Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ Скачать с сервера (22.1 Kb) ] | 2015-02-02, 9:37 PM |
Күні: 20.01.2015ж. Білім беру саласы: Таным. Білім беру бөлімі: Құрастыру. Тақырыбы: Мал фермасы. Мақсаты: Балалардың оқу іс әрекетке деген қызығушылықтарын ояту. Қораны құрастыру жолдарын үйрету, ақыл ойын дамыту. Көрнекіліктері: Слайд, түрлі текшелер, жануарлар туралы дамытушылық ойын. Билингвалды компонент: Үй жануарлары домашние животные. Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті Мотивация-лық қозғаушылық Шаттық шеңбері: Білер қазақ баласы, Сәлем сөздің анасы. Көп танысты көреміз, Алдымыздан кезіккен. Бәрінеде ізетпен, Иіліп сәлем береміз. Балалар менің артымнан қайталайды. Ұйымдастырушылық- ізденістік -Балалар мен сендерге бір мақал айтқым келіп тұр: Түйе малдың үлкені, Жылқы малдың үркегі, Сиыр малдың сүттісі, Қой түліктің құттысы. -Сонда бұл мақал не туралы болып тұр? -Дұрыс, осы төрт түлікті біз басқаша қалай айтамыз? -Неге біз оларды үй жануарлары дейміз? -Ал осы үй жануарлардың адамдарға пайдалары бар ма? -Сиырдың қандай пайдасы бар? -Дұрыс. Қой бізге не береді? -Жарайсыңдар. Жылқы не береді? -Жарайсыңдар. Ал түйе не береді? -Өте дұрыс, жарайсыңдар. Ал ешкі не береді? -Көрдіңдер ме балалар, төрт түліктің адамдарға берер пайдасы өте көп, сондықтан біздер малды бағып-қағуымыз керек. Оларға әр қашанда қамқор болып, жемін, шөбін, суын беріп тұруымыз керек. -Жұмбақ шешесіңдер ме? (балаларға әр үй жануарлары туралы жұмбақ жасырамын, олардың дыбысын мен пайдасын айтып көрсетемін). -Сиырдың төлін қалай атаймыз? -Дұрыс. Бұзау туралы кім тақпақ айтады? -Жарайсың Назерке. (Сиырдың суреті мен пайдасын көрсетемін). -(Қой туралы жұмбақ жасырамын). -Қойдың төлін қалай атайды? -Жарайсыңдар, осы қошақан туралы кім тақпақ айтады? -(Қошақанның суреті мен пайдасын көрсетемін). -Өте жақсы балалар. Ал жылқының төлін қалай айтады? Құлыншақ туралы кім тақпақ айтады? -(Жылқының суреті мен пайдасын көрсетемін). -Балалар кім айтады: Түйенің төлін қалай атайды? -Ботақан туралы кім тақпақ айтып береді? -(Түйкнің суреті мен пайдасын көрсетемін) -Ал ешкінің төлін қалай атаймыз? -Дұрыс.Кім лақ туралы тақпақ айтады? -Жақсы.(Лақтың суреті мен пайдасын көрсетемін). Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар, Үп-үлкен боп өседі. Ғажайып сәт: Ой, балалар қараңдаршы аспаннан хат ұшып келді ғой. Ашып оқып көрейік: (хатты оқимын). Балалармен ауыл фермасындағы қораны құрастырамыз. -Жарайсыңдар балалар, ал енді сендер айтыңдаршы, төрт түліктен басқа тағы қандай үй жануарларын білесіңдер? -Дұрыс. Сендер олардың қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? -Ал сендер ойын ойнағыларың келеді ме? Ойын: «Үй жануарларын ажырат және дыбыста» -Төрт түлік мал. -Сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі. -Үй жануарлары. -Себебі, олар адамдармен бірге, олардың қораларында тұрады. -Иә. -Сиыр бізге етін, сүтін береді. -Жүнін, етін береді. -Етін, қазысын береді. -Қымызын береді. -Етін, түбітін береді. -Иә. -Бұзау. -Назерке: Ақ бұзауым ұнайды, «Мө мө» деп сүт сұрайды. Келеді өсіп күн сайын, Тұмсығын созып қарайды. Тілімен мұрнын жалайды. -Қозы, қошақан. -Раджана: Кіп-кішкене момақан, Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам қозым деп, Қошақаным өзің деп. -Құлыншақ. -А.Жансұлу: Құлыншағым құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады. -Ботақан. -Фая: Айналайын ботам, Қандай күлте жотаң. Табандарың жалпақ, Теріп жейсің жантақ. -Лақ. -Ш.Жансұлу: Шөре-шөре лағым, Тентек болма шырағым. Секектеме деміңді ал, Селтеңдемей құлағың. -Балалар қимылмен орындайды. -Ит, мысық, тауық, әтеш, т.б. -Иә. -Иә. Рефлексия- лық- түзетушілік -Сонымен балалар, біздер бүгінгі құрастыру оқу іс-әрекетімізде не туралы айттық? -Біздер үй жануарларына қамқор болуымыз керек пе? -Біздер жаңа оларға көмектесіп, не істедік? -Өте жақсы балалар, жарайсыңдар. Сендер барлығыңызда бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар. -Үй жануарлары туралы. -Иә. -Қора құрастырдық. Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: Үлкен құрылыс материалдарынан мал қорасын құрастыруды білу керек. Нені игерді: Құрылыс материалдарын дұрыс орналастыруды игерді. Нені біледі: Құрылыс материалдарының негізгі бөлщектерін ажырата біледі. | |
Просмотров: 1762 | Загрузок: 47 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|