Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-10-05, 2:21 PM | |
Білім беру салалары: «Шығармашылық» Бөлімдері: «Сурет салу» Тақырыбы: «Лимондар мен апельсиндер» Мақсаты : Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту. 1.Білімділік: Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету. 2.Дамытушылық: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту. 3.Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Лимондар мен апельсиндер суреті, муляжы. Қажетті құралдар: Түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, магнитті тақта. Сөздік жұмыс: жемістер. Билингвалды компоненті: жемістер-фрукты. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық –қозғаушылық Ш.ш: 06-04 «Б»№3 «Қайырлы таң!» Ғажайып сәт. Есік тарсылы естіледі. Топқа аю келіп, балалармен амандасып, оларға көкөністердің суреттерін алып келеді. Д.О «Бұл қай жеміс?» Аю балаларға лимондар мен апельсиндер суретін салуды ұсынады. «Қайырлы таң!» Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға. Ертемен, ақ пейілмен, «Қайырлы таң!» деймін мен. Балалар таңырқай қарайды. Аюды көріп, балалар қуанады. Оның әкелген суреттерін қарайды. лимондар мен апельсиндерді атайды. Балалар қолдарымен сипап көру арқылы қандай көкөніс екенін анықтайды. Балалар қуана келіседі. Ұйымдастыру-іздестіру -Қарындаштарымызды оң қолымызға ұстап, салынған суреттің ішін тегістеп бояймыз. Қарындаштарды бір-бірлеріңе сілтемеу керек, қатты баспау керек. Жұмыс соңында қолдарыңды сүлгімен сүртуді ұмытпау керек. -Апельсиннің пішіні қандай? -Түсі қандай? -Лимонның пішіні қандай? -Сендер лимонды жеп көрдіңдер ме? -Дәмі қандай екен? -Олай болса лимондар мен апельсиндер суретін салайық, әдемілеп бояйық. Балаларға сары қарындаштар мен ақ парақ таратылып беріледі. Балаларды салған суреттерін бір-біріне көрсетіп мадақтап, тамашалау. Келесі жолы бұдан да жақсы салатынына сендіру. Сергіту сәті: 06-04 Ә№1 «Біз кішкентай баламыз» Жаңылтпаш айтып үйренейік. Пай-пай-пай, Жайылып жүр тай. Ай-ай-ай, Ұшып кетті торғай. Сөздік жұмыс. Тәрбиешінің айтқандарын тыңдап отырады. Қауіпсіздік ережесімен танысады. - Апельсиннің пішіні дөңгелек. -Түсі тоқ сары. -Лимонның пішіні –сопақ. -Лимонды жеп көрдік. -Дәмі ашты. Балалар үлгіге қарап лимондар мен апельсиндер суретін салады. Біз кішкентай баламыз, Өсіп - өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз. Балалар жекелеме айтады. Рефлексивті - түзетушілік -Бізге қонаққа кім келді? -Қандай ұсыныс айтты? Аю балалардың жасаған суреттерін көріп, оларға ризашылығын білдіреді. -Аюмен қоштасайық. -Аю қонаққа келді. - лимондар мен апельсиндер суретін салуды ұсынды. Балалар өз жұмыстарын аюға көрсетеді. -Сау бол аю. Күтілетін нәтиже : Нені білу керек: Жемістердің аттарын; Нені игереді: Пішіндерді, түстерді білуі; Нені біледі: Суреттердің ішін тегіс бояуды, қарындаштарды дұрыс ұстауды. Толтырған: Нуржанова М.Ж. | |
Просмотров: 1787 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|