Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-10-05, 2:09 PM | |
Білім беру салалары: «Таным» Бөлімдері: «Қоршаған ортамен таныстыру» Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері». Мақсаты: Балаларды мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Қазақстан Республикасының Әнұранына рәсім жасауды үйрету. Білімділік: Тақпақтар жаттатқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Дамытушылық: 2-3 Сөйлем құрау арқылы әңгіме айтқызу. Тәрбиелік: Өз Отанына, еліне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Елбасы суреті,Қазақстан Республикасының рәміздері, Туы, Елтаңбасы,Ақорда суреттері. Сөздік жұмыс: Отан, Елбасы,Елтаңба,Әнұран. Билингвалдық компоненті: Әнұран-Гимн, Елтаңба-Герб, Астана-Столица. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивация-лық -қозғаушы-лық Шаттық шеңбері 06-04 «Б»№10 «Біз бақытты баламыз» Біз бақытты баламыз, Ақпыз, сары, қарамыз. Тату-тәтті достармыз, Қыл өтпестей арамыз. Ұйымдас-тыру-іздестіру Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастаймыз. -Балалар сендер неге әнұранды орындағанда қолдарыңды жүрек тұсына қойдыңдар? -Әнұранның сөзін жазған: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев, әнін жазған: Ш.Қалдаяқов. Әнұранды орындағанда орындарынан тұрып орындау керек. -Қазақстан Республикасының рәміздері бар суреттер көрсету. Балаларға Елбасының суретін көрсетіп, аты-жөнімен таныстыру. Туымыздың түсі көгілдір. Тудың ортасында шұғылалы күн-баршаға ортақ екенін білдіреді. Қыран құс-ерліктің белгісі. Ою-орнек-қазақтың ұлттық әшекейі. -Балалар Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бейнеленген? -Дұрыс айтасыңдар, шаңырақ күн секілді барлық жерге шуағын шашып тұр. Жұлдыз-бақыт жұлдызы. Қанатты тұлпар- батырлықтың белгісі. Бидай-молшылық пен тоқшылықты білдіреді. -Балалар мына тақпақты жаттап алайық. Ұлттық өрнек мұрамыз, Адастырмас мұраттай. Нық көтеріп тұрамыз, Жалауды біз құлатпай. Балаларды екі топқа бөліп, бірінші топқа «Арайлы-менің Астанам» тақырыбына әңгіме құрату. Екінші топқа күннің суретін салғызу. Сергіту сәті:06-04 «Ә»№1 Мақал-мәтелдер мағынасын түсіндіру: 1.Отан үшін отқа түс –күймейсің, 2.Туған жерге туың тік, 3.Өз елім-өлең төсегім, Әнұранды қолдарын жүрек тұсына қойып орындайды. -Өйткені біз мемлекетімізді жүрегімізбен жақсы көреміз. Балалар қайталап отырады. -Елтаңбада шаңырақ, уықтар, қанатты аттар бейнеленген.Жоғары жағында жұлдыз бейнесі бар. Балалар қайталап жаттайды. Бірінші топтағы балалар астана жайлы әңгімелейді. Екінші топтағы балалар күннің суретін салады. Біз кішкентай баламыз, Өсіп - өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз. Балалар қайталап жаттайды. Рефлексивті-түзетушілік Балалармен бірігіп суреттерді қарау. Мемлекеттік Туымыздың суретіне қарап мағынасын қысқаша әңгімелету. Белсене қатысқан балаларды мақтау. Балалар Туымыздың Әнұранды қайталайды. Балалар білгендерін айтқанға қуанып мақтанады. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Қазақстан Республикасының әнұранымен, Елтаңбасымен танысады. Тәуелсіз мемлекет екенін білетін болады. Нені игереді: Әнұранды қайталайды.Елбасының аты-жөнін айтады. Нені біледі: Балалар мемлекетіміздің рәміздерін құрметтейді. Толтырған: Нуржанова М.Ж. | |
Просмотров: 2148 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|