Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-10-05, 1:39 PM | |
Білім беру салалары: «Қатынас» Бөлімдері: «Тіл дамыту» Тақырыбы: «Қайдан келдің, бауырсақ?» Мақсаты: 1.Білімділік: Балаларға астық, дән, қасиетті асты қадірлеу жайлы түсінік беру. 2. Дамытушылық: Тілдерін дамыту, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету.Дұрыс сөйлем құрауға дағдыландыру. 3. Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Нан туралы әртүрлі суреттер Сөздік жұмыс: Бидай, ұн, диірмен. Билингвалдік компоненті: Нан-хлеб, ұн-мука. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивация-лық қозғаушы- лық Шаттық шеңбер: 06-04 «Б»№10 Ғажайып сәт. Топқа қоян келеді. Қоянның қолында ыдысқа салынған бауырсақ бар екен. Қоян:- Мен сендерге дәмді бауырсақ әкелдім. - Балалар, сендерге аналарың, әжелерің үйде қандай нан түрлерін пісіріп береді? - Ал дүкенде сатылатын тағы қандай нан түрлерін білесіңдер? -Дүкенде сатылатын нан түрлерін зауытта наубайшы ұннан пісіреді. Нан түрлері суретін көрсету. Ұн бидайдан жасалады. Бидай диірменде тартылады. Диірмен - ұн тартатын жер. Диірменге бидайды диқаншылар дайындайды. «Біз бақытты баламыз» Біз бақытты баламыз, Ақпыз, сары, қарамыз. Тату-тәтті достармыз, Қыл өтпестей арамыз. Балалар қоянды қуана қарсы алады. - Анамыз тоқаш, бауырсақ,тәтті нан пісіріп береді. - Дүкенде тоқаш, тәтті нан, қара нан сатылады. Айтылған сөздерді тыңдап нан түрлерімен танысып суреттерге қызыға қарап отырады. Ұйымдас- тыру- іздестіру -Мен сендерге Ө.Тұрманжановтың «Қайдан келдің бауырсақ» өлеңін оқып берейін сендер мұқият тыңдап отырыңдар, сонда нан қалай келетінін түсінесіңдер. Дастарқанға шашалып, Жатты аппақ бауырсақ. Бауырсаққа қызып, Қарап тұрды көзін сап, -Қайдан келдің бауырсақ?- -деп сұрады қуыршақ. -Дүкеннен келдім нан сатқан,- Деді оған бауырсақ. -Дүкене келдің қай жақтан? -Наубайдан келдім нан жапқан -Наубайға келдің қай жақтан? -Диірменнен келдім ұн тартқан. Диірменге келдім кең жатқан. Жер –анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген. Мазмұнын түсіндіру. Балалардан түсінгендерін сұрау. Сергіту сәті: «Түзу тұр» 06-04 «Ә»№25 Мақал-мәтел айтып үйренейік. 1. Ас атасы-нан. 2. Нан болса, ән де болады. Оқылған өлеңді тыңдап отырады. Балалар өздері білетін өлеңдерін айтады. Нан қоқымын шашпаңдар, Жолда жатса баспаңдар, Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Балалар түсінгендерін айтады. Оңға, түзу тұр, Солға, түзу тұр. Алға қарай бір адым. Артқа қарай бір адым. Жоғары - төмен қарайық, Орнымызды табайық. Балалар қайталап айтады. Рефлексивті -түзетушілік -Бүгін қонаққа кім келді? - Ұн неден жасалады? - Ұн тартатын жерді қалай атайды? - Не туралы өлең оқылды? -Қоянмен қоштасайық. -Қоян қонаққа келді. - Ұн бидайдан жасалады. - Ұн тартаын жерді диірмен дейді. - Өлең бауырсақ туралы айтылған. -Сау бол қоян. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Балалар нан түрлерін; Нені игереді: Балалар мақал-мәтелдер айтуды: 1-2 сөйлем құрауды; Нені біледі: Балалар нанды қадірлеуді. Толырған: Нуржанова М.Ж. | |
Просмотров: 2428 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|