Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Жаңа жылға арналған ертеңгiлiктiң сценариi ( ІІ-сәбилер тобы)
[ Скачать с сервера (68.0 Kb) ] 2013-12-05, 8:28 PM
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №1 «Арман» ясли-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
Музыка жетекшісі: Қарлығаш Құраловна Аманжолова
Тәрбиешісі: Айсулу Кадыровна Кабдуллина

Жаңа жылға арналған ертеңгiлiктiң сценариi
( ІІ-сәбилер тобы)
Кейіпкерлер: Аяз ата, Ақшақар, Қасқыр, Түлкі, Аю, Кірпі – үлкендер; Құлыншақ, Бұзау, Ботақан, Қошақан, Лақ – балалар.
Музыка залы жаңа-жыл мерекесіне әсем безендiрiлген. Ортада шырша орналасқан.
Жүргізуші: Сәлем, бар адамдарға,
Аяулы аналарға,
Ардақты қонақтарға,
Бүлдіршін балаларға!
Міне тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл, қонақтар.
Жадыратып жер үстін,
Төрімізге ол шықсын.
Олай болса, ортаға
Бөбектерімізді шақырайық.
Балалардың өнеріне шаттанайық, қуанайық!
Залға көңілді музыканың ырғағымен билеп, балалар кіреді. Екі жартылай шеңберге тұрады. Қолдарына әдемі шыршаның ойыншықтарын алып, ән шырқайды.
«Жаңа жыл» әні орындалады. Әннің аяғында балалар, ойыншықтарды шыршаның артына жинап,орындарына отырады.
Жүргізуші: Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың.
Тоғай да, баулар да,
Ақ күміс жамылды.
Біздің кішкентай балалар
Қыс мезгілін сағынды.
Балардың Жаңа жыл, қыс туралы тақпақтары:
1-бала: Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды. (Ә. Ысқақбаев)
2-бала: Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға
Балалар жүр мақтанып. (К. Нүсіпбаев)
3-бала: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа жыл да келеді
Бізге қарай жылыстап.
Жүргізуші: Балалар, әр жылдың өз иесі бар. Өткен жыл – Жылан жылы болды. Ал, келе жатқан жаңа жылдың иесі не? Жұмбақты шешсеңдер-білесіңдер. Тыңдаңдар: «Дөңгелетіп жерді, айналады көлді.
Секілді ұшқыр сұңқар, болады ол – тұлпар»
Бұл не?
Балалар: Құлыншақ!
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, құлыншақ.
Музыка ойнайды – шыршаның артынан Құлыншақ шығады.
Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар, міне Құлыншақтың өзі де келді. Төрлет ортаға, Жаңа жыл.
Құлыншақ: Құлын, құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Маңдайымда –жұлдызым,
Шапқылаймын жер жүзін!
Жүргізуші: Бәрекелді, жүйрік құлын бұл неткен!
Тыным таппай ойнауды
Өзіне кім үйреткен?
-Қане, балалар, шеңберге тұрайық, Жаңа жылды әнмен қарсы алайық!
«Құлыншақ» әні орындалады.
Құлыншақ: Рахмет әндеріне, балалар.
Жүргізуші: Кел, Құлыншақ, мерекемізге.
Құлыншақ, басын иіп, балалармен бірге отырады.
Музыка естіледі.
Жүргізуші: Біреу келе жатыр ғой деймін. Мүмкін, ол Ақшақар мен Аяз ата болар?
Залға Түлкі мен Қасқыр кіреді.
Екеу бір қапшыққа таласады.
Қасқыр: Әкел қапшықты, Түлкі. Мен оны бірінші таптым.
Түлкі: Жоқ, бұл менің қапшығым.
Қасқыр: Кімді алдайсың, Түлкі? Бұл Аяз атаның қапшығы ғой! Әкел, деймін.
Түлкі: Бермеймін!
Жүргізуші: Қасқыр, Түлкі, бұл не шу? Неге қапшыққа таласып жатырсыңдар?
Түлкі: Неге дейсіңдер ме? Оны қазір біз сендерге түсіндіреміз, - деп, Қасқырмен бірге ән айтады.
«Түлкі мен Қасқырдың әні» - билеп орындап береді:
Бір күні орманда келе жатсақ –
Аяз ата шанамен өтеді.
Артынан ұзамай біз жөнелдік –
Шанада үлкен қапшықты көрдік.
Түлкі: «Мен Қасқырды алға қарай жібердім.»
Қасқыр: «Аяз атаның шанасын тоқтаттым.»
Түлкі: «Шананың артынан, көрінбей,
Аяз атаның қапшығын ұрладым.»
Түлкі: «Айтыңдаршы Қасқырға, балалар,
Қапшық енді менікі ғой»
Қасқыр: «Жоқ, менікі!»


