Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-11-06, 8:45 PM | |
Мектепалды даярлық сынып.Жакиянова Гульжан Қуанышбекқызы Білім беру саласы: Қатынас.Денсаулық Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Күшік пен мысық» (ертегі) Мақсаты: Ертегіні рөлдерге бөліп айтуға,сөздерді буынға бөлуге үйрету, дауыс ырғағын, дауыс көркемділігін дамыту.Балаларды үй жануарларын қорғай білуге тәрбиелеу Көрнекілік: күшік , мысық,ит, марғаудың суреттері Сабақтың барысы І.Мотивациялық-қозғаушылық кезең. ІІ.Жаңа сабақ Балалар бүгін бізге сабаққа күшік пен мысық қонаққа келіпті Екі қонағымызды төрге отырғызайық. Сендер мысық пен күшіктеріңе не бересіңдер,олар қандай тамақ жейді? Мысықтың дауысын кім салып береді? Ал күшігің қандай дыбыс шығарады? Демонстациялық құралмен жұмыс -Балалар , сендер ненің суретін көріп отырсыңдар? Күшіктің анасын алай атаймыз? «Ит» деген сөз неше буыннан тұрады? Ал мысықтың баласын не деп атаймыз? «Марғау» сөзі неше буынға бөлінеді? Енді күшік пен мысыққа ат қойындаршы? /Ақтөс, Мамық/ -«Ақтөс» пен «Мамық» сөздері неше буыннан тұрады? -Қазір «Күшік пен мысық» ертегісін мәнерлеп оқып беремін. Ертегі мазмұны бойынша әңгіме құрастыру. -Балалар , ертегі сендерге ұнады ма? -Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші? -Күшік келе жатып неге долығады? -Қасқыр не дейді? -Күшік не дейді? -Екеуі келе жатып нелерді көреді? -Қасқыр нені жейді? -Тойған қасқыр күшікке не деді? -Іші пысқан күшік неге жолығады? -Мысыққа не деді? -Мысық не дейді? -Күшік жолда нелерді көрді? -Түйеге күшіктің шамасы келеді ме? -Міне , балалар, «әлін білмеген әлек» деген осыдан қалған екен. -Енді осы ертігіні рөлдерге бөліп сахналайық. Сергіту сәті Керіледі мысық, Көзін жаймен қысып. Жүгіреді күшік, Аула ішін кезіп Дидақтикалық ойын «Ертегідегі кейіпкерлерін тауып, олардың жүрісін сал» ІІІ.Рефлексиялық-түзетушілік кезең -Балалар, сендер қандай ертегіні сахналадыңдар? -Ертегідегі кейіпкерлерді атаңдаршы? Күтілген нәтиже: Орындайды: ертегіні сахналап, ертегіні кейіпкерлері атауларын буынға бөлуді. Түсінеді: ертегі мазмұнын, үй жануарларын қорғай білуге. Қолданады: жануарлардың дауыс ырғағын келтіріп, дауыс көркемдігін дамыту, олардың жүрістерін сала білу дағдыларын. | |
Просмотров: 2263 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|