Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ Скачать с сервера (16.6 Kb) ] | 2015-06-07, 2:06 PM |
Сабақтың тақырыбы: «[Р] дыбысын буында, сөзде және сөйлемде бекіту» Құрастырған: Қостанай қаласы, Затобол ауылы ҚМҚК «Петушок» балалар бақшасының логопед мұғалімі Валеева Ғалия Сағынбайқызы Сабақтың мақсаты: Р дыбысын бекіту 1. Білімділік: -: Р дыбысын буын, сөз ішінде дұрыс, анық айтуға машықтандыру 2. Түзете дамыту: -артикуляциялық аппараттың қозғалуын дамыту; - дұрыс артикуляция қалпы дағдыларын өндеу; - фонетикалық есту қабілетін жетілдіру; - дұрыс тыныс алуын дамыту; - ұсақ моторикасын дамыту; - [Р] дыбысын буында,сөзде және сөйлемде дұрыс анық айтуға үйрету. 3. Тәрбиелік: - Сабаққа деген қызығушылығын жаттықтыру, өз сөзіне бақылауға тәрбиелеу; - тәрбиеленушіні достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Менің оқыитын өлеңіме мұқият назар аударыңдаршы. (Өлеңді мәнерлеп оқып р дыбысына көңіл аударту). Ризамыз оқуға Ретімен тоқуға «Р»-ды айту қиын-ақ Кейбіреулер қорқуда Айтындаршы, қандай дыбысты мен көп қолдандым? ([Р] дыбысын). Дұрыс айтасыңдар, бүгін біз Р дыбысын дұрыс дыбыстаймыз. Артикуляциялық жаттығулар. Енді балалар тілімізді жаттықтырып алайық Мен сендерге бір ертегіні айтып берейін «Көңілді тіл туралы ертегі» Бір күні тіл болыпты. Ертесімен ол серуенге шыққанда бақаны кездестіреді. Бақа сияқты ерінімді құлағымызға қарай созамыз. Жаттығу «Бақа» Бақаға қарап ол әрі қарай кете берді. Бір кезде құлыншақ балаларды мінгізіп келе жатыр екен. Тілде құлыншаққа мініп олармен шауып келді. Жаттығу «Құлыншақ» Құлыншақтан секіріп түсіп алтыбақан тебеді. Жаттығу «Алтыбақан» Алтыбақаннан секіріп түсіп ашулы мысықты көреді. Жаттығу «Ашулы мысық» Бір кезде қатты жел тұрып кетті. Тіл қорқып анасына үйге қарай қашып кетті. Үйде анасы тоқаш тәтті балмен пісіріп қойыпты Жаттығу «Тәтті бал» Тіл енді тәтті балға тойып алып шәй ішкісі келіп кетті. Жаттығу «Кесе» Шәй ішіп енді ұйқысы келді. Ұйықтар алдында тістерімізді тазалай керек. Қане тістерімізді тазалайық. Жаттығу «Тістерімізді тазалайық» «Р дыбысының артикуляциясы» Алдымен ”Р” дыбысының артикуляциясына назар аударайық. - ерін аздап дөңгелентіп тұрады. - жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ келеді - тілдің ұшы қатты таңдайға көтеріледі - тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді. - тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады. - жұмсақ таңдай көтеріңкі жұтқыншақтың артқы қабырғасына жабысып, ауаның мұрын қуысына өту жағын жауып тұрады. - дауыс шымылдықтары қатайып, бір - біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығады. - ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді. Дыбысты айтуын машықтандыру. Ойын « Жануарларға айналамыз ». Бір, екі, үш, жануарларға айланамыз. Итті бейнелеңдер, ол қалай ырылдайды (рррр). Тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады (тр – р – р, тр – р – р). Мысық қалай дауыстайды (мур – р – р – р). Қарғаның баласы қарны ашып анасын дауыстап шақырады (кар – р – р – р). Дыбысқа талдау. Логопед: Р дыбысы дауысты әлде дауыссыз, қандай түспен боялады? Фонематикалық қабылдауын дамыту Ойын «Дыбысты ұста» ([Р] дыбысын естіген кезде шапалақ ұр) а) дыбыстардың қатарымен: Р Р Н Г Р З Р Р Р В Р Д Р Ж М Р Р Р ә) буын қатарымен: РА- ЛО-ПО-РУ-МЫ-ОР-ВА-РА-РЫ-ҚО-РУ-АР б) сөз қатарымен: Алмұрт, Қияр, Қарбыз Радио, ру, рахмет, Райхан, рас, рота, республика Дыбысты буында автоматизациялау Ойын «Қайталанбақ» РА-РО-РУ-РЫ РАРАРА-РАРАРА РО-РУ-РЫ-РА РОРОРО-РОРОРО РУ-РЫ-РА-РО РУРУРУ-РУРУРУ РЫ-РА-РО-РУ РЫРЫРЫ-РЫРЫРЫ Сөйлемді соңымнан дұрыс қайтала. Рамазан мен Рахат ажырамас достар. Рауан мен Руслан бір үйдің балалары. Райхан радио тыңдап отыр. Ойын «Жалғыз және көп» (доппен). Қарбыз – қарбыздар , сиыр -… қар -… қора -… қарындаш -… Раушан -… теледидар-… бор-… ара-… Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық. Қолды белге қояйық. Бір отырып,бір тұрып, Сәл тынығып алайық Дыбыстың талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту. Тапсырмалар: Неше дауысты дыбыс бар? Неше буыннан тұрады? «Р» дыбысының орнын анықтаңдар. Бұл сөз неше дыбыс бар? Р дысы қай жерде орналасқан басында ортасында соңында Ойын«Үйшік». Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз. Бұл қай дыбыс? Дәптерде бар, Кітапта жоқ. Пәтерде бар, Үйде жоқ. «Р» - Біз бүгін сабақта не істедік? Қандай дыбысты дұрыс айтуға үйрендік? Балаларды мақтап, мадақтау. | |
Просмотров: 2130 | Загрузок: 21 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|