Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-12-10, 6:21 PM | |
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна Алматы облысы Қарасай ауданы "Сандуғаш" балабақшасы Екінші кіші топ Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық», «Қатынас». Бөлімдері: құрастыру, мүсіндеу, көркем әдебиет. Тақырыбы: «Жеміс бағында» Мақсаты: Балаларға «Жеміс бағында» ертегісін үстел-үсті ойыншықтарын пайдалану арқылы драмалап көрсете отырып мазмұнын түсіндіру. Жемістердің бақта өсетіндігін, бақты күтетін адамды бағбан сөзінің мағынасын түсіндіріп тілін дамыту. Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Құрал жабдықтар: Ертегі кейіпкерлеріне байланысты үстел үсті ойыншықтары, ермексаз, жемістердің муляждары, жазық түрдегі бөліктері, тақтайшалар т.б балаларды шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыратын қосымша материалдар. Барысы: Ертеңгілік жиын. Сәлемдесу: Арайлап атты таң, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң достарым. Орталықтарда қандай жұмыстар жүргізетіндіктері туралы әңгімелеу. Балаларға қойылатын сұрақтар: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Күзде ауа-райы қалай өзгереді? - Күзде қандай жеміс-жидектер піседі? - Қандай жемістерді білесіңдер? - Жемістердің суреттерін қарап балалар әңгіме айтады (апам әкелді, тәтті, дәмді,қызыл,сары,көк, салат жасады т.б) - Балалар, кім күз туралы тақпақ біледі? 1-бала: Күнді жақсы көрем де, Жатып өсем көгенде. Қадірімді білерсің Тамсана бір жегенде. 2-бала: Мен алмамын, алмамын Таңдай татар бал дәмім. Мен алмамын, алмамын, Аузындамын бар жарттың. 3-бала: Мен өрікпін, өрікпін Табиғатқа көрікпін Мен өрікпін, өрікпін Бау-бақшаға көрікпін. 4-бала: Жаңа піскен алма талға Көзің тоймас қарасаңдар. Қараңдаршы сары алтындай Жапырақты қайың талға. Оқу орталықтарында жүгізілетін жұмыстар. Балалар өз таңдаулары бойынша 3 орталыққа бөлінеді. Әдебиет, желілі-рольді ойын орталығы «Жеміс бағында» ертегісін оқу. Тәрбиешінің басшылығымен жүргізіледі. Ол ертегіні үстел үсті театры арқылы оқып түсіндіреді. Балаларға сұрақтар: - Балалар, Әділхан қарияның үйіне кім қонаққа келіпті? - Қария немересін қайда алып барады? - Бақта Даулет қандай жемістермен кездесті? - Неге атасы оны кішкентай бағбаным деп атады? «Өнер», орталығы Жемістерді ермексаздан пішіндеу. Мүсінші роліндегі ата-ананың басшылығымен жүргізіледі. Ол балаларға жемістердің муляждарын, саз балшықтан мүсінделген аю, қояндарды көрсетіп мүсіншілер туралы айтып береді. Қазір алманың мүсінін жасйтындықтары туралы айтып , қандай тәсілдерді қолдану арқылы мүсіндеуге болатындығын қөрсетеді. Балалар мүсіндеп болғаннан кейін барлығы алдын-ала дайындалған себетке салады. Себетте жемістердің көп болғандығын айтады. Мүсінші рөліндегі ата-ана балалардың назарын себеттегі жемістерге аударып сендер бір-бірден салысаңдар да алма көп болды дейді. Қолдарын алдарындағы шүберекпен сүрткізіп, саусақтарын жұмғызып –ашқызып жаттығу жасатады. «Таным», «Құрылыс» орталығы Бөліктерге бөлінген жазық пішіндерден жемістерді құрастыру. Тәрбиешінің көмекшісінің басшылығымен өткізіледі. Екінші кіші топ болғандықтан алма, алмұрт, құлпынайдың бөліктері таратылады. Тәрбиешінің көмекшісі балаларға алдымен өзі құрастырып көрсетеді. Түстерін ажырату, формаларын ажырату арқылы балаларды өз бетінше құрастыруға жетелейді. Қоңырау үнімен ортаға жиналады. Балалардан орталықтарда не жасағандықтары туралы сүрайды. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың, Құлпынайы көп екен, Теріп-теріп аламыз, Қалтамызға саламыз. Қ/қ ойыны: Күн, су, ауа. Балалар орталықтармен ауысып жұмыс жасайды. Қоңырау белгісімен ортаға жиналады. Не жасағандары жайлы айтады. - Енді, балалар, бәріміз бірге «Заттың атын тап» ойынын ойнайық. Мына сандықшаның ішіндегі бір затты алып, оның атын, түсін, пішінін айтуға болады. (ойын ойналады) Қорытынды. - Балалар бүгінгі сабақта не білдік? - Жемістер қайда өседі екен? - Бақты күтетін адамды кім дейміз? Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! | |
Просмотров: 1866 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|