Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ Скачать с сервера (43.5 Kb) ] | 2015-02-07, 9:37 AM |
«Павлодар қ. № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі» М.М. Математикалық қабілеттерін және логикасын дамыту Тақырыбы: «Марсқа ұшу» Даярлық «А» тобы Тәрбиеші: Смайлова М.К 2015 жыл «Марсқа ұшу» Мақсаты: Балаларды тура, кері санауға жаттықтыру, алған білімдерін бекіту, тапсырмаларды, есептерді дұрыс орындау, сан құрамын үйрету. Логикалық ойлауын, есте сақтауын дамыту. Интерактивтік тақтамен жұмыс жасау. Зейінділікке тәрбиелеу. Құралдар: геометриялық пішіндер, сандар, дидактикалық ойындар. Сөздік жұмыс: зымыран, марс. Әдіс тәсілі: топтық, жартылай, сұрақ-жауап, салыстыру, теңестіру, ойын, Трис әдісі. Іс-әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Ынталандыру. Сезім ояту Шаттық шеңбері: Арайлып таң атты. Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз. Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң балалар. Балалар өлең жолдарын бірге қайталайды. Ұйымдастыру кезеңі. -Балалар, мен сендерді ғарышқа шақырамын. -Топта кім зейінді, кім тапқыр, кім ақылды-білгім келеді. -Ғарышқа немен ұшуға болады? -Ұшуымыз сәтті болу үшін қандай ережелерді еске сақтамыз? а) Тапсырманы дәл орындау. ә) Зейінді қойып тыңдау. б) Қате жібермеу. -Ал, балалар, бірінші тапсырманы орындайық. 1.Тақта бойынша зымыран жасау. (балалар өзі орында пішіндерден зымыран жасайды) 2.Бұл қандай зат? -Балалар,тақтаға қарап есептерді дұрыс шығару арқылы, тығылғын затты табамыз. Сергіту сәті: Оң қолымда, бес саусақ. Сол қолымда бес саусақ. Алақанды ашамыз. Бесті беске қосамыз. Кел санайық, ал мұны. Нешеу болды барлығы. 3. «Санның құрамын тап» Бір бала тақта бойынша, қалғандары өз орындарында, карточкалар арқылы. 4. «Жоғалған әріптер» -Балалар, жоғалған әріптерден сөз құрастырамыз да дыбыстық талдау жасаймыз. -Бір бала тақта бойынша, қалған балалар өз орындарында дыбыстық талдау жасайды. -Ал, балалар, біз тапсырмаларды орындап шықтық, ал енді зымыран ұшуға дайын. Кәне, шлемдеріңді киіңдер, белбеулерінді тағыңдар, зымыран ұшуға дайын. Д/о: Кері санау 10.......1. -Жоғары қараймыз,төмен, оң жаққа, сол жаққа, орнымызды табамыз. -Балалар, не көріп тұрсындар?.... Тапсырмалар: Компьютермен жұмыс. 1.Есеп шығару. 1+4= 7-4= 4+3= 6-3= 5+5= 4-2= 2.Түсіп қалған әріпті қою. Д . Л А Б А Л . Қ Б . Л А М . К Т Е П 3. «Бейне құрастыр» Балаға әр-түрлі пішіндер беріледі. Осы пішіндерден бір бейнені құрастыруға ұсыну (адам, жануар) Ал балалар, қазір бәріміз топқа ораламыз. 1-ден 10-ға дейін тура санаймыз. Сураққа жауап береді. Ережелерді бекітеді Өз орында жұмыс жасайды Есептерді шығарады Өлең жолдарың қайталап, қимыл-қозғалыстарын жасайды Карточка арқылы жұмыс Дыбыстық талдау жасайды Ойынға қатысады Компьютермен жұмыс. Есептерді шығарады Түсіп қалған әріпті табады Пішіндерден бейне құрастырады Тура санайды. Қорытындылау кезеңі Қорыту. Бағалау. Мадақтау. Өзі-өзін бағалайды Кутілетін нәтиже: Өткен сабақтарды, алған білімін пысықтап беру. Білуі тиіс: Сан құрамын ажырату. Түсінігі болуы тиіс: интерактивтік тақтамен жұмыс жасау. | |
Просмотров: 790 | Загрузок: 26 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|