Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-11-16, 12:58 PM | |
ШҚО, Семей қаласы, «Аружан» шағын орталығы, Нуржанова М.Ж. Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта» Бөлімдері: «Экология негіздері» Тақырыбы: «Жануарлар мен құстар» Мақсаты: Білімділік: үй және жабайы жануарларды ажыратуға үйрету. Дамытушылық: жануарлар мен құстардың тіршілігі туралы білуге қызығушылығын арттыру. Тәрбиелік мәні: жануарлар мен ұстарға деген қамқорлыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: Шиқылдайды, қаңқылдайды. Қажетті құралдар: Үнтаспа, тақта, Көрнекілік: жануарлар мен құстардың суреттері. Билингвальді компонент: құстар-птицы, жануар-животное. Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс әрекеті Мотивация-лық қозғаушы-лық Шаттық шеңбері: 06-04 «Б»№6 «Біз қандаймыз!» Біз қандаймыз-қандаймыз. Арайлап атқан таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз. Еш уайымды білмейміз. Ғажайып сәт: Аю келеді.Қолында суреттері бар. - Балалар аю біздің топқа көп құстардың суреттерін алып келіпті. Балалар шаттық шеңберге тұрып өлең жолдарын айтып жылы лебіздерін білдіреді. Балалар аюды қуана қарсы алады. Ұйымдастыру-іздестіру Жұмбақ. Көктемде келеді, Күзде кетеді, Жаздай бақта әндетеді. (Жыл құстары). - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күзде ауа-райы қандай болады? -Күз мезгілінде құстар не істейді? Д.о: «Мекенін тап» Жануарлар суретін тиісті орынға қою керек. Мысалы: балықты-суға. Д.о: «Құстар» Тақтаға танымал құс суретін іліп соған арналған тақпақ айту. Мысалы. Торғай Торғай, торғай, торғайсың, Жақын неге қонбайсың? Жем шашайын тойып ал, Сонда сен де тоңбайсың! - Сендер қандай үй құстарын, үй жануарларын білесіңдер? -Міне мен енді сендерге құстардың, жануарлардың суреттерін көрсетемін. Сендер сипаттама беріңдер. Көрдіңдерме , құстардың пайдасы өте зор екен. Сондықтан құстармен дос болу керек. -Балалар үнтаспадан үй құстарының дауысын естиік. Сергіту сәті: 06-04 «Ә»№6 «Орнымыздан тұрайық» Орнымыздан тұрайық, Қолымызды созайық, Белімізді жазайық, Айналаға қарайы. Отырайық тұрайық, Біз тынығып алайық Сөздік жұмыс: Шиқылдайды, қаңқылдайды. Билингвальді компонент: құстар-птицы, жануар-животное. Құстар туралы тақпақ жаттату. Құстар біздің досымыз. Бау-бақшаны қорғайды. Ұя салып қарсы алсақ. Олар бізді қолдайды. Баллаар жұмбақты шешеді. -Күз мезгілі. -Күзде жаңбыр көп жауады. -Құстар жылы жаққа кетеді. Балалар қызыға ойнайды. Балалар тақпақтар айтады. -Тауық, қаз, әтеш, үйрек, қой, сиыр, жылқы. -Құстардың жұмыртқасын жейміз, мамығынан көрпе, жастық жасайды, етін жейміз. -Ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды. -Құстарда қанат бар, олар ұшады. Екі аяғы бар. -Сиырдың сүтін ішеміз, терісінен аяқ киімдер тігеді. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қымызын ішеміз. Жануарлар тек жүреді, жүгіреді. Балалар таныс дауыстарды айтады. Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды. -Шиқ-шиқ, шиқ-шиқ. -Қаңқ-қаңқ, қаңқ-қаңқ. Балалар қайталайды. Тәрбиеші көмегімен балалар тез жаттап алады. Рефлексивті-түзетушілік - Бүгін кім қонаққа келді? - Құстар тамақты қалай жейді? Аю мен қоштасайық. - Бүгін аю қонаққа келді. - Тұмсықтарымен шоқып жейді. -Сау бол аю. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: құстар мен жануарлардың ерекшеліктерін; Нені игерді: Жабайы және үй жануарларды ажыратуды; Нені біледі: құстар мен жануарларға қамқорлық жасауды. | |
Просмотров: 3152 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|