Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Менің отбасым»
2013-05-17, 1:00 PM
«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Шидерова Жадыра Үсенқызы
Екінші кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Бір отбасындағы адамдар арасындағы тату қарым-қатынасты қалыптастыру. Бір-біріне қамқор болуға, өз отбасын мақтан ете білуге тәрбиелеу; «бақытты отбасы», «тату отбасы» ұғымдарын терең түсіндіру.
Сөздік жұмыс: Отбасы, тату-тәтті отбасы.
Керекті құралдар: Отбасымен түскен суреттер, ноутбук.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбер:
Тәрбиеші:
-Қайырлы таң, балалар!Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз шеңбер құрып тұрып, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді білдіріп, амандасып алайық.
-Армысыңдар, аналар!
Армысыңдар, әкелер!
Қайырлы таң, аталар!
Қайырлы таң, әжелер!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, қонақтар!
Әңгімелесу:
-Балалар, мен сендерге бір әдемі сурет алып келдім. Қараңдаршы бұл суретте кімдер бар?
-Ата, апа, әке, ана, аға, апай.
-Дұрыс, яғни бұл отбасы. Отбасында сендерді жақсы көретін, сендер жақсы көретін адамдар тұрады.
-Балалар, сендер кіммен тұрасыңдар?
-Әкемен, анамен, ағамен, апайыммен.
-Осыны бір сөзбен не деп айтамыз?
-Отбасы.
Есік қағылып, Бауырсақ әндетіп кіреді.
-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым.
-Бауырсақ, ата мен ападан қашуға болмайды. Апа мен ата сенің ең жақын адамдарың, ол сенің отбасың. Біздің балалардың да, менің де отбасым бар. Кел отырып, танысайық. (балалар ноутбуктан өз отбасының суретін көрсетіп, таныстырады)
Дидактикалық ойын: «Менің отбасым ең ....»
-Балалар! Мен сендерге доп лақтырамын, сендер оны қағып алып, өз отбасыларың туралы жақсы сөздер айтып, маған қайта лақтырасыңдар.
Мысалы:
Менің отбасым ең мейірімді.
Менің отбасым ең көңілді.
Менің отбасым ең спортшы.
Менің отбасым ең тату.
Менің отбасым ең сүйікті.
Менің отбасым ең қамқоршы.
-Бауырсақ, сен де, балалар да шаршаған шығар, бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Сәлем саған, ата!
Сәлем саған, әже!
Сәлем саған, әке!
Сәлем саған, ана!
Маған да бір салем!
Отбасыма бір салем!
-Бауырсақ, менің балаларым отбасылары жайлы тақпақ, мақал-мәтелдер біледі. Сен мұқият тыңда!
(Балалар тақпақ, мақал-мәтелдерін айтады)
Сөздік жұмыс: отбасы, тату-тәтті отбасы, бақытты отбасы (бірге хормен, жекелеме қайталайды).
Дидактикалық ойын: «Бір шаңырақ астында»
Балалар шаңырақтың бір-бір уығынан ұстап, тілек айтады:
-Мен отбасыма денсаулық тілеймін.
- Мен отбасыма бақыт тілеймін.
- Мен отбасыма татулық тілеймін.
Қорытынды сұрақтар:
-Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
-Отбасы туралы әңгімелестік.
-Қонаққа не келді?
- Қонаққа Бауырсақ келді.
-Енді Бауырсақ отбасымен тату-тәтті болады.
Бауырсақ «апа мен атадан қашпаймын» деп, балаларға рахмет айтып, қоштасады.
Категория: Дошколенок | Добавил: akbota | Теги: семья
Просмотров: 8004 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2025-12-29, 4:30 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко Информатика флипчарт животные новый год творчество логика геометрия глагол задачи Казахские пословицы Физика Зима язык Алгебра класс здоровый образ жизни педагогика стихи МАТЕМАТИКА Урок праздник музыка доклад программа литература география природа семья воспитание осень игра загадки Начальная школа Тест трудовое обучение технология Сказка ЗДОРОВЬЕ вода путешествие Оксана 8 марта искусство Английский язык театр психология учитель мир 3 класс Биология Классный час ЕНТ выпускной Школа 1 класс русский язык ЕГЭ Тесты ХИМИЯ начальные классы дети экология астана дошкольники любовь день учителя казахский язык самопознание английский родители добро Конспект спорт патриотизм дружба концерт история обучение чтение немецкий язык краеведение библиотека тренинг хореография разработка Физическая культура English Великая Отечественная Война Игры КВН логопедия Интеграция песня Детский сад День Победы воздух Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru