Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-10-05, 2:18 PM | |
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімдері: «Сурет салу» Тақырыбы: «Үйрек» Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін тиянақтау. Білімділік: Сары түсті қарындашпен үйректің суретін тегіс, біркелкі етіп бояуға үйрету. Дамытушылық: Пішінін, түсі мен бөліктердің, орналасуын жеткізе отырып қарапайым заттарды, қоршаған ортадағы құбылыстар мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеудің тәсілдерін үйрету.Саусақ маторикаларын дамыту. Тәрбиелік: Үй құстарына сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін тәрбиелеу. Көрнекілік: Үйректің суреті. Қажетті құралдар:Түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, магнитті тақта. Сөздік жұмыс: Үйрек, қаз, күркетауық. Билингвальдік компоненті: Балапан-цыпленок, Қаз-гусь, Үйрек-утка. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивация-лық -қозғаушы-лық Ш.ш: 06-04 «Б»№21 Ғажайып сәт. Топқа торғай келеді. -Балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер жауабын табыңдар: Табаны бейне алақан, Мынау қандай балапан? «Біз бақытты балдырған Қане, қане тұрамыз. Үлкен шеңбер құрамыз. Біз бақытты балдырған Біз көңілді балдырған Ойыншықпен ойнаймыз. Тату-тәтті боламыз. Балалар қуанады. Балалар жұмбақты шешеді. (Үйрек) Ұйымдас-тыру іздестіру -Балалар сендер қандай үй құстарын білесіңдер? -Неліктен біз оларды үй құстары деп атаймыз? -Үй құстарының адамға қандай пайдасы бар? -Қалай қөректенеді? -Қандай құстар суда жүзеді? -Құстардың балапандары қандай түсті болады? -Балапандарды неден қорғау керек? Ал балалар, енді осы үй құстарының дауысын салып көрейікші: Сергіту сәті:06-04 «Ә»№40 «Сағаттың тіліндей» Балалар үстелге келіп алдымыздағы ақ бет қағазға үйректің суретін салайық. -Қарындаштарды ауызға салуға болмайды, бір-бірлеріңе сілтуге болмайды. Қарындаштарды қатты бассақ ренжіп жазбай қояды. -Қазір қызықты ойын ойнаймыз Дидактикалық ойын: «Үй құстары»: Ойын шарты: Тақтаға құстардың суреттерін іліп бір баланың көзін жұмамыз да бір суретті алып тастаймыз. Қай сурет жоқ екенін бала табуы керек. -Тауық, қаз, үйрек, әтеш -Олар үй шаруасында күтіліп өсіріледі. -Оның еті, жұмыртқасы адам ағзасына пайдалы. -Біздің ата-аналарымыз бидай, жем, су, тары береді. -Үйректер мен қаздар -Қара, сары. -Суықтан, судан, мысықтан, иттен. Қаз: Қаңқ-қаңқ. Үйрек: Быт,быт, быт Тауық: Қыт, қыт, қыт Әтеш: Ку-ка-ре-ку Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Сағатқа қарап алып Жаттығу оңай –ақ Балалар үйректің суретін салып бояйды. Балалар қауіпсіздік ережелерімен танысады. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Рефлексив-ті түзетуші- лік -Бүгін бізге кім қонаққа келді? -Сендер ненің суретін салдыңдар? -Торғай сендердің салған суреттеріңе риза болды. -Торғаймен қоштасайық. Балалардың салған суреттерін мадақтау. -Бүгін торғай қонаққа келді. -Үйректің суретін салдық. -Торғай сау бол. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Құстардың түрімен танысады; Нені игереді: Түстарді ажырата алуды; Нені біледі: Қарындаштарды дұрыс ұстап, салынған суреттің ішін бояуды. Толтырған: Нуржанова М.Ж. | |
Просмотров: 2166 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|