Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок |
[ Скачать с сервера (1.13 Mb) ] | 2016-01-12, 1:14 PM |
Тәрбиеші: Армысыздар аяулы аналар! Әкежан:Армысыздар мейірімді әжелер! Әміржан: Армысыздар қызғалдақтай құлпырған қыздар! Тәрбиеші :Ана десем сезім билер тым ыстық, Жарасады адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірімін, Орнар еді бар әлемде тыныштық. Құрметті Әжелер,барша қонақтар 8-наурыз мерекесі құтты болсын! Әкежан: Құрметтейік балалар аналарды Бізді өмірге әкелген даналарды Себебі ана деген асыл жан ғой Ойлауменен істелік әр қадамды. Аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Әміржан: Баурап алар бірақ ауыз сәлемі, Қазақ қызы әдепті де әдемі. Қазақ қызы –ақылына көркі сай, Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі. Құрметті қыздар мерекелеріңіз құтты болсын! Әкежан:Әміржан, білесің бе?Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ. Әміржан:Неге, сиқыршы келе ме? Әкежан: -Жоқ, таппадың. Әміржан:Ә,таптым,таптым.Қайрат Нұртас келетін шығар? Әкежан: -Жоқ Әміржан, бүгін біз сыныбымыздың ең сұлу,ашық жүзді аруын таңдамақпыз.Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Тәрбиеші: Ия, дұрыс айтасыңдар,Құрметті қонақтар бүгін сіздер сыныбымыздағы бүлдіршін қыздардың, асыға күткен «Көктем аруы» сайысын тамашалауға келіп отырсыздар!Көңіл сарайларыңыз ашылсын,күлкілеріңізден інжу маржан шашылсын! Әкежан: Арулар асыл жандар, Шуақ боп шашылғандар-деп отырып,ақ маңдай,ашық жүзді,бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз» Әміржан:–Қарсы алыңыздар! 1.Баяндай қыз білімді, меңгерген бар ілімді 2. Аминаның алдында талай іс тұр , Болашақта жандырар үміт отты 3.Алима қыз өнерлі. Бойға өнер жиған қыз 4.Әсеміміз елегезек. Алады тез тіліңді 5. Дильназдай қыз шығады.Бұрымдары желбіреп 6. Ақша бетті ЕлданаҰқсайды хор қызына 7. Инкарамыз үлбірепҚос жанары мөлдіреп Құттықтау : 8наурыз мерекесі құтты болсын. Сыйлық беру ашықхаттарын тарату Жеребе тарату Қыздарға дайындалуға рұқсат | |
Просмотров: 928 | Загрузок: 11 | |
Форма входа |
---|
Категории раздела | |||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Статистика |
---|