Жүргізуші: Қапшық кімдікі болды балалар?
Балалар: Аяз атаның қапшығы!
Түлкі: Жоқ, менікі!
Қасқыр: Менікі! Қанеки, бер маған!
Осы кезде шыршаның артынан Аю шығады.
Аю: Кім мені қысқы ұйқыдан оятқан? Бұл не айқай-шу?
Түлкі: Қасеке, біз Аюды оятып жібердік! Тез қашайық!
Қасқыр: Иә, кетейік - пәледен аулақ, - деп, екеуі қашып кетеді.
Жүргізуші: Қараңдаршы, балалар, Түлкі мен Қасқыр шулап, Аюды да қысқы ұйқыдан оятып жіберді
Аю: Сәлеметсіңдер ме! (Балалар амандасады)
Аю: Балалар, Қасқыр мен Түлкі неге соншама асығып кетті? Олар тағы не бүлдіріп жүр?
Жүргізуші: Олар, Аяз атаның қапшығын ұрлап әкетті. Балалар сыйлықсыз қалатын болды, енді не істедік? Аюжан, көмектесші.
Аю: Әрине, көмектесемін (ойланып) А-а, таптым, Кірпі досымды көмекке шақырайын.
Жүргізуші: Кірпі де қыста ұйықтайды. Оны қалай оятамыз?
Аю: Жаңа жыл Құлыншақ, келе ғой, бізге сенің көмегің керек
Ортаға Құлыншақ шығады.
Құлыншақ: Иә, көмектесемін. Қайда менің достарым? Келіңдер!
Көрініс
Ортаға «4 түлік мал» шығады – Ботақан, Бұзау, Лақ, Қошақан.
Құлыншақ: Міне менің достарым. Біздің адамдарға пайдамыз көп.
Бұзау: Сиыр – ақтық.
Ботақан: Түйе – байлық.
Қошақан: Қой – мырзалық.
Лақ: Ешкі – жеңілдік.
Құлыншақ: Жылқы – сәндік.
Жылқы төлі – құлыншақ,
Тұяғы жерге ұрыншақ.
Бұзау: Сиыр төлі – бұзау,
Сүйкімді әрі асау.
Ботақан: Түйе тойы – ботақан,
Мөлдіріп көзі ойнаған.
Қошақан: Қой төлі – қошақан,
Өріске қашқан қорадан.
Лақ: Ешкі төлі – лақ,
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Аю: Суық қыстан жануарларым,
Қалар ма екен жаңдарың?
Білесіңдерме, аямас
Қыстың қатал заңдары?



Жүргізуші:
Қайда аю, кірпілер? мұнда келсін,
Дөңгеленіп билеген, бізді көрсін
Ұйықтағанда түсінде аппақ болып,
Сағынышқа айналған қысты көрсін

