Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-07-26, 5:54 PM | |
Астана қаласы №54 «Нұр-Ай» балабақшасы Тәрбиеші: Баратова Г.Р. Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: «Тіл дамыту», «Көркем әдебиет» Тақырыбы: « Мамандықтың бәрі жақсы» Мақсаты: Жыл бойы алған білімдерін бекіту. Міндеттері: мамандық туралы алған түсініктерін кеңейту, байыту. Ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту, әңгімелеу арқылы сөздік қорларын молайту, мәнерлеп сөйлеуге, тақпақ айтуға үйрету. Мамандық иелеріне деген қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштілікке тәрбиелеу. Бастырма әдісі арқылы « Әдемі көйлекті» әшекейлеу. Дыбыстық жұмыс (р). Ойын жаттығуы «Дидактикалық куб». Сөздік жұмыс: метеоролог, орманшы. К/құралдар: мамандықтар иелері туралы суреттер, д/кубтар, әртүрлі мамандықтардың киетін арнайы киімдері және құралдары, табиғат бейнесі: ағаштар, ж\аңдар, құстар, жәндіктер; карта, таяқша, бағдаршам. Мотивациялық қозғаушы. Шаттық шеңбер қүру: Жарқырап күн де ашылды. Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз! Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз! Жарқырап күн де ашылды. Біз- нәзік қыздармыз! Біз- ержүрек ұлдармыз! Көк аспанда күн күлсін. Бірге жүзсін бүлдіршін. Қыз қолында гүл жүрсін! Ұл қолында ту жүрсін! Қайырлы күн, достарым! Қайырлы күн,балабақшам! Іздену ұйымдастыруші. -Балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Себебі біз «Мамандықтың бәрі жақсы» атты елге саяхатқа барамыз. Саяхат кезінде бізбен бірге алғашқы көмек көрсетуші- дәрігер, жолда жүру тәртібін реттеуші - МАИ инспектірі, тәртіп сақшысы- полиция барады . (Қызығушылықпен тыңдап, жолға шығуға дайындалады.) -Ал енді алдымен өз тілдерімізді жаттықтыру қажет.( р) -Р- ға тілің келе ме? Қырларда құр- деші Біреуі қарауыл Қарайлап тұр -деші Ал еңді өзің- ақ Р- р- р- р -деші -Барар жолда әр түрлі жол қиылысынан өтеміз, сондықтан алдымен жолда жүру ережесін еске түсіріп алайық. Арайлым: Қызыл көзін ашқанда Сынық сүйем баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда Жүре бергің жасқанба. -Тағы қандай жол ережесі туралы тақпақ білеміз? Іңкәр: Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ үш сөзін: «Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.» -Жол тәртібін біледі екенбіз. Енді жолға шығуға болады. ( Қонжық кіреді беті көзі іскен, қолы жарақат.) екен. Аңсар: Қараңыз мына сұмдықты, Қонжыққа не болған? Қонжығым не болды, Жасырмай айтшы өзің? Неліктен көкпеңбек Ісінген бас -көзін? Нұрсұлтан ( қонжық): Машинаға жармасып, Құладым көк тасқа. Қолымды ауыртып Тап болдым азапқа. -Кәне, балалар қарап тұрмай қонжыққа алғашқы көмек көрсетейік Даяна: (дәрігер) қолын орап береді. Ақ халатты киемін Аппақ болып жүремін Аппақ болып жүргенді Өзім жақсы көремін «Дәрігермін» мен деймін. Кәрі әжемді емдеймін «Көп қөп ішіп дәріні, Кәрілікті жең» деймін. Тимур (полиция): Бұзылды жол жүру тәртібі. Алдымен оңға Соннан соң солға Қараңдар жолға Жоқ болса көлік өтіңдер сонда. -Жақсы, ал сен қонжық жол тәртібін енді бұзба, ондай бұзық болма. Біздің балалармен бірге серуенге жүр. -Біз келесі сапарымызда бүгінгі күннің ауа-райы туралы біле кетейік. Ол үшін ауа-райын бақылау орталығына барамыз. - Біз ауа- райын бақылау орталығында тұрмыз ба? Меруерт ( метеоролог): -Иә,сәлеметсізбе!Мен ауа- райын бақылаушы метеорологпын. Қандай шаруамен келдіңдер? Арай: Бізге бүгінгі күннің ауа- райын айтып берсеңіз. Меруерт: Бүгін Астанада күн бұлттанып, аздап жаңбыр жауады. Жұмбақ жасыру: Күндіз -түні ол сонда Бізге қызмет етеді Ауа- райын хабарлап Бізге айтып береді. Ол кім? (метеоролог) -Жолда бізге тау- тас, түрлі жәндіктер кездесіп қалса, тастан басып, жәндіктерден аттап кетуіміз керек. ( орманға келу). - Орман іші қандай тамаша! Біз нелерді көріп тұрмыз? ( орманшы шығады) -Құстарды, әртүрлі ағаштарды, аңдарды! Тірі табиғатты! Санжар ( орманшы): Күте білсең аялап Ағаш болар сая бақ Содан рахат көресің Саясында саялап. -Балалар, осы орманды қорғайтын, қамқорлық жасайтын адамдар болады. Сол адамның кім екенін білгілерің келе ме? Санжар (жұмбақ жасыру): Сергек ол үнемі Сарп етіп бар күшін Түгендеп жүреді Орманның аң құсын Ол кім? (орманшы) С/сәті: Ұшқыш болып ұшайық. Тігіншіге ұқсайық. Дөңгелене би билеп. Бишіге біз ұқсайық. Ойын жаттығуы :« Дидактикалық куб» Мамандықтардың атауларын бекіту, керекті құралдарын тани білуге үйретуді жалғастыру. «Менің шешемнен нанның иісі шығады» В.Сухомлинскийдің әңгімесі бойынша мазмұндау.( Нұрсұлтан: мәнерлеп мазмұндау) -Жақсы, біз енді балалар топқа жиналайық. Жолдан құрылыс алаңына соғамыз. Әділхан ( құрылысшы): Қолда темір қалағым Саздан қала қаладым Астанадан аумайтын Әсем қала саламын. Біздің тігінші көйлек тігіп әкеліпті, оны әшекейлеуге бізден көмек сұрайды. Көмектесеміз бе? Рефлексивті түзетуші: - Бүгінгі іс-әрекет ұнады ма? Кімге ұнады, тігінші әкелген көйлекті қызыл түсті бояумен әшекейлейміз, ал басқа пікірдегі,көңіл күйлері төменірек болған балалар көк түс пайдалансын. Картоп бастырмасын қолға алып өз көңіл күйлерін білдіреді. Күтетін нәтиже: Білуі тиіс: Мамандықтар иесі туралы.Толық , дұрыс сөйлем құрауды. Түсіне білуі тиіс: Ойын шартын дұрыс орындауды, мұқият тыңдауды, жұмыстарын аяқтай білуді. Көрсете білуі тиіс: Мазмұндауды, мәнерлеп сөйлеуді, тақпақ айтуды, дыбыстарды дұрыс айтуға тырысуды. | |
Просмотров: 2699 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|