Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
2015-04-05, 1:49 PM | |
ШҚО Тарбағатай ауданы КМҚК "Әсем" ясли - бақшасы тәрбиешісі Алимбаева Жанна Данашқызы Екінші сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Айналамен таныстыру Тақырыбы: Жабайы аңдар. Мақсаты: 1. Білімділік: Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету . Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін айту , қоректенуі туралы түсінік беру . 2. Дамытушылық: Жабайы аңдар туралы ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту. 3. Тәрбиелік: Аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекілік: Жабайы аңдардың суреттері , слайд . Әдіс тәсілдері: Ой қозғау, тақпақ , көрсету, түсіндіру, ойын , жұмбақтар . Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет, тіл дамыту Іс-әрекет кезеңдері Мотивациялық қозғаушы ұйымдастырушы Тәрбиешінің әрекеті Ұйымдастыру “Жылулық шеңбері” -Балалар, бүгін біздің оқу іс-әрекетіне қатысуға қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік. -Балалар енді қонақтарға арналған жақсы тілектер айтайық. Ойын : Қояным тұршы . -Жақсы балалар, енді орнымызға отырайық . Ой қозғау : Өткен тақырыптарды қайталау . Біз қандай Республикада тұрамыз ? Біздің Астанамыз қай қала ? Біздің елбасымыз кім ? Қазақстан Республикасының рәмәідерін ата ? Біз қандай ауылда тұрамыз ? Біздің балабақшамыз қалай аталады ? Біздің тобымыздың аты қалай аталады ? Қазір қандай мезгіл ? Көктем айларын атаңдар Балалардың әрекеті Балалар жылулық шеңберіне тұрып қонақтармен сәлемдеседі! Біз кішкентай баламыз . Өсіп - өніп толамыз. Күнге қарай күлімдеп , Көкке қанат қағамыз. Әлемдегі бар адамға , Тек жақсылық тілейміз Балалардың сұрақтарға жауаптары . Іздену – барлау Тәрбиешінің әрекеті Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын : 1 .Қалқиған құлағы бар . Елеңдеп қорқып тұрады . 2. Жазда қыдырады . Қыста тығылады . 3. Бүландаған құйрығы . Бір алдарлық қулығы . Мынау аю . Аюдың төлі қонжық. Мынау қасқыр . Қасқырдың төлі бөлтірік . Мынау қоян . Қоянның төлі көжек. Мынау арыстан . Арыстанның төлі абдан . Мынау түлкі . Түлкінің төлі түлкішек. Сергіту сәті : Ормандағы аюдың . Құлпынайы көп екен . Теріп - теріп алайық , Қалтамызға салайық. Балаларға жабайы аңдардың қоректенуі жайлы айтып , түсіндіру. Балалар сендер жабайы аңдар туралы тақпақ білесіңдер ме ? Балалардың әрекеті Қоян Аю Түлкі Балалар тәрбиешінің әңгімесін зейін қойып мұқият тыңдайды. Тақпақтың мәтініне қарай қимыл жасады . Әлима : Ұзын құлақ сұр қоян . Естіп қалып сыбдырды . Ойлы - қырлы жерлермен , Ытқып - ытқып жүгірді . Айғаным : Түлкі - түлкі түлкішек . Түнде қайда барасың ? Апамның үйіне барамын . Апаң саған не береді ? Ешкі сойып , сүт береді . Оны қайда қоясың ? Тал түбіне қоямын . Ит ішіп кетсе қайтесің ? Жылап - жылап қоямын . Әлихан : Тікірейген құлағы Тыным таппай жүр әлі Елеңдейді сақтықпен , Көзі қандай қырағы Нұрасыл : Аю отыр партада . Екі қолы қалтада . Апай сабақ сұраса , Ұйықтап қалды масқара . Рефлексивті-түзетуші Тәрбиешінің әрекеті Балалар бүгін біз қандай аңдармен таныстық ? Жабайы аңдарды атаңдар ? Ойын : Көлеңке . Балалардың әрекеті Жабайы аңдар . Аю , түлкі , қасқыр , арыстан , қоян . Балалар ойынды қызыға ойнады Күтілетін нәтиже : Нені білу керек : Жабайы аңдарды ажырата алады және олардың төлдерін таныды . Нені игерді : Жабайы аңдар туралы тақпақ айтуды . Нені біледі : Жабайы аңдардың қоректенуін біледі . Сабақ аяқталды. | |
Просмотров: 1486 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|