Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық» Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру» Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат» Мақсаты: Логикалық біртінділік түрінде ертегіні жүйелі құру біліктерін бекіту, жабайы аңдардың және үй жануарлардың мінез-құлқын ажырата білуде пиктограмманы қолдану, сөздер мен сөз тіркестерін тіл ішінде белсендендіру.Балалардың есте сақтау,көру, зейіннің тұрақтылығын қалыптастыру, көрнекі әрекеттілік ойлауын дамыту, бейнелер мен таныс символ белгілерін құра білуге үйрету, жануарларға деген жағымды көзқарасқа тәрбиелеу, оларға қамқор болуға үйрету, жануарларды аялауға үйрету Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегі мазмұнын көрнекті құралдарды,интерактивтік тақтамен қолдана отырып, әңгімелеп беруге үйрету. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, көркем суреттер, орман, жабайы аңдардың суреттері, бейнелер мен таныс символдар, пиктограмма, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, «Бауырсақ» - , «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері».
|