Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-10-05, 2:06 PM | |
Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта» Бөлімдері: «Қоршаған ортамен таныстыру» Тақырыбы: «Адам-тіршілік иесі» Мақсаты: Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Білімділік: Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне (басы, шашы, қолы мен аяқтары, көздері) қарап ажырата білуге үйрету. Адамдардың ішкі құрылыстары жайлы , сезімдері туралытүсінік беру Дамытушылық: Тілдерін дамыту . Логикалық ойлау қабілетін арттыру. Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Көрнекілік: Адамның дене мүшелерінің, ішкі ағзаларының суреті, плакаттар. Қажетті құралдар: Магнитті тақта. Сөздік жұмыс: Көз, тіл. Билингвалды компоненті: Ағза-организм, адам-человек. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық -қозғаушылық Шаттық шеңбері. 06-04-«Б»№3 Ғажайып сәт: Топқа Дымбілмес келеді. -Мен сендермен дос болып, бірге сурет көргім келеді. «Қайырлы таң!» Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға. Ертемен, ақ пейілмен, «Қайырлы таң!» деймін мен. Балалар Дымбілместі қуана қарсы алады. Ұйымдастыру-іздестіру -Балалар адамдар –тіршілік иесі. Адам табиғатпен тығыз байланысты. Біздің ішкі ағзамызда қандай мүшелер бар екенін біліп, үйренейік. Бізде өкпе бар. Өкпемен дем аламыз. Қане, дем алайық. -Енді жүрегіміз қай тұста орналасқанын байқайық. Жүрек соғу арқылы денемізге қан жібереді. -Адамда ішек-қарын болады.Ішкен тамағымыз қарынға түседі.Тамақ ішпесек әлсіреп кетеміз. -Ауырмау үшін тағы не істеу керек? Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі. Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ. Сергіту сәті: 06-04-«Ә»№42 Суреттер көрсету, әңгімелету. Мақал-мәтел жаттайық. «Адамның жүрген жері-гүлстан» (мағынасын түсіндіру). Балалар орындарында отырып тереңірек дем алып , шығарады. Кеуде тұстың қимылын бақылайды. Балалар қолдарын сол жақ кеуделеріне қойып, жүрек қағысын бақылайды. -Иә, біз тамақ ішпесек қарнымыз ашады, ауырып қаламыз. Жақсы тамақтансақ ауырмай, мықты болып өсеміз. Жылы киіну керек, жаттығулар жасау керек. Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы, қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына , Қиығын сап көзінің. Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің. Балалар мақалды қайталап жаттайды. Рефлексивті түзетушілік -Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді? -Біз не жайында әңгімелеп , үйрендік. -Жүрегіміз қай жақ тұста екен? -Қолымызды кеудемізге қойып бақылайық. -Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек? - Дымбілмеспен қоштасайық. -Бүгін Дымбілмес келді. -Адам-тіршілік иесі екенін әңгімеледік. -Өз денелерінен жүрек, өкпе, қарынның орналасқан жерлерін сыртынан қолмен байқайды. -Деніміз сау болу үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек. -Сау бол Дымбілмес. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Балалар «адамның –тіршілік иесі»екенін; Нені игереді: Адамның табиғатпен тығыз байланысты екенін; Нені біледі : Балалар ішкі ағзалардың қай тұста орналасқанын біледі. Толтырған: Нуржанова М.Ж. | |
Просмотров: 2717 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|