Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Қазақтың ұлттық киім түрлерімен таныстыру»
[ Скачать с сервера (17.2 Kb) ] 2013-12-05, 8:31 PM
№23 «Ақниет» балабақшасының
тәрбиешісі А.А.Кудайбергенова

Білім беру аймағы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киім түрлерімен таныстыру»
Бағдарламалық мазмұны: Қазақтың ұлттық киімдерімен және оның түрлерімен, соның ішіндегі қыздың, ер адамдардың, ата мен әжелердің киімдерімен таныстыру. Сол киімдердің әдемілігін, сұлулығын сөзбен айта отырып, балалардың ой-өрісін, тілдерін дамыту.
Ұлттық салт-дәстүрге деген ынта сезімін тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері, суреттер, слайд, темір қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа.
Қостілділік компанент: Қазақтың ұлттық киімдері, сәукеле, мәсі, тұсау кесу, той, былғары.
ҰОІӘ барысы: «Домбыра» әнімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендер ерекше болып кетіпсіңдер. Ал, қазір сендер қандай киім үлгілерін көрсетіп жатырсыңдар?
Балалар: Біз қазақтың ұлттық киімдерінің үлгілерін көрсеттік.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Ендеше бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық киімдері жайында әңгімелесеміз. Олай болса менің бірінші сұрағыма жауап беріңдер.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыста ауа-райы қалай өзгереді?
-Қыс айларын ата.
-Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
-Ұлттық тағамдарды білесіңдер ме?
-Ұлттық бұйымдарды атап берші.
Таңдандыру сәті.
Бала: Алақай, алақай! Біздің үйде той болады. Келіңіздер! Келіңіздер! Тәрбиеші: Балалар ең алдымен тойға дайындықпен бару керек. Ол үшін сендер менің әңгімемді тыңдап, қазақтың ұлттық киімдерімен танысып алыңдар.
Ерте заманда ата-бабаларымыз киген киімдерінің үлгілерімене таныстырады. Мынау- сәукеле. Қыз бала ұзатылғанда арнайы тігілетін бас киім. Сәукелені алтын, күміс, маржан қымбат тастармен әшекелейді. Төбесіне үкі таққан, екі жағында салбыраған шолпы.
Мынау- ерлер бас киімі. Айырқалпақ жұқа киіз немесе қалың мата салынып, тігілген ер адамдардың бас киімі.
Мынау- тақия. Ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияны пүліштен, ал астарын жібек сәтеннен тігеді.
Мынау-кимешек. Кимешек кию инабаттылыққа, тазалыққа тәрбиелейтін салттың бірі.
Мынау- қамзол. Әйелдердің киімінің бір түрі. Оны көйлек сыртынан киеді. Ол барқыт, пүліш, мақпал сияқты асыл сапалы кездемелерден тігіледі. Мынау- шапан. Аталардың киетін киімі. Қымбат матадан тіккен. Етек-жеңіне жібек жіппен өрнектеп ою салған. Бұл шапанды тойға киеді.
Мынау- саптама етік. Ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы аяқ киім. Мынау мәсі. Оны былғарыдан тігеді.
Сергіту сәті «Қошақан» әні
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Біз әжеміздің үйіне жету үшін үш қақпадан өтуіміз керек.
Темір қақпаның тапсырмасы. Балалардың әңгімесі.
Күміс қақпаның тапсырмасы. «Тақия тастамақ» ойыны.
Ойын шарты: Жеңіліп қалған бала сұраққа жауап береді. -Ерлер киімін ата. -Әйелдер киімін ата. -Зергерлік бұйымдарды ата.
Алтын қақпаның тапсырмасы. Әдептілік, имандылық, инабаттылық жайында қазақтың тыйым сөздерін айту
/Әже қарсы алады/
Әже: Бәрекелді бағанадан күткен қонақтарымыз келді. Қонақтар тойға қандай дайындықпен келдіңдер.
Тәрбиеші: Бұл тойға дайындаған тақпақтарымыз бар.
1-бала: Қазақ деген халықпыз,
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүрмен, салтымыз.
2-бала: Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
3-бала: Бейбітшілік ізгі күн,
Бақытты болып өсеміз.
Ән саламыз біз бүгін,
Биге бүгін басамыз.
Киді киім ең сәнді,
Қарындасым, інім де.
Мен де шырқап ән салдым,
Бүгінгі той үстінде.
4-бала: Ау, халайық тыңдаңдар,
Босқа қарап тұрмаңдар.
Қуанышқа қосылып,
Тұсау кесу тойын тойлаңдар.
1-Әже: Тойдың бастамасы болсын, немеремнің тұсау кесу рәсімін әжелер жарысынан бастайық.
«Әжелер жарысы»
Тәрбиеші:Ал, әжесі өзің озып келдің, тұсау кесуге лайық адам екенсің. Міндетіңізге кірісіңіз.
2-Әже: Келін, ай келін. Әкеле ғой немеремді.
Тоқ ішекпен кескенім, тоқшылық болсын дегенім.
Көк шөппен кескенім, көктей көгерсін дегенім.
Ала жіппен кескенім, адал болсын дегенім.
/Тұсау кесе отырып/ Қаз-қаз балам, қаз балам,
Тақымыңды жаз балам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
/Тұсау кесіп болған соң/ Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Қадамыңа қарайын,
Басқаныңда санайын.
Әжеге сыйлық беріледі, шашу шашылады.
Ата бата береді:
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәнеки өзіңді сына да.
Секірсең еш қашан сүрінбе,
Шыңдарға шыққанда бүгілме. Аумин!
Тәрбиеші: Ал, балалар біздің де бақшамызға оралатын кез келді. Балабақшаға барғанша әңгімелесіп барайық.
-Балалар бүгін қайда бардық?
-Бүгінгі ойында не оқып білдік?
-Бүгін сендерге кімнің жауабы ұнады?
Жылулық шеңбері.
Осындай ойын-сауық бола берсін,
Үй іші той думанға тола берсін.
Өмірдің гүл жайнаған жаннатындай,
Бақшаға бақыт құсы қона берсін.
Категория: Дошколенок | Добавил: Алтушка
Просмотров: 6135 | Загрузок: 185 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2025-01-23, 8:48 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru