Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-12-06, 9:14 PM | |
Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімнің аты: Сауат ашу Сабақтың тақырыбы: Н дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты: Н дыбысын сөз құрамына бөліп алу, н дыбысын дұрыс дыбыстау, н әрпін үлгі бойынша жазуға үйрету. Балалардың ұшқыр ойлау қабілетін дамыту. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Балаларды мейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, бекіту, жұмбақ, тыйым сөздер. Сабақтың көрнекіліктері: сурет, кеспе әріптер, қима буындар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог: - Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге Алдар көсе мен Тазша бала қонаққа келіп отыр. Алдар көсе сендерге бірнеше тапсырма ала келіпті. I тапсырма. Бұл ненің суреті? Жауабы: (аттың суреті). - Бұл сөз буынға бөліне ме? Баланың жауабы: бір буынды сөз. II тапсырма. Ana сөзін буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау.Ата сөзіне дыбыстық талдау жасау. Педагог Алдардың келесі тапсырмасын орындайтындарын хабарлайды. Бір бала атайдың қоржынынан хатқалтаны алып ашады. Ішінен тек нанның ғана суреті шығады. Нан сөзін бірнеше рет хормен және бір-екі балаға қайталатқызып айтқызады. Нан сөзіне дыбыстық талдау жасату. Н дыбысының дауыс¬сыз дыбыс екенін түсіндіру. Нандың қасиетті ас екені айтылып, обал, сауап деген сөздерге түсінік беріледі. Төмендегі тыйым сөздермен таныстыру: Нанды бір қолмен үзбе! Нан уағын тастама! 2. Балаларға жұмбақ жасыру. Өзі үлкен жануар, Үстінде бір тауы бар. (Нар) Кірш-кірш етеді, Ішіне кіріп кетеді. (Ине) - Н дыбысы қай жерде түр? Н дыбысына дыбыстық талдау жасап, оның дауыссыз екенін анықтау. Қима әріптерден нан, нар, т.б. сөздерді құрастырту. 3. «Нан құдіреті» ертегісін үнтаспадан тыңдату. 4. Сергіту сәтін өткізу. Нан қоқымын баспаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Тіл ұстарту жаттығуы. На-на-на Ең бақытты ана. 5. Дәптермен жұмыс жүргізу. Сандық, нар, күн суреттері бойынша дыбыстық талдау жасалады. Осы сөздердегі н дыбысының орны түсіндіріледі. Н әрпі мен а әрпін біріктіріп буын, сөз құрастырту, оқыту. Құрастырған сөздерді хормен қайталату. Мысалы: на, ана, нан. А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізу, нан сөзінің бір буыннан тұратындығын түсіндіру. Н дыбысының кіші және бас әріптер таңбасы дәптердегі үзік сызықтарды қосу арқылы жазу жұмысы орындатылады. Балапан, қоян, арыстан сөздеріне дыбыстың талдау жасатылып, ондағы н дыбысының орны ажыратқызылады. Айна, шана, нан сөздері де осылай талданады. 6. балаларға жұмбақ жасыру. Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. (Нан) III. Қорытындылау. — Қандай дыбыспен таныстық? - Н дыбысы дауысты ма, әлде дауыссыз ба? ІY. Оқушыларды мадақтау Балалар белсенділік танытады. Күтілетін нәтиже: Нені біледі: Н н дыбысы, әрпі мен танысады Қандай түсініктерді игерді: Н н дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз ойларын ашық айтуға дағдыланады. | |
Просмотров: 2019 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|