Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-10-05, 2:13 PM | |
Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу» Тақырыбы: «Қыстық киімдер» Мақсаты: Білімділік: Балаларға киім, киім түрлері туралы түсінік беру. Ұлттық киімдер мен күнделікті киімдерді ажырата білуге үйрету. Дамытушылық : Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешуге үйрету. Ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, тілдерін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік : Балаларды киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу. Көрнекілік : Қыстық киімдер суреттері. Сөздік жұмыс: ұлттық киім. Қостілділік компоненті: Қыс – зима, аяз-мороз. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті Мотивациялық қозғаушы Балаларды тұрғызып шаттық шеңберін ұйымдастыру. Ш.ш:06-04 «Б»№1«Табиғат!» Ғажайып сәт. Қоян келеді. Қоян: Мен даладан келдім, тоңып қалдым.Сендердің қастарыңда отырып жылынып алайыншы. -Балалар қазір қай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар? - Адамдар, біздер қалай киінгенбіз? Табиғатым тамаша, Көз тоймайды қараса. Табиғатты аялап, Жүрейікші жараса. Балалар қоянға қызығушылық танытады. -Қазір қыс мезгілі. -Жылы киінеміз, қалың киімдерді киеміз. Іздену- барлау Тәрбиеші : -Аяз қысып, Өрнек сызып, Терезені торлады., Қар омбығып, Бет домбығып, Балдырғандар ойнады. Кейде ұлып, кейде жұлып, Үйтқып боран соғады. Айтыңдаршы бүлдіршіндер, бұл қай кезде болады? Дидактикалық ойын: «Қуыршақтың үстіндегі киімді ата» -Қуыршақ қай мезгілге сай киінген? Жұмбақ : Адамның сәні, Онсыз жоқ мәні. Ол не? Дид. ойын: «Мынау кімдікі?» Суреттер таратады, суреттегі киімдердің қайсысы ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатынын сұрайды. Сөздік жұмыс: ұлттық киімдермен таныстырады, көрсетеді. Сергіту сәті: 06-04 «Ә»№4 «Жел соғады» Әңгімелесу. «Қыс келді» Балалар қай мезгіл туралы айтылғанын табуға тырысады. - Қуыршақ қыс мезгілге сай киінген. -киім Киімдерді атайды, мысалы: мынау: көйлек, оны жаз мезгілінде киеді, т.б. Ер балаға шалбар, шорты, көйлек Қыз балаға – юбка, көйлек, сарафан, кигізетінін айтады Жел соғады алдымнан, Ағаштарда тербелер, Жел тына қалған сәтте, Ағаштар биік болып көрінеді. Рефлексифті қорытындылау -Бүгін кім қонаққа келді? -Қазір қай жыл мезгілі? -Қыс екенін қайдан білдіңдер? -Қоянға сау бол айтайық. - Бүгін қоян қонаққа келді. -Қазір қыс мезгілі. -Далада қар бар, біз қалың киінеміз. -Сау бол қоян. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Жыл мезгілдеріне байланысты киінуді; әр киімнің аттарын; Нені игереді: киімдер, киім түрлері, ұлттық киімдер туралы мағлұмат Нені біледі: әр мезгілде киетін киімдерді атай білуді, күнделікті киетін киімдер мен ұлттық киімдерді ажыратуды. Толтырған: Нуржанова М.Ж. | |
Просмотров: 2516 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|