Құлыншақ пен достарының биін қарсы алыңдар!
«Құлыншақ пен достарының биі» орындалады.
Би біткен соң шыршаның артынан Кірпі шығады.
Аю: Кірпі-досым! – деп, Кірпіні құшақтайды, - Кірпіні оятқандарыңа көп рахмет, үй жануарлары (Олар, бастарын иіп, орындарына отырады.)
Кірпі: Сәлеметсіңдер ме, балалар? (Балалар амандасады) Аю, сендер мені неге ояттыңдар?
Аю: Түлкі мен Қасқыр Аяз атаның қапшығын ұрлап кетіпті. Ол қапшықта балалардың сыйлықтары бар, көмектесші.
Кірпі: Әрине, көмектесемін. Бірінші Аяз атаға жолығайық.
Аю: Аяз атаны қайдан табамыз?
Жүргізуші: Қанеки, балалар, Аяз атаны дауыстап шақырайық.
Балалар: Аяз ата, ау! Аяз ата, ау!
Залға әндетіп Аяз ата кіреді, қасында Ақшақар немересі.
Аяз ата: Борандатып, аққарлатып, Жаңа жылда келемін.
Әр үйдің қонағы боп, сыйлық әкеліп беремін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! (Балалар амандасады) Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, қонақтар! (Ата-аналар мен қонақтар амандасады)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қадірлі қонақтар!
Аю: Аяз ата, армысыз!
Аман-есен бармысыз?
Ызғарлы қыс келді деп,
Әбігер болып жатыр ек.
Аяз ата: Биыл қыс қатты болады. Сендер қысқа дайынсыңдар ма? Неге ұйықтамай жүрсіңдер?
Аю: Аяз ата, алаңдама сонша,
Қатал дейсің қыс қанша.
Үйім дайын, ұйықтаймын,
Келер, көктем шыққанша.
Кірпі: Суық қыстан жиреніп,
Мен де жылы үйге ендім.
Жан сақтаудың амалы
Мен, досым Аюдан үйрендім.
Кірпі: Аяз ата, біз сіздің балаларға әкелген сыйлықтарыңызды, Түлкі мен Қасқырдың ұрлап кеткенін естіп, көмекке келдік.
Аю: Түлкі мен Қасқырды табамыз, балалардың сыйлықтарын қайтарып береміз, кездескенше, - деп, екеуі кетеді.

Аяз ата: Жолдарың болсын!.. Ал біз, балалар, Аю мен Кірпі келгенше, орынымыздан тұрып, шыршаның алдына келейік. Көңілді әнді шырқап, шыршаның шамдарын жағайық!
«Көрікті шыршамыз» ән-сауық орындалады.
Ақшақар: Ата, неге шыршаның шамдары жанбай тұр?
Аяз ата: Шыршамыз балалардың сиқырлы сөздерін күтіп тұр. Білесіңдер ме, балалар?
Балалар: Иә, білеміз!
Аяз ата: Ендеше, бірге айтайық.
Балалармен бірге айтады: Қане, шырша, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Шыршаның шамдары жаңады, балалар қуанып, шапалақтайды.
Жүргізуші: Аяз ата, балалар сізге әнде дайындады.
Аяз ата: Қанеки, тыңдайық.
Ән-сауық «Аяз ата».
Аяз ата: Рахмет сендерге, балалар. Енді мен сендерге желдетіп-үрлейін. Ал, сендер қар сияқты ұшып, орындарына отырыңдар, - деп, үрлейді, балалар орындарына отырады.
Аяз ата: Сондай жақсы балалар,
Ай, жұлдызға пара-пар.
Бола қоймас маған айып,
Тақпақтарын тыңдайық!
Ақшақар Аяз-атаны орындыққа отырғызады.
Ақшақар: Отыр, Аяз ата, ортаға.
Жүргізуші: Қане, балалар, келiңдер, Аяз-атаға тақпақ айтып берiңдер, - деп, балаларды кезекпен Аяз атаға шақырады.
Аяз-атаға арналған балалардың тақпақтары.
Аяз-ата балаларды мақтайды.
Аяз ата: Балалар, менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Иә, ойнаймыз!
Жүргізуші: Бұл қандай ойын, Аяз ата?
Аяз ата: «Кім жылдам?» атты ойын. Бүл ойынға 5 баланы шақырамын. Мына әдемі ойыншықтарды жылдам жинау керек. (Ойыншыларға) Музыка ойнағанда, ойыншықтарды айналып жүгіресіңдер, тоқтағанда – жылдам 1 ойыншықты алу керексіңдер. Кімге ойыншық жетпей қалса, ойыннан шығады. Қалғандары ойынды жалғастырады.
«Кім жылдам?» Аяз атамен ойын.
Жүргізуші:Қандай қызықты ойын! Рахмет, Аяз ата.
Ақшақар: Ата, қараңызшы, қаншама көп қар жауыпты! Ұлпақарларымды ортаға шақырайын, би билеп берсін.
«Ұлпақарлар биі» орындалады.
Аяз ата би билеген балаларды мақтайды.

