Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-10-05, 2:00 PM | |
Бөлімдері: «Дене шынықтыру» Тақырыбы: «Қос аяқтап секіру» Мақсаты: Секіруді орындауды үйрету (аяқтары бірге — аяқтары алшақ). Бір ырғақты сақтап, шеңбер бойымен жүріп үйренуін бекіту. Білімділік: Жаттығулардың түрлерін жасап, екі аяқпен секіруге үйрету. Дамытушылық: Қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жақсартуға талаптандыру. Дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын дамыту. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа , шымыр болуға үйрету. Көрнекілік: Дымбілместің суреті. Сөздік жұмыс: Қатар, сап, қос аяқ. Қажетті құралдар: Доп, таяқшалар. Билингвалды компоненті: Секіру-прыгать, жаттығу-зарядка. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық -қозғаушылық Ғажайып сәт. Жаттығу залына қонаққа Дымбілмес келеді. Амандасады. -Балалар сендер спортпен шұғылданғанды жақсы көресіңдер ме? -Секіріп ойнағанды ұнатасыңдар ма? -Дымбілместе жаттығу жасайыншы-дейді. -Сәлеметсің бе , Дымбілмес. -Әрине жақсы көреміз. -Біз секіргеді ұнатамыз. Ұйымдастыру-іздестіру Балалар ол үшін жаттығулар жасап, денемізді шынықтырып алайық. Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары. Бір аяқпен секіру.4 рет. Екі аяқпен секіру. 4рет. Дымбілмес біздің ойынымызды тамашалағысы келеді екен.Бір ойын ойнайық. Балалар «Тышқан мен мысық» ойынын ойнайық. Мақал-мәтел жаттап үйренейік. «Дені саудың-жаны сау» Жаңылтпаш айтайық. Доп деп, Дөп теп. Балалар тәрбиешінің жаттығуларын қайталап жасайды. Бір аяқпен секіреді Екі аяқпен секіреді. Балалар орындарына отырып , екі бала кезекпен шығып екі аяқпен секіріп жарысады. Балалар шеңбер бойымен тұрып, бір бала мысық болады, бір бала тышқан болады. Тышқан шеңбердің сыртынан айналып қашады, ал, мысық болса тышқанды қуып ұстау керек.Кезектесіп , орындарын ауыстырып ойнайды. Балалар қайталап жаттайды. Балалар шатаспай тез айтуға тырысады. Рефлексивті түзетушілік - Балалар бізге қонаққа кім келді? - Сендерге не айтты? - Бүгін қандай жаттығу жасап үйрендік? - Қандай ойын ойнадық? - Дымбілмес балаларға ризашылығын білдіріп, қоштасады. Ойынға белсене қатысқан балаларды мақтау. - Бүгін Дымбілмес қонаққа келді. - Бізбен бірге жаттығу жасағысы келетінін айтты. - Бүгін қос аяқпен секіруді үйрендік. - «Тышқан мен мысық» ойынын ойнадық. -Дымбілмес сау бол. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Балалар жаттығу жасаған кезде бір-бірін итермей, дұрыс тұру керектігі жайлы хабардар болады Нені игереді: Ойынға қызығушылық танытады. Секіреді. Спорт денсаулыққа пайдалы екенін біледі. Нені біледі: Түрлі қимылдар жасауды үйренеді.Қос аяқтап секіре алады. Толтырған: Нуржанова М.Ж. | |
Просмотров: 4406 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|