Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-06-07, 5:32 AM | |
Мақсаты: Балаларды мәнерлі, жүйелі ертегі кейіпкерлерін дұрыс және жағымсыз жақтарын байланысты айтуды үйрету; зат есімдерге сын есімдер әдісін бекіту; жануарлардың суретін айқын затпен түйсіну тақтайшалардың беттеріне белгілеу, өз эмоциялық күй-жағдайын бағалап беру; мнемотаблицаны пайдалану арқылы ертегіні әңгімелеу. Сиқырлы кілемше арқылы ертегі кейіпкерлерін дұрыс орналастырып, жапсыруды өз бетімен үйрену. Топпен жұмыс жасауды үйрету Алдын – ала жұмыс: Балаларды «Екі сараң қонжық» ертегісімен таныстыру Түйсіну тақтайлармен жұмыс жасау Құралдар:ойыншық кірекей,ірімшік, ертегі бойынша мнемотаблица,сиқырлы кілемше, қонжықтың және түлкінің сиқырлы кілемге орналастыратын дене мүшелері, драматизацияға арналған киімдер мен маскалар, драматизацияға арналған ән-күй Сөздік жұмыс: қонжық, кірегей, ірімшік, түлкі, сараң Балалар үш тілде қонақтармен амандасады Шаттық шеңбері: Сәлеметсіңбе көк аспан! Сәлеметсіңбе түған күн! Сәлеметсің бе жер ана! Сәлеметсіңбе, балалар! Балаларға қонаққа кірекей келеді. Балалармен амандасады Тәрбиеші -Балалар бізге қонаққа кірегей келді Бірақ ол бос қолмен келмепті Қарайықшы бізге не әкелді екенін Ал балалар бәріміз бірге ірімшіктің дәмін көріп сипаттайықшы Балалар дайындап қойған ірімшіктің дәмін көреді Дәмін, түсін айтады Балалар кірегей маған осы ірімшік үшін екі қонжығы ұрысып қалғанын айтты Қандай ертегі туралы екенін кім біледі Тәрбиеші ертегіні еске алуды ұсынады Тірек сызбаны пайдалану арқылы ертегіні әңгімелейді. Ертегі бойынша әңгіме Жарайсыңдар балалар Кім ертегіні жақсы біледі Маған айтыңдаршы неге ертегі «Екі сараң қонжық» деп аталады? -Орманда қонжықтар кімді кездестірді? -Түлкі бұл ертегіде қандай? Түлкінің мінез-қылығы қандай бұл ертегіде? -Түлкі ертегіде не істеді? Ертегі бойынша драматизация жүргізіледі Сергіту сәті: Ормандағы аюдың, Бүлдіргені көп екен, Теріп теріп алайық, Қалтамызға салайық! Түйсіну тақтайлармен жұмыс: Балалар міне мен сендерге таныс тақтайшаларды дайындап қойдым Ал қазір ертегінің кейіпкерлеріне ұқсайтын тақтайшаларды таңдап алыңдар Балаларды екі топқа бөледі Сиқырлы кілемше арқылы ертегі кейіпкерлерін дұрыс орналастырады Бірінші топ түлкінің бейнесін құрайды Екінші топ аюдың бейнесін құрайды Кірекей балаларды мақтайды Балалармен қоштасады Тәрбиеші рефлексия жүргізеді -Бүгін біз сендермен не жасадық? Әңгімелеген ертегінің атын кім айтып береді Күтілетін нәтиже: Қайталайды: ертегінің мазмұнын, жаңа сөздерді, сергіту сәтінің қимылдарын қайталайды Түсінеді: ертегі кейіпкерлерінің мінездерін түсінеді Қолдана алады: ертегі бойынша әңгіме жасайды, жануарлардың суретін айқын затпен түйсіну тақтайшалардың беттеріне белгілейді, сиқырлы кілемше арқылы ертегі кейіпкерлерін дұрыс орналастырады | |
Просмотров: 4175 | Загрузок: 0 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|