Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2014-12-12, 7:15 PM | |
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудпғы стратегиялық міндеттерінің бірі шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай, үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеу деп атап көрсетті. Мектепте қазақ тілін оқытудың мақсаты оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету. Оқушыларға қазақ тілін меңгерту, оқыту, оған қызықтыру көп еңбекті қажет етеді. Осыған орай, мектебімізде қазақ тілінен “Алақай, балақай!” жобасы 2012 жылы қаңтар айынан бастап басталды. Үйірмеге 1-4 бастауыш өзге ұлт өкілдері мен орыс тілінде дәріс алатын оқушылар құрамы қамтылды. Үйірменің алғашқы күніне бастап ұйымдастыру жұмыстарын Байгабулова С.И. Кульмаганбетова Ж.А. Абдугапарова А.К. кітапханашы Бердагулова А.Б. жүргізді. “Алақай, балақай!” жоба мақсаты: Бастауыш орыс сынып оқушыларын танымдық ойындар арқылы тілді меңгерту. Түрлі ойындар оқушылардың белсенділігін арттырып, әрі өтілген тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді. Сондықтан да сабақ барысында ән мен би, ырғақты қозғалыстар қоса орындалатын сергіту сәттері, ойындар мен жарыс сабақтары жиі қолданылды. Ұлттық ойындар арқылы сабақтың танымдық, тәрбиелік маңызын арттырып, балаларды ұлттық салт -дәстүрлермен де таныстыруға мүмкіндік болды. В.А. Сухамлинский « ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды»дейді. Ойында терең мән бар. Сондықтан бала үшін ойын емес, шындық. Осы шындықты балалардың жүзінен көріп, біз бірге ойланып, бірге ойнадық. Біздің жобаның ұраны да: «Біз ойнаймыз, біз күлеміз Қазақ тілін үйренеміз» Жоба барысында оқушылардың бойынан төмендегі қасиеттердің қалыптасқаның көреміз: қазақ тілін оқуға деген қызығушылықтаының артқаны тапсырманы өз бетімен орындай білу қабілеті қалыптасуы күнделікті өмірдегі лексикалық минимумды еркін қолдана алуы 2011-2012 оқу жылында жоба мүшесінің бірі Баетов Тамирлан бастауыш сынып оқушылары арсасында өткен қазақ тілінен пәндік олимпиада I орын және Нұрғали Заура II орынды иеленді. Алда қойған мақсаттар мен күтілетін нәтижеге жеткеніміздің дәлелі реттінде есептік концерт өткізіп, оқушылар алған білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Ағымдағы оқу жылында “Алақай, балақай!” жобасы өз жалғасын таппақ. Биылғы оқу жылында тек 2«б» сыныбымен өткізу жоспарланды. Қорыта келе айтарымыз, қазақ тілін үйретуде нәтижелі болуы үшін ойын тәсілдерін кеңінен қолдану болмақ және сабақты ұйымдастырудағы мұғалімнің шығармашылық ізденісі. | |
Просмотров: 1742 | Загрузок: 0 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|