Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Үй жануарлары»
2013-05-15, 12:46 PM
Семей қаласы №7 "Ақ бота" балабақша
Тәрбиеші: Нысанбаева Анар Темирболатовна
Сабақтың тақырыбы: «Үй жануарлары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балалардың үй жануарлары жайлы түсініктерін кеңейту, жануарлардың қалай дыбыстайтынын ажырата білуге үйрету;
Дамытушылық: Тілін дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік: Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері, ойыншықтар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды жарты шеңбер жасап отырғызып, назарларын ортаға аудару.
- Балалар, бүгін біз сендермен үй жануарлары жайлы әңгімелесеміз. Осы кезде есік қағылып, мысық келеді.
- Балалар, мысық сендер үй жануарлары жайында не білетіндеріңді білуге келіпті. Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?
- Сиыр
- Қой
- Ат т.б. (балалардың жауабы)
- Ал енді мына суреттерге қараңдаршы, мынау ненің суреті?
- Ол түйе
- Ал мынау ше?
- Ол ешкі
- Ал мынау ненің суреті?
- Ол ит
- Жарайсыңдар, балалар. Осы үй жануарларының келтіретін пайдасы көп. Мысалы, ешкі мен қойдың жүнінен әртүрлі киімдер тоқуға болады т.б. пайдасы жайында айту. Енді сендерге мен жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдап шешуін табыңдар.
- Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар
Ол не?
(қой)

- Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар
Ол не?
(түйе)

- Төрт аяғы бар
Басында екі таяғы бар
Ол не?
(сиыр)

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі
- Бойымызды сергітіп алдық, енді орнымызға отырайық. Балалар қараңдаршы, мысық өзімен бірге дорбаға салып бізге бір ойын алып келіпті. Бұл ойын «Қайсы қалай дыбыстайды?» деп аталады. Дорбадан үй жануарларының ойыншығын алғызып қайсы қалай дыбыстайтынын айтқызу.
- Қане, Еркебұлан келе ғой, сен не алдың?
- Мен сиыр алдым.
- Сиыр қалай дыбыстайды?
- «Мө-мө-ө» деп дыбыстайды.
- Дина, сен не алдың?
- Мен ит алдым
- Ит қалай дыбыстайды?
- «Ав-ав-ав» деп дыбыстайды.
Осылай ойын жалғаса береді.
- Жарайсыңдар, балалар, енді «Ауылда» әнін айтайық.
Ат алысқа шабады,
Сиырды әжем сауады.
Қой, ешкінің жүніне
Апам жіпті иірген.
Түйе шұбат береді,
Ит аулады үреді.
Қызықты ғой ауылда
Мұны бәрі біледі.
- Өте жақсы, балалар.
Мысық балаларға рахмет айтып, мақтап-мадақтап, балалармен қоштасып шығып кетеді.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota | Теги: ознакомление с окружающим миром, занятие, домашние животные
Просмотров: 2179 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2026-03-07, 8:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [768]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru