керек: өз халқының ұлттық дәстүрі жайлы білуі керек. Қалыптасқан әдет: балалар туған жерлеріндегі көрікті жерлерді атауға тырысады Істей біледі: ойын барысын ойнай біледі. | |
Просмотров: 1419 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|