Осы кезде залға жүгіріп Қасқыр мен Түлкі кіреді. Оларды қуалап Аю мен Кірпі келеді.
Түлкі: Аяз ата, құтқар бізді! Кірпі тікенектермен менің әдемі тонымды бүлдірді.
Қасқыр: Ал, Аю менің аяғымды бар күшімен басып, аяқтарымды сындыра жаздады. Әрең жеттік осында.
Аю, Кірпі: Міне Түлкі мен Қасқыр. Бірақ та, қапшықты қайда тыққандарын айтпайды.
Аяз ата: Қапшығымды қайтарсаңдар-құтқарамын сендерді.
Түлкі: Қандай қапшық? Көрген жоқпыз ешқандай қапшықты. Солай ғой, Қасеке?
Қасқыр: Иә, көрген жоқпыз.
Ақшақар: Олай болса, келіңдер ортаға , біздермен бір көңілді би билеп берсеңдер – сенеміз сендерге.
Жүргізуші: Бұл қандай би, Ақшақар?
Ақшақар: Бұл жай би емес – сиқырлы би.
Қасқыр: Бидің сиқыры қандай?
Ақшақар: Қазір көресіңдер.
Түлкі: Билегім келмейді. Жоқ, біз билемейміз. Жүр, кеттік Қасеке.
Аю мен Кірпі екі жақтан келіп, оларға жол бермейді.
Аю: Жоқ, билейсіңдер. Билемесеңдер, жібермейміз.
Кірпі: Маэстро, музыка!
«Кел, билейік» - ән-сауық.
Қасқыр: Ой-ой-ой, аяғымай, шаршадым, - деп, құлайды.
Түлкі: Ой-ой-ой, басым айланып кетті. Біз бәрін түсіндік. Сыйлықтарыңды тез әкеліп береміз. Тұр, Қасеке, қапшықты әкелейік, - деп, екеуі залдан ақсаңдап шығып кетеді.
Аю мен Кірпі: Ал, біз барып көрейік. Тағы да қашып кетпесін, - деп, екеуі залдан жүгіріп шығады.
Жүргізуші: Қандай жақсы болды! Түлкі мен Қасқыр қапшықты әкелгенше, біз ортаға қонақтарымызды шақырайық.
Шыршаның артынан үлкен қайыққа отырған Пингвиндер шығады.
Жүргізуші: Қараңдаршы балалар, анау алыс Арктикадан біздерге қайықпен Пингвиндер келді. Қане, қонақтарымызды қарсы алайық! «Пингвиндердің биін» тамашалайық!
«Пингвиндер биі»
Аяз-ата: Пингвиндерге көп рахмет. Тамаша би екен! Төрлетіңдер, қонақтар. (пингвиндер орындықтарға отырады)
Осы кезде залға билеп Түлкі мен Қасқыр кіреді – қолдарында қапшық.
Қасқыр: Міне, Аяз ата, сенің қапшығың, - деп, қапшықты Аяз атаға береді.
Түлкі: Тексеріп ал – біз ештеңеге тиіскен жоқпыз.


Аяз ата Ақшақар мен қапшықты ашып, балаларға сыйлықтарды көрсетеді.
Жүргізуші: Рахмет сізге, Аяз ата.
Аяз ата: Балалар, Түлкі мен Қасқырды кешіреміз бе?
Балалар: Иә, кешіреміз!
Аяз ата: Олай болса, келіңдер, Ақшақармен бірге балаларға сыйлықтарды таратайық.
«Қош келдің, Жаңа жыл!» әннің ырғағымен кейіпкерлер сыйлықтарды балаларға үлестіреді.

Ақшақар: Ата, біздің жолға шығатын мезгіліміз келді.
Аяз-ата: Дұрыс айтасың, Ақшақар. Бізді басқа балалар да күтіп қалды. Сау-сәлемет болыңыздар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Кездескенше, балалар! (Балалар қоштасады.)

Жүргізушi ата-аналарға сөз бередi.

Жүргізуші: Тiлеймiз біз бар әлемге,
Дос көп болсын жанашыр!
Тiлеймiз біз бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа жыр!
-Осымен Жаңа жылға арналған ертеңгiлiгiмiз аяқталды. Мерекемізді топта жалғастырамыз. Жаңа жылдарың құтты болсын! Келесi кездескенше, сау болыңыздар!
Категория: Дошколенок | Добавил: Kimba
Просмотров: 6628 | Загрузок: 345 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 6:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru