Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ Скачать с сервера (338.9 Kb) ] | 2014-01-21, 5:49 PM |
Солтүстік-Қазақстан облысы Ақжар ауданы Горьковский селосы Горьковский орта мектебі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Токбаева Хапиза Сайрановна Оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:Ё дыбысы және әрпі Оқуіс-әрекетінің мақсаты: Ё дыбысы мен әрпін таныстыру. Ё дыбысы бар сөзге дыбыстық талдай жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру. Көрнекілік: кеспе әріптер; монтёр, шахтёр, ёлканың суреттері; матрёшка ойыншығы. Оқу іс-әрекетінің барысы: Әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушы Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу. Балалар, бізге бүгін көп қонақтар келіпті. Оөу іс-әрекетімізді бастамас бұрын сол кісілермен амандасып алайық. Қонақтармен амандасады. Біз көңілді балалармыз! Ештенеден қорықпаймыз! Келген қонақтарға, Ортаға білімізді саламыз! Ұйымдастыру-ізденіс Қазір бізде –сауат ашу сабағы. Сөйлем неден тұрады? –сөзден. Сөз неден тұрады?- буыннан. Буын неден тұрады?- дыбыстан. Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Балалар, үстел үстінде кеспе әріптер жатыр. Осы әріптермен сөз құрастырып, оған дыбыстық талдау жасау керек. (2-3 бала тапсырманы орындайды). Жұмбақ жасыру: Сенбейсің бе, сенесің бе? Екі көзі төбесінде. Оңға қарай созып тұрған Үш сызық бар денесінде. Бұл қай әріп? Қарайық. Ойланайық, табайық! Дұрыс. Бүгін біз «Ё»дыбысымен танысамыз. (хормен айтқызу). Қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Қандай текшемен белгілейміз? Балалар, «Ё»дыбысы айтылғанда қосарланып екі дыбыс естіледі й+о, жазғанда «ё» болып жазылады. Әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету. Қандай әріпке ұқсайды? Жұмбақ: Қысы-жазы бір түсте. Ол не? (шырша). Шырша сөзін орыс тіліне аударайық. (ёлка). Ёлка сөзінің бірінші дыбысын айтыңдаршы. Бұл дыбыс орыс тілінен енген сөздерде кездеседі, ал өз ана тіліміздегі сөздерде сирек кездеседі. Әліппе-дәптермен жұмыс. Балалар, мынау не? Матрёшка- бұл орыс халқының ұлттық ойыншығы. Үлкен матрёшканы ашып ішіндегі жатқан тапсырманы орындау. Шахтёр, монтёр сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Венн-диаграммасын толтыру. ШАХТЁР МОНТЁР Жер астында жұмыс істейді. Жер үстінде жұмыс істейді Көмір шығарады. АДАМ Электр желісін жөндейді. Темір қалпақ киеді Бағанға шығады. Сергіту сәті: Биік болып өсеміз, Ёлкадай жайқалып, Табиғатты сүйеміз. Шетімізден шеберміз, Денемізді бос ұстап, Билеп-билеп аламыз. Ортаншы матрёшканы ашайық, тапсырманы орындайық. Әріптер арасына жасырынған «Ё» әрпін тауып сызып көрсетіңдер. Ойын «Сөз ойла, тез ойла». Қорытынды: Бүгін бізде қандай іс-әрекет болды? Қандай дыбыспен таныстық? Балалар, біз кішкентай матрёшканы ашайық, ішінде не бар екенін көрейік. Ішінде балаларға сыйлық және үй жұмысы- кішкентай матрёшканың суретін бояп келу. Күтілетін нәтиже: Білу керек: «Ё» дыбысы туралы толық біліп, «Ё» әрпін таниды. Меңгеруі: Дыбыстық талдау жасайды, бір-біріне көмектеседі. Жасай білуі:Сурет арқылы заттың атауын. | |
Просмотров: 2511 | Загрузок: 131 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|